Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.
Құрметті азаматтар! 2026 жылы 24 қараша күні, сағат 10 :00-1 2 : 3 0 аралығында Алматы облысы Әділет департаменті нің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашевтың жеке қабылдауы өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы , Индустриальная көшесі 16/4 , Алматы облысының әкімдігі Байланыс нөмірі: 8 72772 2-27-74, 8 708 307 74 87 . adiletgov.alm.obl Құқықтық мәселелеріңіз бен ұсыныстарыңызды тікелей жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
24 қараша 2026 ж.Тікелей
Алматинская область,г.Қонаев, ул.Индустриальная 16/4, акимат Алматинской области
📢 Құрметті азаматтар! 2026 жылы 25 тамыз күні, сағат 10:00-12:30 аралығында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашевтың жеке қабылдауы өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы , Индустриальная көшесі 16/4 , Алматы облысының әкімдігі Байланыс нөмірі: 8 72772 2-27-74, 8 708 702 95 58. adiletgov.alm.obl Құқықтық мәселелеріңіз бен ұсыныстарыңызды тікелей жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
25 тамыз 2026 ж.Тікелей
Алматинская область, г.Қонаев, ул.Индустриальная 16/4
Құрметті азаматтар! 2026 жылы 25 мамыр күні, сағат 10:00-12:30 аралығында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашевтың жеке қабылдауы өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы , Индустриальная көшесі 16/4 , Алматы облысының әкімдігі Байланыс нөмірі: 8 72772 2-27-74 adiletgov.alm.obl Құқықтық мәселелеріңіз бен ұсыныстарыңызды тікелей жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
25 мамыр 2026 ж.Тікелей
Алматинская область,г.Қонаев, ул.Индустриальная 16/4, акимат Алматинской области
Құрметті азаматтар! 2026 жылы 22 сәуір күні, сағат 08:00-10:00 аралығында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашевтың жеке қабылдауы өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы , Индустриальная көшесі 16/4 , Алматы облысының әкімдігі Байланыс нөмірі: 8 72772 2-27-74 Эл.пошта: adiletgov.alm.obl Құқықтық мәселелеріңіз бен ұсыныстарыңызды тікелей жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
22 сәуір 2026 ж.Тікелей
Алматинская область,г.Қонаев, ул.Индустриальная 16/4, Акимат Алматинской области
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарОсы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары – осы Заңда және саяси,сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндекөзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру ментоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнаулы біліктілік талаптары көзделгенбасқарушылық деңгейдегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдар;2) әкімшілік мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының заңдарында жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік органдарда лауазымдық өкілеттікті орындау жөніндегі өз қызметінтұрақты кәсіптік негізде "А" және "Б" корпустарының әкімшілік мемлекеттіклауазымдарында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;3) әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты – саяси, сайланатын және әкімшілікмемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әкімшілік мемлекеттіклауазымдар жиынтығы;4) басшы мемлекеттік лауазым (бұдан әрі – басшы лауазым) – қарамағындамемлекеттік қызметшілер болатын және олардың қызметін ұйымдастыру өкілеттігіберілген мемлекеттік лауазым;5) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары – саяси, сайланатын жәнеәкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген,мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық,талдамалық, қаржылық-экономикалық және өзге де функционалдық сүйемелдеуді,мемлекеттің функциялары мен міндеттерін тиісті мемлекеттік орган өкілеттігініңшегінде іске асыруды қамтамасыз ететін және "А" корпусының әкімшілік мемлекеттіклауазымдарына жатпайтын әкімшілік мемлекеттік лауазымдар;6) бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенмемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нәтижесі бойынша оған белгіленетінақшалай төлем;7) біліктілік талаптары – мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер ҚазақстанРеспубликасының азаматтарына білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойыншақойылатын талаптар;8) жұмыс орны – мемлекеттік қызметші тұрақты немесе уақытша болатын,құрылымдық тұрғыдан бөлінген және ұйымдастырылған және оның лауазымдықөкілеттікті орындауына арналған, оның ішінде мүгедектігі бар адамның жекемүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған және ұйымдастырылған орын;9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет ардагері – мемлекеттікқызметтегі өтілі кемінде жиырма бес жыл болатын, мінсіз беделі бар, ҚазақстанРеспубликасының сәйкес зейнеткерлік Әлеуметтік кодексіне жасқа толған незейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мемлекеттік қызметте болуы осы Заңға сәйкесұзартылған адам;10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттікқызмет) – мемлекеттік органдарда ақы төленетін мемлекеттік лауазымдарды атқаратынжәне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілерінде көзделген мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктеріне сәйкесмемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардыңөкілеттігін іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратынҚазақстан Республикасы азаматтарының кәсіптік қызметі;11) қызметтік қажеттілік – мемлекеттік органның өкілеттігін үздіксіз және тиімдіорындауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшінің жұмыс сипатын немесекөлемін, еңбек жағдайларын уақытша өзгертуді талап ететін мән-жайлар немесежағдайлар;12) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойыншамемлекеттік органдарда билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын неұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функциялардыорындайтын адам;13) лауазымдық өкiлеттiк – нақты мемлекеттiк лауазымда көзделген, мемлекеттiкқызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрғанмақсаттар мен мiндеттерге сай келетін құқықтар және мiндеттер;14) мемлекеттік қызметтің кадр резерві – қажетті кәсіби және жеке қасиеттерге иеҚазақстан Республикасы азаматтарының кейіннен бос мемлекеттік лауазымдарғаорналасуына, сондай-ақ мемлекеттік органдарды білікті мамандардың қажетті саныменжасақтауға арналған, белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тізбесі;15) мемлекеттiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленгентәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердің қаражатынан не ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкiнің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсызиемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалғанАрнаулы мемлекеттік қордың қаражатынан ақы төленетiн, саяси, сайланатын жәнеәкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттiклауазымды атқаратын және мемлекеттiң функциялары мен мiндеттерiн iске асыружөніндегі лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасыныңазаматы;16) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі (бұдан әрі – қызметтік әдеп) –мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда және Қазақстан Республикасы мемлекеттікқызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген, әдеп қағидаттары мен қызметтік әдепстандарттары көзделетін мінез-құлық қағидалары;17) мемлекеттік қызметшінің құзыреті – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіптікқызметті тиімді орындау үшін қажетті білімнің, машықтар мен дағдылардыңжиынтығы;18) мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы – мемлекеттік лауазымы бойыншажоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оныңтікелей қарамағында болатын адам;19) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)– мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыратын орталықмемлекеттік орган;20) мемлекеттік лауазым – мемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін ҚазақстанРеспубликасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лауазымдық өкілеттікшеңбері жүктелген, сондай-ақ саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттікқызметшілер лауазымдарының тізілімiне енгізілген мемлекеттік органныңқұрылымдық штат бірлігі;21) мемлекеттік орган басшысы – Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген жағдайларда орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының,олардың аумақтық бөлімшелерінің басшысы, жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, тексеру комиссиясының төрағасы,мемлекеттік орган болып табылатын аппараттың басшысы;22) мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісі (бұдан әрі – келісімшарттыққызметші) – түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұлттық жәнеөзге де жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органға осы Заңда көзделгенерекшеліктері бар келісімшарт бойынша тартылған Қазақстан Республикасыныңазаматы;23) мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісінің келісімшарты –мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы оныңқұқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, сондай-ақ еңбек нәтижесімен (сандықжәне (немесе) сапалық көрсеткіштер) өзара байланысты еңбекке ақы төлеужағдайларын, еңбек нәтижесіне (сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер) қолжеткізбегені үшін жауапкершілігін және басқа да жеке жағдайларды белгілейтін еңбекшарты;24) мемлекеттік цифрлық кадр жүйесі – мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттікоргандардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлері туралымәліметтерді жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге және талдауға,персоналды басқару функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасызаңнамасының сақталуын мониторингтеуге арналған мемлекеттік цифрлық жүйе;25) сайланатын мемлекеттік лауазым – Қазақстан Республикасының азаматы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныңсәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау Конституциялық заңына құқығы негізіндежасырын дауыс беру арқылы сайланатын әкім лауазымы;26) сайланған мемлекеттік қызметші – сайланатын мемлекеттік лауазымдыатқаратын Қазақстан Республикасының азаматы;27) саяси мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының Президенті,Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Құрылтайы,Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес өзге де адамдар (органдар) лауазымға тағайындайтын жәнелауазымнан босататын, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және (немесе) іскеасыруға қатысатын және оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге саясижауапты болатын адам;28) төменгі лауазым – "Б" корпусының мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкестөмен тұрған мемлекеттік лауазым болатын әкімшілік мемлекеттік лауазымы;29) уақытша бос мемлекеттік лауазым – мемлекеттік лауазымды атқаратынмемлекеттік қызметшінің іссапарға жіберілуіне, әлеуметтік демалыста не оқудаболуына, лауазымдық өкілеттігін орындаудан уақытша шеттетілуіне, ҚазақстанРеспубликасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өзіне қатысты үйқамақ некүзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қолданылуына, ауруы денсаулықсақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақмерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енген болса, науқастануы салдарынан оныңқатарынан екі айдан астам уақыт жұмыс орнында болмауына байланысты оныңболмауы кезеңіндегі осы бос мемлекеттік лауазым;30) үстемеақы – мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленетін лауазымдық айлықақысынаақшалай қосымша ақы;31) штат кестесі – мемлекеттік органның ұйымдық құрылымын, құрамын жәнемемлекеттік лауазымдарының санын белгілейтін құжат;32) іссапарға жіберу – мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленетін тәртіппен басқа мемлекеттік органда, ҚазақстанРеспубликасының шет елдегі мекемесінде мемлекеттік лауазымды және өзге де ұйымдалауазымды атқаруы.2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыҚазақстан Республикасының негізделеді Конституциясына және ҚазақстанРеспубликасының Еңбек кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге денормативтік құқықтық актілерінен тұрады.2. Осы Заңның күші:1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасыныңконституциялық заңдарында немесе өзге де заңдарында өздері үшін өзге құқықтықмәртебе айқындалған жағдайларды қоспағанда, барлық мемлекеттік қызметшілерге;2) құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретінҚазақстан Республикасының азаматтарына тестілеуден өту және жеке қасиеттерінбағалау бөлігінде;3) құқық қорғау қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті, әскериқызметті, азаматтық қорғау органдарындағы қызметті қоса алғанда, мемлекеттікқызметтің ерекше түрлерінде қызмет өткеретін саяси мемлекеттік қызметшілергеҚазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшеліктермен;4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржыұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның саясимемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгенерекшеліктермен;5) мемлекеттік қызметтің кадр резервінде тұрған Қазақстан Республикасыныңазаматтарына және мемлекеттік қызметке кіруге даярлықтан өтіп жатқан ҚазақстанРеспубликасының азаматтарына осы Заңда реттелген бөлікте;6) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуді жүзегеасыратын адамдарға, сондай-ақ еңбек шарты негізінде мемлекеттік органдардақызметін жүзеге асыратын адамдарға осы Заңда реттелген бөлікте қолданылады.3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері1. Осы Заңның мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесугебайланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.2. Осы Заңның міндеттері:1) мемлекеттік қызметтің мақсатын, оның ерекшеліктерін және мемлекеттік қызметөткеру негіздерін айқындау;2) мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзге деадамдардың мәртебесін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, құқықтық,әлеуметтік және өзге де кепілдіктерін реттеу;3) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтықнегіздерін белгілеу;4) мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудың ұйымдастырушылық негіздерін,Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңсақталуына мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу себептерін мониторингтеуді жәнеталдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау.4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңқағидаттары1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымынадай қағидаттарға негізделеді:1) заңдылық – мемлекеттік қызметшілердің қызметі Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының заңдарына Конституциясына және ҚазақстанРеспубликасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қатаң сәйкестікте,сондай-ақ олар мүлтіксіз сақталған кезде жүзеге асырылады;2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы –адамның және Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілгенқұқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық деп танылады және олармемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуға және қорғалуға тиіс;3) есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік – мемлекеттік қызметшілер қоғамалдында есеп береді, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардыңбақылауында болады, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы менҚазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауғаміндетті және өздерінің қызметтік өкілеттігі шегінде өз шешімдері, әрекеттері немесеәрекетсіздігі үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚазақстанРеспубликасының заңдарында белгіленген шекте жауапты болады;4) мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық – мемлекеттік қызметке кірушарттарына сай болғанда Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттікқызметке қол жеткізуге тең құқық қамтамасыз етіледі;5) рәсімдердің ашықтығы – мемлекеттік қызметке іріктеу және мансаптықілгерілету рәсімдері ашық, объективті болуға және Қазақстан Республикасының барлықазаматы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тиіс;6) меритократия – Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметкеіріктеу олардың кәсіптік құзыреттері, лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы,біліктілік талаптарына сай болуы негізінде жүзеге асырылады;7) формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу – лауазымды адамға жекежәне заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға, оларды шектеуге нетоқтатуға, сондай-ақ формальды негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергікелтірмесе, талаптарды тек қана осындай негіздер бойынша белгілеуге және қоюғабағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады;8) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту үздіксіздігі – мемлекеттікқызметшінің құзыреттерін арттыру және өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттердітиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер тұрақтынегізде оқытудан өтеді;9) құқықтық және әлеуметтік қорғалу – мемлекеттік қызметшілер еңбегіне ақытөлеу кепілдіктерімен, әлеуметтік және өтемақы төлемдерімен, зейнетақыменқамсыздандырылуымен, құқықтық қорғалуымен, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында көзделген материалдық, әлеуметтік және құқықтыққамтамасыз етудің өзге де түрлерімен қамтамасыз етіледі;10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де қағидаттар.5-бап. Мемлекеттік қызмет және оның біртұтастығы1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшінмемлекеттік органдардың келісіп жұмыс істеу мен өзара іс-қимыл жасау тетіктеріменбіріктірілген бірыңғай жүйесін құрайды.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жүйесінің біртұтастығымыналарға негізделеді:1) мемлекеттің унитарлық құрылымы;2) Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясына Республикасыныңзаңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріненегізделген құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесі;3) мемлекеттік органдардың келісіп жұмыс істеуі мен өзара іс-қимыл жасауы,олардың жауапкершілігі мен есеп беруі;4) мемлекеттік органдардың арасындағы құзыреттер мен мемлекеттікқызметшілердің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату;5) лауазымдық орын ауыстыруы кезінде мемлекеттік қызметші мәртебесініңсақталуы;6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерібелгіленбесе, республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен неҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) Қазақстан Республикасыныңзаңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалғанАрнаулы мемлекеттік қордың қаражатынан қаржыландыру жәнематериалдық-техникалық қамтамасыз ету.3. Мемлекеттік қызмет мынадай ерекше қызмет түрлерін де қамтиды:1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкесқұқық қорғау қызметі;2) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердіңмәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет;3) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасынасәйкес арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет;4) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкесазаматтық қорғау органдарындағы қызмет;5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралызаңнамасына сәйкес мемлекеттік фельдъегерлік қызмет.2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКЕРУ6-бап. Мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктері1. Мемлекеттік қызметтің мақсаты және бір уақытта оның миссиясы – ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына жәнеҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкесмемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыру, адамның және ҚазақстанРеспубликасы азаматының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іскеасыруды, сондай-ақ оларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасы менқолжетімділігін қамтамасыз ету.2. Мемлекеттік қызметтің мақсаты мынадай бағыттарды қамтиды:1) Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарының қорғалуын,еңбекті қорғауды, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтіксақтандыру, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегішараларды іске асыруды қамтамасыз ету;2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының сақталуына,ауруларының профилактикасына құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету,медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ұсынылу кепілдіктерінқамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының тиімді, сапалы жәнеқолжетімді дәрілік заттарға қажеттіліктерін қанағаттандыру;3) Қазақстан Республикасы азаматтарының кепілдік берілген, өздері ақы төлемейтінорта білім алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, барлық деңгейде сапалыжәне қолжетімді білім беру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,ғылым мен техниканы дамыту;4) қоршаған ортаны қорғауды, елдің экологиялық қауіпсіздігін, табиғи ресурстардыұтымды пайдалану мен қалпына келтіруді, ормандарды, ерекше қорғалатын табиғиаумақтарды басқаруды және жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды жәнепайдалануды қамтамасыз ету;5) елдің су ресурстарын қорғауды, ұтымды пайдалануды және қалпына келтірудіқамтамасыз ету, халықтың және экономика салаларының суға қажеттіліктерін, суқорының сақталуын және суларды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылуданқорғауды қамтамасыз ету;6) туризмді, бұқаралық және кәсіпқой спортты дамытуды, халықтың барлық тобыүшін спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;7) мәдениетті қолдауды және дамытуды, мемлекеттік және басқа да тілдерді,ақпараттық саланы, қоғамдық институттарды дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақдіни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;8) агроөнеркәсіптік кешенді, аквашаруашылықты, тұқым шаруашылығын, дәндідақылдар мен өсімдіктер карантинін, асыл тұқымды мал шаруашылығын, ветеринариямен ара шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету;9) жер ресурстарын басқаруды, жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды, жерқатынастарын реттеуді, жер кадастрын жүргізуді және жерлердің мониторингін жүзегеасыруды қамтамасыз ету;10) көлік саясатын іске асыруды, Қазақстан Республикасының экономикасы менхалқының тасымалдауға қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету, көліктіккөрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын, сондай-ақ көлікинфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;11) өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін, машина жасауды, құрылысиндустриясын дамытуды, жер қойнауын пайдалануды, сондай-ақ тұрғын үйқатынастары мен коммуналдық шаруашылықты реттеуді қамтамасыз ету;12) халықтың және экономика салаларының энергия мен энергетикалық ресурстарғақажеттіліктерін қанағаттандыруды, мұнай өнімдері мен газ өндірісін, газбенжабдықтауды, электр энергетикасын, жылумен жабдықтауды дамытуды, атомэнергиясын пайдалануды, жаңартылатын энергия көздерін, сондай-ақ уран өндірудідамытуды қамтамасыз ету;13) киберқауіпсіздікті, экономиканың тиімді цифрлық трансформациясын, цифрлықинфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ дербес деректерді, электрондық құжатты жәнеэлектрондық цифрлық қолтаңбаны қорғауды қамтамасыз ету;14) бюджетті жоспарлау мен атқаруды, салықтық әкімшілендіруді, мемлекеттікборышты басқаруды, кеден ісі, мемлекеттік сатып алу саласындағы реттеуді, сондай-ақмемлекеттік мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;15) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу мен жүргізуді, төлем жүйелерініңжұмыс істеуін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырудықамтамасыз ету;16) қаржы жүйесінің тұрақтылығын, қаржы нарығын реттеу мен дамытуды, қаржынарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеуді, сондай-ақ қаржылық көрсетілетінқызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;17) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру менмемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сапасыныңсақталуын бақылауды, сондай-ақ статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттіксаясатты қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету;18) кәсіпкерлікті, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды, табиғи монополиясубъектілерінің қызметін реттеуді, бәсекелестікті қорғауды және монополистікқызметті шектеуді қамтамасыз ету;19) сыртқы сауда қызметін, ішкі сауданы дамыту мен реттеуді, шикізаттық еместауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен ілгерілетуді, сондай-ақтұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;20) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын және сыртқы экономикалыққызметін жүргізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, халықаралық аренадаұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарымен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;21) конституциялық құрылыс негіздерін, мемлекеттік егемендікті, аумақтықтұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует пен қорғаныс әлеуетінқорғауды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасызету, үкіметтік байланысты қолдап отыру және онымен қамтамасыз ету, сондай-ақтерроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау;22) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулымемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауынгерлік және жұмылдырудайындығын, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғауды қамтамасызету;23) күзетілетін адамдардың және күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасызету;24) қоғамдық тәртіпті қорғауды, қылмысқа қарсы күресті, қоғамдық қауіпсіздікті,жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;25) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардыңсалдарының алдын алу мен жоюды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесініңжұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;26) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары менбостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңдымүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді, заңдылықтың бұзылуын, оған ықпалететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау мен жоюдықамтамасыз ету;27) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және іске асыруды,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды жәнетергеп-тексеруді қамтамасыз ету;28) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға),терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратудықаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету;29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де бағыттар.3. Мемлекеттік қызметтің еңбек қызметінің өзге түрлерінен ажыратылатынерекшеліктері:1) мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген қосымша құқықтарды, міндеттерді, жеңілдіктерді, кепілдіктерді жәнешектеулерді көздейтін ерекше құқықтық мәртебесі;2) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың ерекше шарттарымен тәртібі;3) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға, мемлекет пен қоғамныңмүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы менҚазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамның және Қазақстан Республикасыазаматының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды қамтамасыз етугебағытталған лауазымдық өкілеттігін атқаруды қамтитын мемлекеттік қызметшілерқызметінің жария-құқықтық сипаты.7-бап. Мемлекеттік қызметті өткеру негізіМемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік саясатқа бейілділікке, қоғамныңмемлекеттік қызметке сеніміне және мемлекеттік қызметшінің өзі берген антқа адалболуына негізделеді.Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм,кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқықбұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.8-бап. Қазақстандық патриотизмҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасыныңазаматтары жүктелген лауазымдық міндеттерді адал орындаудан, мемлекеттік биліктіңбірден-бір бастауы болатын халыққа қызмет етуден, Қазақстан Республикасыныңконституциялық құрылысының негіздері мен ұлттық мүдделерін қорғауды қамтамасызетуден, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттердіңжолын кесуден көрінетін қазақстандық патриотизм негізінде жүзеге асырады.9-бап. Кәсібилік1. Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі оның білімімен, лауазымдық міндеттердітиісінше атқару үшін қажетті құзыреттерінің болуымен, біліктілік талаптарындабелгіленген жағдайда жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді атқарутиімділігімен айқындалады.2. Лауазымдық міндеттерді атқару тиімділігі Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мақсаттарға,мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігінің көрсеткіштеріне, оның ішіндеҚазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарындакөзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді, лауазымдық міндеттерді, жоғары тұрғанмемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары мен актілерінуақтылы және тиісінше орындауды қамтиды.3. Мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер кандидаттың біліктілігі менқұзыреттері нақты мемлекеттік лауазымға қойылатын біліктілік талаптарынасәйкестігімен расталады.4. Лауазымдық міндеттерді атқару тиімділігін бағалау осы Заңға және ҚазақстанРеспубликасы Президентінің актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.10-бап. Клиентке бағдарлану1. Клиентке бағдарлану мемлекеттік қызметшінің қызметін ұйымдастыруға жәнелауазымдық мінез-құлқына қойылатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардыңқұқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып, олармен тиімдіөзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған талаптаржиынтығын қамтиды.2. Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгенмерзімде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға және өзініңлауазымдық өкілеттігі шегінде оларға толық әрі жан-жақты жауап ұсынуға міндетті.3. Мемлекеттік қызметші жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды, оның ішінде:1) егер олардың құқықтары туындаған кезді айқындау мүмкін болса және оныңкелісімі болғанда, олардың жолданымынсыз;2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзара байланысты бірнеше құқығын біруақытта іске асыруды қамтамасыз ету мүмкін болған жағдайда, бір жолданым негізінде;3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жекетұлғалардың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғалардың орналасқан жерінеқарамастан;4) өтініш берушіге жолданымда және қоса берілген құжаттарда жол берілгенқателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді жою, сондай-ақ жеткіліксізқұжаттарды не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну ҚазақстанРеспубликасының нормативтік құқықтық актісінде көзделген болса, оларды ұсынумүмкіндігін беру арқылы жолданымды формальды негіздер бойынша қараудан бастартуға жол бермей қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органның қызметінұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.4. Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мақсатындамемлекеттік қызметші мемлекеттік органның қызметін үздіксіз жетілдіру, оның ішінде:1) мемлекеттік функцияларды атқару мерзімдері мен кезеңдерін, сұратылатынқұжаттардың көлемін қысқартуды қоса алғанда, оларды оңтайландыру жәнеавтоматтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;2) төрешілдік және сөзбұйдалық көріністеріне ықпал ететін себептер менжағдайларды, оның ішінде мемлекеттік функцияларды тиімді атқаруға және (немесе)жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік, цифрлық және құқықтықкедергілерді, артық және қайталанатын талаптарды айқындау және жою шараларынқабылдайды.5. Мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануы оның лауазымдық өкілеттігінжүзеге асыруы кезінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету, ҚазақстанРеспубликасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, цифрлық жүйелердіқалыптастыру және дамыту кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген өзге де жағдайларда қамтамасыз етіледі.Мемлекеттік қызметші жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимылжасаған кезде өздерінің лауазымдық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес клиентке бағдарлануды көрсетеді.11-бап. Ашықтық1. Мемлекеттік қызметші қызметінің ашықтығы Қазақстан Республикасының, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Конституциясында РеспубликасыныңЗаңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілерінде белгіленген тәртіппен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді қамтиды.Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметші мемлекеттіклауазымға жүктелген лауазымдық өкілеттік шегінде өз қызметінің ашықтығынқамтамасыз етеді.2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыру кезінде формальдынегіздер бойынша бас тартуды қоса алғанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаларғаақпарат беруден негізсіз бас тартуға, ақпарат беруді негізсіз кідіртуге, сондай-ақ анықемес және (немесе) толық емес ақпарат берілуіне жол беруге құқығы жоқ.Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақпарат беруден бас тарту ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделген жағдайларда және негіздерде жүзеге асырылады.Егер сұрау салулар мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттігін жүзегеасырумен немесе жария сөз сөйлеудің және (немесе) қоғамдық іс-шараның күн тәртібітақырыбына байланысты болмаса, әдепсіз немесе қорлау сипатындағы мәселелердіқамтыса не оның жеке өмірін қозғаса, осындай сұрау салулар бойынша ақпарат беруденбас тартуға құқылы.3. Анонимді жолданымдарда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстыққұқық бұзушылықтар не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер жөніндемәліметтер қамтылған, құзыретіне сәйкес оларды қарауға уәкілетті мемлекеттікоргандарға дереу қайта жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшіоларды қарамауға құқылы.12-бап. Әдептілік, мінсіз бедел1. Мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтауға, мінсіз беделді ұстануға,жағымсыз қоғамдық резонанс туғызуға немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретінәрекеттер мен мінез-құлықтан тартынуға міндетті.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін ҚазақстанРеспубликасының Президенті бекітеді.Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптікжауаптылыққа, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға дейін алып келеді.2. Мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адамныңмінсіз беделі мемлекеттік қызметке кіруге және оны өткеруге кедергі келтіретінмән-жайлардың болмауына байланысты жеке, әдептік және кәсіби қасиеттержиынтығын қамтиды.Мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адаммемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіздер не мемлекеттік қызметке кіркелтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшіналынбаған тәртіптік жазасы болған кезде мінсіз беделі бар адам болып саналмайды.13-бап. Құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік1. Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚазақстанРеспубликасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтікқұқықтық актілерін сақтауға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар құқықтарының,бостандықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақлауазымдық өкілеттігін атқаруы кезінде өзіне мәлім болған құқық бұзушылықфактілері туралы хабарлауға міндетті.Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға және "Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделгеншараларды қабылдауға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемкөрсететін (көрсеткен) мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес мемлекет кепілдік беретін қорғау шаралары ұсынылады.Анонимдік айыптау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге сыбайласжемқорлық жасады деп жариялы түрде айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауанықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шаралардықабылдауға және (немесе) оны сот тәртібімен даулауға міндетті.Мемлекеттік орган басшылығы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік он күнішінде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, оныосындай бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайлары туралы өтініш бойынша, оныңішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілеттіоргандарға жолданымдар жіберу арқылы шаралар қабылдауға міндетті.2. Мемлекеттік қызметшіге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысы болса, лауазымдықөкілеттікті жүзеге асыруға тыйым салынады.Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу "Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппенжүзеге асырылады.14-бап. Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулер1. Мемлекеттік қызметшіге, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адамға:1) өкілді органның депутаты болуға;2) өзі қызмет ететін мемлекеттік органда не осы мемлекеттік органға тікелейбағынысты немесе оның бақылауындағы ұйымда үшінші тұлғалардың істері бойыншаөкіл болуға;3) өзінің қызмет бабындағы жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық жәнеақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлікті және қызметтікақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;4) ереуілді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне жәнелауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;5) лауазымдық өкілеттігін атқаруына байланысты жеке және (немесе) заңдытұлғалардың көрсетілетін қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға;6) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен, резервтегі әскери қызметтіөткеруден бөлек, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға тыйым салынады.Сайлауды дайындау және өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелеріболатын мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысына, мереке және демалыскүндеріндегі жұмысына, түнгі уақытындағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізугебөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады;7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттеріболатын не осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшінқажет болатын не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну немесе тұрғын үй-құрылыскооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болатын жағдайларды қоспағанда,коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;8) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;9) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды,коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпысанының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуды және (немесе)өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.2. Мемлекеттік қызметшіге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының сәйкес жақын туыстарымен, Заңына жұбайларымен (зайыптарымен) немесе жекжаттарымен бірге мемлекеттік қызмет (жұмыс) істеуіне жолберілмейді.3. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді.Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттігін атқару кезінде ҚазақстанРеспубликасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, діни және қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының шешімдерінебайланысты болмайды.Мемлекеттік қызметші олардың қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және оның орынбасарлары,қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегіуәкілетті органның Төрағасы және оның орынбасарлары:1) көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күннен бастап күнтізбелікотыз күн ішінде инвестициялық қорлардың өздеріне тиесілі пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге жәнесенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін жұмыс орныбойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынуға міндетті;2) инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялықұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.5. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымғаорналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесіліақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларыныңпайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретінакциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды),цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда,өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқығымен тиесілі, пайдаланылуыкіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлікбасқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқаруқызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариаткуәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.Мемлекеттік қызметке кірген кезде шаруашылық немесе фермерлік қожалықмүшесі не дара кәсіпкер мемлекеттік лауазымға орналасқан күннен бастап алты айданаспайтын мерзімде кәсіпкерлік қызметін тоқтату және (немесе) мүлкін иеліктен шығарушараларын қабылдауға міндетті. Көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғанға дейін олкәсіпкерлік қызметпен айналысуға және өзіне тиесілі мүлкін басқаруға қатысуғақұқылы емес. Қызметті тоқтату және (немесе) мүлікті иеліктен шығару персоналдыбасқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынылатын құжаттармен расталады.Осы тармақта көрсетілген шараларды қабылдамау мемлекеттік лауазымнаншығаруға алып келеді.6. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адам сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен түсетін кірісті алуға құқығыбар.Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адам өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай жалға беруден кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруғаберілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.7. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттердіуақытша атқаратын адамдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін уәкілеттіорган айқындайды.8. Мемлекеттік қызметші, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттердіуақытша атқаратын адам мемлекеттік лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелікотыз күн ішінде өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан "Ойынбизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өзбетінше шектеуге міндетті.9. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адам қабылдайтын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулержәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда, "Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және ҚазақстанРеспубликасының өзге де заңдарында белгіленеді.3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ15-бап. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі1. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі осы Заңда және Қазақстан Республикасыныңөзге де заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланыстышектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшініңжалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін қамтиды.Мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу ҚазақстанРеспубликасының заңдарында белгіленген қосымша құқықтармен және кепілдіктерменөтеледі.2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттіклауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап мемлекеттік қызметшімәртебесіне ие болады және мемлекеттік қызметі тоқтатқан кезден бастап оданайырылады.16-бап. Мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтарыМемлекеттік қызметшінің:1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасыныңзаңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтікқорғалуға;3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кепілдіктер менөтемақыларға;4) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қамсыздандырудың өзге детүрлеріне;5) жеке қадір-қасиетінің құрметтелуіне, өзіне мемлекеттік қызметшілердің жәнежеке тұлғалардың әділ әрі құрметпен қарауына;6) еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмысістеу үшін қажетті еңбек жағдайларына;7) өзінің тікелей басшысынан өзі атқарып отырған мемлекеттік лауазымына сәйкесміндеттерді және лауазымдық өкілеттік көлемін дәл айқындап беруді талап етуге;8) лауазымдық өкілеттігін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдардыбелгіленген тәртіппен алуға;9) өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойыншашешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті лауазымды адамдардың, жеке және заңдытұлғалардың оларды орындауын талап етуге;10) өзінің лауазымдық өкілеттігін атқару үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарғабаруға;11) өзінің мемлекеттік қызметті өткеруіне қатысты материалдармен кедергісізтанысуға және қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер беруге;12) мемлекеттік қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтіктергеп-тексеру жүргізуді талап етуге;13) жұмыс тиімділігіне, кәсіптік тәжірибесіне және Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген өзге де негіздерге байланысты ынталандыруға және еңбегінеақы төлеуге;14) егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерібелгіленбесе, тиісті бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініңқаражаты есебінен даярлануға, қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;15) лауазымдық орын ауыстыруға және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілеуге;16) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен өзеркімен шығуға;17) жасанды интеллект технологияларына негізделген цифрлық жүйелердіҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығыбар.Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары осы Заңда және ҚазақстанРеспубликасының өзге де заңдарында белгіленеді.17-бап. Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттеріМемлекеттік қызметші:1) Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясын Республикасыныңзаңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінсақтауға;2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант қабылдауғажәне оны сақтауға;3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар меншектеулерді сақтауға;4) қызметтік тәртіпті сақтауға;5) өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді адал және кәсіби тұрғыдан орындауға;6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте өз қызметініңашықтығын қамтамасыз етуге;7) осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленгенқызметтік әдепті, мінсіз беделге қойылатын талаптарды сақтауға;8) өз қызметін клиентке бағдарлану негізінде жүзеге асыруға;9) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі шаралардықабылдауға;10) құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, қарамағындағы мемлекеттікқызметшілер мен қарамағындағы өзге де адамдар тарапынан жасалатын сыбайласжемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға;11) өздерінің лауазымдық өкілеттігі шегінде шығарған мемлекеттік органдарбасшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдар менлауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқамаларын орындауға;12) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың жолданымдарынқарауға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жәнемерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;13) мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарыменқорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін,Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт ішінде сақтауға;14) лауазымдық өкілеттігін атқару кезінде алатын, адамның және азаматтың жекеөмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге, ҚазақстанРеспубликасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндайақпарат беруді талап етпеуге;15) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылғанмемлекеттік меншікті қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;16) мемлекеттік органның цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезіндекиберқауіпсіздікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге;17) мемлекеттік қызметтің имиджі мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жария сөзсөйлеуге жол бермеуге міндетті.Мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері осы Заңда және ҚазақстанРеспубликасының өзге де заңдарында белгіленеді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тарау 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУГЕ ДАЯРЛАУ18-бап. Мемлекеттік қызметке кіруге даярлау1. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке кіруге даярлауҚазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруі мен оны өткеруіүшін қажетті кәсіптік және жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру жәнеоқу-тәрбие іс-шаралары кешенін қамтиды және:1) ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасуға даярлауды;2) басшы лауазымдарға орналасуға даярлауды көздейді.2. Мемлекеттік қызметке кіруге даярлау үшін Қазақстан Республикасыныңазаматтарын іріктеу, мемлекеттік қызметке кіруге даярлауды ұйымдастыру және оданөту тәртібі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметке кіруге даярлауқағидаларында айқындалады.3. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлықтан не басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлықтан өтіп жатқан ҚазақстанРеспубликасының азаматымен оқыту шарты жасалады, онда даярлық аяқталғаннанкейін жұмыспен өтеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негізболатын фактілерге жол бермеу жөніндегі міндеттемелер көзделеді.Оқыту шартының нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібібілім беру ұйымдары бекіткен оқуға қабылдау қағидаларында айқындалады.Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдармен оқыту шарты жасалған жағдайда,ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесеқамқоршыларының келісімі қажет.4. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органмен келісубойынша ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жәнеоқыту шартында белгіленген тәртіппен оқу аяқталған күннен бастап үш жыл ішіндемемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті.5. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған ҚазақстанРеспубликасының азаматы оқу аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде мемлекеттікқызметке кіруге даярлау қағидаларында айқындалатын және оқыту шартындабелгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті.6. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлықты, басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған ҚазақстанРеспубликасының азаматы оқуға арналған бюджет қаражаты есебінен жұмсалғаншығыстарды жұмыспен өтеу міндеттемелерін орындамаған кезде, оның ішіндемемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылатын фактілердіңболуына байланысты нақты жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес өтеуге міндетті.Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлықты аяқтаған адамдар үшін жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелерді тоқтататұру және мерзімінен бұрын тоқтату негіздері, тәртібі Қазақстан Республикасыныңбілім саласындағы заңнамасында айқындалады.Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған ҚазақстанРеспубликасының азаматтары үшін жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелерді тоқтататұру және мерзімінен бұрын тоқтату негіздері, тәртібі мемлекеттік қызметке кіругедаярлау қағидаларында айқындалады.19-бап. Төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлау1. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлаулауазымдық міндеттерді тиімді атқаруға қажетті, мемлекеттік қызметшілердің кәсіптікқұзыреттері мен дағдыларын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметте қазақстандықпатриотизмді нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және қызметтік әдептісақтауға бағытталған оқытуды көздейді.2. Білім беру гранты шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандардаярлаудың басым бағыттарының тізбесін уәкілетті орган ғылым және жоғары білімсаласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кадрларға қажеттілікті көздейтінстратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын қалыптастырады.Білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкесдаярлаудың өзге де бағыттары бойынша бөлінуі мүмкін.3. Қазақстан Республикасының азаматы ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгілауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам мәртебесіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бакалавриатбағдарламасы бойынша оқуға қабылданған күннен бастап ие болады және онымемлекеттік қызметке кіруге даярлау қағидаларына сәйкес оқу аяқталған немесетоқтатылған күннен бастап жоғалтады.Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабы 2-тармағы біріншібөлігінің , , , , , , , , , 1) 4) 5) 6) 7) 8) 9) 10) 11) 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19)тармақшаларында көзделген жағдайларда ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгілауазымдарға орналасу үшін даярлауға жіберілмейді.4. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлыққа қатысатын адам оқу кезеңінде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бастартуға негіз болатын фактілерге жол бермеу туралы міндеттемелерді қабылдайды.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау ҚазақстанРеспубликасының білім саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оқудытоқтатуға және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруұйымынан шығаруға алып келеді.5. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшіндаярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматы оқу аяқталған күннен бастапекі жыл ішінде, мемлекеттік қызметке кіруге даярлау қағидаларында айқындалатынтәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша конкурсөткізілмей, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда төменгілауазымға орналаса алады.20-бап. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау1. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысынегізінде магистратура бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы білім беру ұйымдарында оқытуды көздейді.2. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлау шеңберінде ерте кәсіптік бағдарлаушеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған және даярлықаяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелердіорындаған Қазақстан Республикасының азаматы оқуға қабылдануы мүмкін.Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлауғажіберілмейді.3. Қазақстан Республикасының азаматы басшы лауазымдарға орналасу үшіндаярлыққа қатысатын адам мәртебесіне оқуға қабылданған күннен бастап ие боладыжәне оны оқу аяқталған не тоқтатылған күннен бастап мемлекеттік қызметке кіругедаярлау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалтады.4. Басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам оқыту кезеңіндеқызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негізболатын фактілерге жол бермеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау оқудытоқтатуға және бюджет қаражаты есебінен оқуға жұмсалған шығыстарды өтеуге алыпкеледі.5. Осы баптың 2-тармағында аталған, басшы лауазымдарға орналасу үшіндаярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматы, сайланатын мемлекеттіклауазымдарды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орталықмемлекеттік органдарда және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушыоргандарда басшы лауазымға орналаса алады.5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ21-бап. Мемлекеттік қызметке кіру шарттары1. Мемлекеттік қызметке мінсіз беделі бар, біліктілік талаптарына сай болатын,өздерінің жеке және кәсіби қасиеттері, білім деңгейі бойынша өздеріне жүктелгенлауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті, сондай-ақ Қазақстан РеспубликасыныңӘлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған ҚазақстанРеспубликасының азаматтары қабылданады.Мемлекеттік қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттікқызметте болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсышектеулерді қабылдайды.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жасына байланысты шектеулауазымдық өкілеттік мерзімдері Қазақстан Республикасының Конституциясы менҚазақстан Республикасының заңдарында айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарғақолданылмайды.Осы бапта көзделмеген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасыныңбелгіленген зейнеткерлік жасқа Әлеуметтік кодексінде толған ҚазақстанРеспубликасының азаматын саяси мемлекеттік лауазымға Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті ғана тағайындауы мүмкін.Әскери лауазымдарға және құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттікоргандардың және азаматтық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткерҚазақстан Республикасының азаматтарына жасына байланысты қойылатын шектеуҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.2. Мемлекеттік қызметке:1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, одан айырылу не шығусалдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған:2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарғақатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа толмаған;3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілеріне сәйкес біліктілік талаптарына сай келмейтін;4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;5) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалықденсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған нелауазымдық өкілеттігін орындауға кедергі келтіретін аурулардың тізбесіне, сондай-ақмемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін денсаулық жағдайына қойылатын, денсаулықсақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін талаптарға сәйкес медициналықмекеменің қорытындысы негізінде лауазымдық өкілеттігін орындауға кедергікелтіретін ауруы бар;6) осы Заңда, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарындабелгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына қарай Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;8) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарға орналасу құқығынанайырған;9) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кіркелтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған, сондай-ақмемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшінжұмыстан шығарылған;10) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғауоргандарындағы қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен теріс себептерменшығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судьяның өкілеттігін тоқтатқан ҚазақстанРеспубликасының азаматы қабылданбайды.Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасыжөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздыққа байланысты атқаратын лауазымынасай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауынабайланысты жұмыстан шығарылған адамға қолданылмайды;ЗҚАИ-ның ескертпесі!11) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.11) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде атқаратын лауазымынаншығарылған немесе босатылған, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматышығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты "Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесөкілеттігін тоқтатқан;12) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде сенімнен айырылуынабайланысты саяси мемлекеттік лауазымнан шығарылған;13) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқақабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққатартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жылiшiнде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оғанәкiмшiлiк жаза қолданылған;14) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылықжасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттікқызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшінқылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабыныңнегізінде босатылған;15) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмысжасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттікқызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшінқылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабыныңнегізінде босатылған;16) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташақылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесемемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмысжасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық-процестік кодексінің бірінші бөлігі 3), 4), 35-бабы 9), 10) және 12)тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған (бұл ретте жеке адамға,отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне,конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншікке,коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздікпен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызметмүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне жәнежазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташақылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташақылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстықжауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабыбірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізіндебосатылған Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкеқабылданбайды);17) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;18) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесеқылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабыныңнегізінде босатылған;19) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда,Қазақстан Республикасының азаматы қабылданбайды.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуымемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.3. Басшы лауазымға орналасу үшін осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 9), 10),11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген шектеулердің мерзімі үшжылға ұлғайтылады.4. Сайланатын мемлекеттік лауазымға орналасу үшін Қазақстан Республикасыныңазаматтары осы Заңның, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚазақстанРеспубликасы Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан РеспубликасыЗаңының талаптарына сай болуға тиіс.5. Қазақстан Республикасының азаматтарын құқық қорғау қызметіне, әскериқызметке, азаматтық қорғау органдарындағы қызметке, мемлекеттік фельдъегерлікқызметке, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қабылдаудағы шектеулерҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.6. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсынбаунемесе қасақана бұрмалау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға, мемлекеттікқызметті тоқтатуға негіз болады.7. Мемлекеттік қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары менолардың жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының салық заңнамасындабелгіленген тәртіппен және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының белгіленген мерзімде Заңында активтер менміндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.Мемлекеттік қызметке кірген Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардыңжұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленгентәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кірістероргандарына ұсынуға міндетті.8. Мыналарды:1) құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау органдарының білім беруұйымдарына оқуға түсетін;2) қатардағы және кіші басшы құрамдардың лауазымдарына алғашқы кәсіптікдаярлауға түсетін;3) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармағында, 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделгенадамдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарындағы және азаматтық қорғауоргандарындағы қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілеттіорганда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретінҚазақстан Республикасының азаматтарын тестілеу тәртібі мен бағдарламаларын құқыққорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісубойынша уәкілетті орган айқындайды.22-бап. Арнайы тексеру1. Осы баптың 2 және 5-тармақтарында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттікқызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оғанқайтадан кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары осы Заңға және ҚазақстанРеспубликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкесмемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ҚазақстанРеспубликасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін міндетті арнайы тексерудіңоң нәтижелерін алуы қажет.Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттікқызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін Қазақстан Республикасыныңазаматтарын лауазымға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардыңқұжаттарын міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ұлттыққауіпсіздік органдарына жібереді.2. Мемлекеттік қызметші лауазымдық орын ауыстыруы кезінде басқа мемлекеттіклауазымға орналасқан жағдайда, ол мемлекеттік қызметке қайта кірген болыпесептелмейді.3. Мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды міндетті арнайы тексеру үш ай ішіндежүргізіледі.Сайланатын мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды арнайы тексеру ҚазақстанРеспубликасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскенкүннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.4. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын не ҚазақстанРеспубликасының Құрылтайы сайлайтын саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда,осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кіретін Қазақстан Республикасыныңазаматтары, міндетті арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекеттіклауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады.Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасынасәйкес реттеледі.Міндетті арнайы тексеру жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының осындайазаматтарына мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттікқызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады.Қазақстан Республикасының осындай азаматтарының құқықтары еңбек шартындаайқындалады.Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттікқызмет өтіліне қосылады.Міндетті арнайы тексерудің теріс нәтижесі алынған жағдайда, ҚазақстанРеспубликасының азаматтарымен еңбек қатынастары тоқтатылады.5. Мемлекеттік қызмет теріс себептермен, қызметті бағалау не аттестаттау нәтижесібойынша тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметті тоқтатқан жәнеүш ай ішінде мемлекеттік қызметке қайтадан кірген Қазақстан Республикасыныңазаматтарына қатысты міндетті арнайы тексеруден өту, кірістер мен мүлік туралыдекларацияны ұсыну талаптары, егер көрсетілген үш ай ішінде олар жеке және (немесе)заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, Қазақстан Республикасыныңшегінен тыс жерге шықпаса, қолданылмайды.23-бап. Мемлекеттік лауазымдарды сыныптау және біліктілік талаптары1. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік лауазымдары ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге денормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қалыптастырылады.2. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымсанаттары белгіленеді. Саяси мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымсанаттары белгіленбейді.Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басшы құрамы мен атқарушылыққұрамының арақатынасын айқындау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.3. Саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарыныңтізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентібекітеді.4. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілікталаптары мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгібағыттары, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттігі ескерілеотырып әзірленеді."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілікталаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган)әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізіндеуәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша бекітеді."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілікбіліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілікталаптарын әзірлеу және келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.5. Жекелеген саяси мемлекеттік лауазымдарға Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің шешімімен біліктілік талаптары белгіленуі мүмкін.6. "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын арнаулыбіліктілік талаптарын уәкілетті органның ұсынуы бойынша ҚазақстанРеспубликасының Президенті бекітеді.7. Сайланатын мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарынуәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Біліктілік талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынғанқұжаттардың негізінде уәкілетті орган белгілейді.Сайланатын мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер ҚазақстанРеспубликасының азаматы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тиістіаумақтық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынады, олардың тізбесінуәкілетті орган Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіпбелгілейді.8. Құқық қорғау органдарындағы және азаматтық қорғау органдарындағымемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.9. Дипломатиялық қызметтің мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілікталаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.24-бап. Мемлекеттік қызметтің кадр резерві1. Мемлекеттік қызметтің кадр резервіне Президенттік жастар кадр резервіне,астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадррезервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.Қазақстан Республикасының азаматтары кандидаттарды мемлекеттік қызметтіңкадр резервіне алу туралы шешім шығарылған күннен бастап резервтегі адаммәртебесіне ие болады және оны Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріндекөзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтің кадр резервінен шығарылған күнненбастап жоғалтады.2. Президенттік жастар кадр резервіне, астананың, облыстың, республикалықмаңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған ҚазақстанРеспубликасының азаматтары мемлекеттік лауазымдарға осы Заңда және ҚазақстанРеспубликасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен конкурс өткізілмейтағайындалуы мүмкін.