«Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары
    СеминарАяқталды

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары

    2026 жылдың 10 наурыз айында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Протездік- ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп- тұру құралдарын ұсынуға медициналық- әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мамандарымен семинар өткізді.

    Семинар барысында техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мекеме дәрігерлері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Практикалық мысалдар негізінде кресло- арбалардың және жүріп- тұруға арналған құралдардың түрлері, сондай-ақ оларды тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер қарастырылды.

    Семинар белсенді талқылау форматында өтті, мамандар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Еңбек ұжымдарында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жалғасуда

    2026 жылғы 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің мамандары — департамент басшысының орынбасары Е.У. Сүгірова мен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басышысының м.а Л.А. Бубешева — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ме...

    Іс - шараАяқталды

    «Ашық есік күні» акциясын өткізу

    2026 жылғы 5 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің мамандары тоқсан сайынғы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Ашық...