Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары ( бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекіт ілген.
Ымдау тілі маманының қызметтерін жылына алпыс сағаттан асырмай ұсыну Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету мүгедектігі бар адамның толық мемлекет қарамағында болу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Ымдау тілі маманының қызметтерін портал арқылы ұсыну.
«Е-Собес» АЦЖ-да тіркелгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ымдау тілі маманының қызметтер көрсетуіне арналған өтініштер мүгедектігі бар адамның АОЖБ-сының деректері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 168-бабының 2-тармағына сәйкес кезектілік тәртібімен «Е-Собес» АЦЖ-дан порталға беріледі.
АОЖБ деректері жылына алпыс сағат есебінен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтердің көлемін қамтиды.
Ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерінің көлемін «Е-Собес» АЦЖ-дан қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің мамандары порталға ағымдағы жылдың соңына дейін немесе мүгедектік кезеңі аяқталғанға дейін «Іс-шараларды жоспарлау» модулінің деректерін ескере отырып жібереді.
Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік құрылғысына «Е-Собес» АЦЖ-дан порталда ымдау тілі маманы қызметтерін берушіні (бұдан әрі – Өнім беруші) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
Алушы порталда ымдау тілі маманын таңдау кезінде қызмет көрсету форматын таңдайды: көзбе-көз (қызмет көрсету орнында ымдау тілі маманының жеке қатысуы арқылы) немесе қашықтықтан (нақты уақыт режимінде (онлайн) ымдау тілі қызметтерін онлайн ұсынуға мүмкіндік беретін интернет-технологияларды пайдалана отырып).
Өтініш берушінің интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Өтініш беруші өнім берушіні таңдау болмаған кезде АОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушінің абоненттік құрылғысына «Е-Собес» АЦЖ-дан келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
АОЖБ деректерін порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң өтініш берушінің өнім берушіні таңдау функциясына қол жеткізуі тоқтатылады.Өтініш берушіге қолжетімділікті тоқтату себебі көрсетілген смс-хабарлама жіберіледі. Өнім берушіні таңдау функциясына қол жеткізуді қалпына келтіруді өтініш беруші «өнім берушіні таңдауды іске қосу» батырмасын басу арқылы порталдағы жеке кабинет арқылы жүзеге асырады. Өнім берушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан «Е-Собес» АЦЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші «Е-Собес» АЦЖ-дағы кезектілікті ескере отырып, өнім берушіні порталда таңдайды.
Кодекстің 167-бабына сәйкес өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші порталда авторизацияланады http://aleumet.egov.kz, жария шартқа ЭЦҚ арқылы қол қояды.
«Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен (бұдан әрі-өтеу қағидалары) бекітілген нысан бойынша ЭЦҚ-мен қол қойылған кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке бір мезгілде қол қоя отырып, өнім берушіге ымдау тілі маманының қызметін ұсыну тапсырысын рәсімдейді және жібереді.
Өнім беруші тапсырыс түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде порталда қарайды және «пайдаланушының жеке кабинетіне» өнім берушінің ЭЦҚ қойылған ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге тапсырысты қабылдау немесе төмендегі бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарламаны жібереді:
- өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) алып тастауға өтініш берілді;
- маманның (мамандардың) жүктемесі салдарынан қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
- қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмейді;
- бұрын алушыға куәлардың жазбаша айғақтарымен расталатын маманның (мамандардың) атына негізсіз қорлау және адами қадір-қасиетін қорлайтын айыптар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған;
- форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсетудің мүмкін еместігі (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары).
Өнім беруші қызмет көрсетілген күннен бастап порталдағы «өнім берушінің жеке кабинеті» модулінде көрсетілген қызметтерді есепке алу журналында ымдау тілі маманының көрсетілген қызметтерінің уақытын есепке алу үшін жазбалар жүргізеді.
Ымдау тілі маманының қызметін алатын мүгедектігі бар адамды қайта куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші АОЖБ-ны қайта куәландыру (қайта куәландыру) – жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.
«Е-Собес» АЦЖ АОЖБ әлеуметтік оңалту іс-шарасының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Ымдау тілі маманының қызметтері АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне ұсынылады.
Алушы мынадай:
- өнім беруші қызмет көрсетуге уақтылы кіріскен жоқ;
- өнім беруші тиісінше сападағы қызметтерді көрсетпеген және өнім беруші кемшіліктерді белгілеген мерзімде жоймаған;
- өнім берушінің алушыға қатысты дәйексіз мәліметтерді қамтитын немесе қолайсыз нысанда айтылған және алушының ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын, сондай-ақ алушы туралы көрінеу анық емес ақпаратты тарататын бірнеше рет жасаған әрекеттері (сөздері);
- өнім беруші тарапынан менің тарапыма адамның қадір-қасиетін қорлайтын бірнеше рет негізсіз қорлау және айыптау;
- басқа тұрғылықты жерге көшу сияқты бас тарту себептерін көрсете отырып, өзі таңдаған өнім берушіден ымдау тілі маманының қызметтерін одан әрі көрсетуден бас тартады.
Өнім беруші мынадай:
- форсмажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебі бойынша қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
- куәгерлердің жазбаша айғақтарымен расталатын, қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлайтын негізсіз қорлаулар мен айыптаулар;
- қызметтер көрсетуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің күшін жою сияқты бас тарту себептерін көрсете отырып, ымдау тілі маманының қызметтерін одан әрі ұсынудан бас тартады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну тәртібі
Ымдау тілі маманының қызметтерін сатып алу Кодекстің 169-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік қызметтер порталында көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қорытынды:
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну осы қызметтердің қолайлылығын, сапасын және бақылауын арттырады.
Автор:
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну туралы.
Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлегенабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасыныңнегізінде жүзеге асырылады.
Ымдау тілі маманының қызметтері есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарының немесе олардың заңды өкілдерінің ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Ымдау тілі маманының қызметтерін жылына алпыс сағаттан асырмай ұсыну Әлеуметтік қызметтер порталы немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








