"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    Департамент өз құзыреті шегінде әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жалпы ақпарат

    Департаментөзқұзыретішегіндеәлеуметтікжәнезейнетақыменқамсыздандыру,мүгедектігібарадамдардыәлеуметтікқорғаусалаларындаіскеасыружәнебақылауфункцияларынжүзегеасыратынҚазақстанРеспубликасыЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігініңХалықтыәлеуметтікқорғаусаласындағыреттеужәнебақылаукомитетініңаумақтықбөлімшесіболыптабылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    2026 жылғы 29 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Х.Манабаеваның мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, заңдылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ департамент қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Департамент басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау үшін дербес жауапкершілік көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Департаменттегі мемлекеттік қызметшілердің қатары жаңа кадрлармен толықтырылды.

    Республика күні мерекесі қарсаңында департаменттегі мемлекеттік қызметшілер қатары жаңа кадрлармен толықты. Салтанатты жиында іріктеуден сәтті өткен жас мамандар мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің өміріндегі осы ең маңызды оқиғаның Республика күні мерекесімен тұспа-тұс келуі символдық мәнге ие. Жас қызметкерлер үшін бұл қос мереке одан әрі сапалы жұмыс істеуге ынталандырады деген сенімдеміз.

    28 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған іс-шара өтті

    2026 жылғы 8 қазанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активінің салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында Д епартамент басшысы Манабаева Гүлбақыт Хакимқызы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Гүлбақыт Хакимқызы кәсіптік одақтардың жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, сондай-ақ мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Кәсіподақ қозғалысының қатысушыларына зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі. Іс-шара соңында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан кәсіподақ қозғалысының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

    8 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Еңбек ұжымдарында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жалғасуда

    2026 жылғы 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің мамандары — департамент басшысының орынбасары Е.У. Сүгірова мен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басышысының м.а Л.А. Бубешева — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық басқармасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты өзекті cұрақтар талқыланды. Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

    21 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық есік күні» акциясын өткізу

    2026 жылғы 5 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің мамандары тоқсан сайынғы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Ашық есік күнінде облыс пен Петропавл қаласының тұрғындары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы, мүгедектігі бар адамдар үшін, сондай-ақ халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік мәселесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әлеуметтік мәселелер бойынша барлығы 17 адам жүгінген. Бейнеролик келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.instagram.com/reel/DbscQzZocuG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары 2026 жылдың 10 наурыз айында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Протездік- ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп- тұру құралдарын ұсынуға медициналық- әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мамандарымен семинар өткізді. Семинар барысында техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мекеме дәрігерлері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Практикалық мысалдар негізінде кресло- арбалардың және жүріп- тұруға арналған құралдардың түрлері, сондай-ақ оларды тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер қарастырылды. Семинар белсенді талқылау форматында өтті, мамандар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

    9 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Егер отбасында төрт бала болса, ай сайын республикалық бюджеттен қандай әлеуметтік төлемдер алуға құқығым бар?

    Жауап

    Республикалық бюджеттен төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады және төленеді (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін).

    Сұрақ

    Мүгедек балаларды куәландыру/қайта куәландырудан өту процесін жеңілдету.

    Жауап

    МӘС жүргізуді оңайлату мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру талаптарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мүмкіндігін ескере отырып, қызмет көрсетудің бизнес-процесін өзгерту бөлігінде Министрлікпен 2019 жылы МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді: - мәліметтер ақпараттық жүйеде болған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттар талап етілмейді, өйткені құжаттарды алуға сұрау салу «электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады; - МӘС-ке ұсынылатын құжаттардың тізбесі қысқартылды (міндетті 3 құжат - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), медициналық ұйымнан № 031/е нысандағы МӘС қорытындысы және ауру динамикасын талдау үшін пациенттің медициналық картасы); - МӘС жүргізу нәтижелері бойынша құжаттарды электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталының «жеке кабинетінде» куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде немесе бір реттік парольді пайдалана отырып алуға болады.

    Сұрақ

    Оңалту әлеуеті қалай бағаланады?

    Жауап

    Оңалту әлеуеті былайша бағаланады: 1) жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту); 2) қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау мүмкіндігі, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық; 3) төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы; 4) оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өздігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.

    Сұрақ

    Мүгедектік қашан белгіленбейді?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 3 тараудың 13 бабының 2-2 тармағы бойынша тұрмыс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, еңбек қызметіне (еңбекке қабілеттілікке), оқып үйренуге, бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын қызметіне және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындылары бойынша мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

    Сұрақ

    МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының шығару мерзімдері

    Жауап

    2019 жылдың 12 желтоқсанда өзгерістерімен толықтырулар енгізілген ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңының 2 параграфы 2 тарауының 14 тармағына сәйкес МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы: 1) жүгінген күні; 2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады. Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешіміне шағымдану мерзімі қандай?

    Жауап

    Зерттелетін адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) анықталған лауазымды тұлғаға шағым береді. шағымдануда. Апелляция Қазақстан Республикасының ӘРПК талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ақпарат

    Картограмма коррупции в деятельности территориального департамента

    Картограмма коррупции в деятельности Территориального департамента Комитета регулирования и контроляв сфере социальной защиты населения поСеверо-Казахстанскойобласти

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі туралы

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіХалықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылаукомитетініңСолтүстік Қазақстаноблысы бойынша департаментініңқұрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі туралы

    №1 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіХалықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылаукомитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Жарияланды:
    Қағида

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы № 230

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 маусымда № 32875 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032875

    Жарияланды:
    Қағида

    Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы № 288

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32994 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032994

    Жарияланды:
    Қағида

    Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы № 286

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32992 болып тіркелді. https://adlet.zan.kz/rus/docs/V2300032992

    Жарияланды: