МӘС жүргізуді оңайлату мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру талаптарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мүмкіндігін ескере отырып, қызмет көрсетудің бизнес-процесін өзгерту бөлігінде Министрлікпен 2019 жылы МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді:
- мәліметтер ақпараттық жүйеде болған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттар талап етілмейді, өйткені құжаттарды алуға сұрау салу «электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады;
- МӘС-ке ұсынылатын құжаттардың тізбесі қысқартылды (міндетті 3 құжат - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), медициналық ұйымнан № 031/е нысандағы МӘС қорытындысы және ауру динамикасын талдау үшін пациенттің медициналық картасы);
- МӘС жүргізу нәтижелері бойынша құжаттарды электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталының «жеке кабинетінде» куәландырылатын
адамның сұрау салуы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде немесе бір реттік парольді пайдалана отырып алуға болады.