Заң мен тәртіп: әрбір азаматқа тегін заң көмегі.

    1 / 5

    Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында, Алматы облысы Әділет департаментініңҚарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің филиалы,Алматы облысыНотариаттық палатасының өкілдерімен бірлесіп «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.

    Акция барысында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, атқарушылық іс жүргізу, міндеттемелерді орындау, берешекті өндіріп алу, сондай-ақ нотариаттық қызмет мәселелері бойынша консультациялар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, олардың заңды мүдделерін қорғау тәртібін және құқықтық мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

    Құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң талаптарын мүлтіксіз сақтау – «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары