Алматы облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Калиев Данияр Ермекович Qonaev Media телеарнасындағы «Сарапшы пікірі» подкаст бағдарламасына қатысып, өзекті құқықтық мәселелер бойынша сарапшылық пікір білдірді.
Бір сағаттық эфир барысында Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін әзірлеу және қабылдау мәселелері, нотариустың атқарушылық жазбасын қолдану тәртібі, сондай-ақ 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап күшіне енген нотариат саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, заңнамадағы жаңашылдықтардың азаматтар мен заңгерлік қызмет көрсететін мамандар үшін маңызы түсіндіріліп, көрермендердің өзекті сұрақтарына жауап берілді.
«Сарапшы пікірі» — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзекті мәселелерді кәсіби тұрғыдан талқылауға және қоғамға пайдалы ақпарат ұсынуға бағытталған мазмұнды жоба.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









