1 / 4
Алматы облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі тұрақты негізде халықты қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, нақты жағдайларына қатысты заңнама нормалары жан-жақты талданады.
Бөлім мамандары азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібін, қажетті құжаттар тізбесін және өтініш беру рәсімдерін түсіндіреді. Әрбір жүгінген тұрғынның сұрағына уақытылы әрі түсінікті жауап беріліп, құқықтарын қорғау жолдары бойынша ұсыныстар айтылады.
Департамент халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң қызметтерін қолжетімді етуге ерекше мән береді. Қабылдау кезінде азаматтар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша білікті заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік алады.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.