Президенттік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасыныңазаматтарын тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы уәкілеттікомиссияның шешімімен Президенттік жастар кадр резервіне алынған күннен бастапүш жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріндекөзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадррезервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау астананың,облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынғанкүннен бастап екі жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентініңактілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.3. Президенттік жастар кадр резервін, астананың, облыстың, республикалықмаңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервін қалыптастыру, мемлекеттікқызметтің кадр резервінен мемлекеттік лауазымдарға тағайындау ҚазақстанРеспубликасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асыралады.25-бап. Саяси мемлекеттік лауазымға орналасу1. Саяси мемлекеттік лауазымға орналасу тағайындау негізінде немесе ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген өзге де негіздерде жүзеге асырылады.Саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатудыөкілеттігіне сәйкес сондай құқығы бар лауазымды адам (орган) не осы өкілеттікберілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.2. Саяси мемлекеттік лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасыныңзаңдарында немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілерінде көзделген жағдайларда осы лауазымға орналасу үшін қажетті келісуден өтушартымен жүзеге асырылады.Саяси мемлекеттік лауазымға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілікталаптары болған жағдайда, оларға сай болуға тиіс.Тағайындау алдындағы бір жыл ішінде өзінің тікелей қарамағындағы мемлекеттікқызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін орнынан түскен саясимемлекеттік қызметшіні саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауға жол берілмейді.26-бап. Мемлекеттік лауазымға сайлану1. Мемлекеттік лауазымға сайлану "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасының , "Қазақстан Конституциялық заңына Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңына, Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмегенбөлігінде осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілеріне сәйкес жүзеге асырылады.2. Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағысайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оныаумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.27-бап. "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу1. "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу конкурс өткізілмейтағайындау негізінде жүзеге асырылады.Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергіліктібюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының, орталықмемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы,республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларыныңлауазымдарын қоспағанда, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынатағайындауды және лауазымнан босатуды өкілеттігіне сәйкес сондай құқығы барлауазымды адам (орган) не осы өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган)уәкілетті комиссиямен келісу бойынша жүзеге асырады."А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын, астананың,облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының, орталық мемлекеттікоргандар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалықмаңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарынатағайындау уәкілетті органмен келісуден өту шартымен уәкілетті орган айқындайтынтәртіппен жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының азаматтарын"А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келісусіз тағайындайды жәнеоларды лауазымдардан босатады.2. Қазақстан Республикасының азаматы "А" корпусының әкімшілік мемлекеттіклауазымына орналасқан кезде онымен еңбек шарты жасалады."А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісімен еңбек шартын жасасу,ұзарту және бұзу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.3. Мемлекеттік лауазым "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаөзгертілген, "А" корпусының екі және одан көп әкімшілік мемлекеттік лауазымы "А"корпусының бір әкімшілік мемлекеттік лауазымына өзгертілген жағдайларда осымемлекеттік лауазымға қабылдау ол өзгертілген күннен бастап үш ай ішінде осы Заңғасәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаөзгертілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес өзгебос мемлекеттік лауазымды ұсынады.Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылғанмемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс. Бұлретте кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшігемемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығужәрдемақысын төлейді.Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаөзгертілген мемлекеттік қызметші "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаөзі немесе өзге де адам қабылданғанға дейін жұмысын жалғастыруға құқылы.4. "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымы саяси, сайланатын мемлекеттіклауазымға немесе "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына өзгертілгенжағдайда, осы лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган олбелгіленген біліктілік талаптарына сай болған жағдайда штат кестесінде көзделген өзгебос мемлекеттік лауазымды ұсынады.Бос мемлекеттік лауазым болмаған және (немесе) мемлекеттік қызметші ұсынылғанмемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайларда ол жұмыстан шығарылуға тиіс. Бұлретте кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшігемемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығужәрдемақысын төлейді.28-бап. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу1. Осы Заңда көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесжергілікті өкілді органдар тағайындайтын жағдайларды қоспағанда, "Б" корпусыныңәкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына тағайындауды жәнелауазымнан шығаруды (босатуды) өкілеттігіне сәйкес сондай құқығы бар лауазымдыадам (орган) не осы өкілеттік берілген өзге лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.2. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсмемлекеттік цифрлық кадр жүйесі арқылы өткізіледі.Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тестілеу рәсімдерінен алдын ала өткеназаматтар конкурсқа қатысуға жіберіледі."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурстыөткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.Қажет болған кезде конкурс уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге детәсілдермен өткізіледі.Конкурс қорытындысы туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.3. Егер "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымы үш айдан астам бос және (немесе) уақытша бос болса, адамдар осы баптың 4-тармағына сәйкес қабылданатынжағдайды қоспағанда, көрсетілген лауазымға орналасуға арналған конкурс мемлекеттікцифрлық кадр жүйесі арқылы автоматты түрде жариялануға тиіс.4. "Б" корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымында көзделгенміндеттерді уақытша атқару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын конкурсөткізілмей қабылдауға жол беріледі.Мемлекеттік қызметші емес Қазақстан Республикасының азаматтарымен еңбекқатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі жәнеуәкілетті орган бекітетін үлгілік еңбек шартының негізінде ресімделеді.Еңбек қатынастары тараптардың келісімі бойынша белгіленетін, бірақ бір жылданаспайтын кезеңге жүзеге асырылады."Б" корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымын атқаратынҚазақстан Республикасының азаматтарына жұмыскерлердің құқықтары,бостандықтары мен кепілдіктері бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің,сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттікқызмет өткерумен және онда болумен байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңныңережелері қолданылады. Осы адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады."Б" корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымында көзделгенміндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.5. Уәкілетті комиссияның шешімі бойынша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттіклауазымдарына конкурс өткізілмей, мыналар қабылдануы мүмкін:1) қызметтегі судьялар, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары,тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары;2) өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігінкемінде алты ай орындаған және оны тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын саяси,сайланатын және әкiмшілiк мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінесәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өзөкілеттігін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін кемінде алтыай орындаған және оны тоқтатқан саяси мемлекеттік қызметшілер;4) халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттікқұрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және шетелде кадрлардаярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын озық шетелдік жоғары оқуорындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойыншаоқуды аяқтаған адамдар;6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар.6. Уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б"корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей, мыналарқабылдануы мүмкін:1) өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде "А" корпусының әкімшілікмемлекеттік қызметшілері;2) өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде сайланған мемлекеттікқызметшілер;3) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда және оның аумақтықбөлімшелерінде "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына – оқудыаяқтағаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесініңжанындағы Сот төрелігі академиясында оқуын аяқтаған және біліктілік емтиханынтапсырған адамдар;4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихатаппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдар менолардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оныңаудандарындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан,астана мәслихаты аппаратынан, тексеру комиссиясынан, орталық мемлекеттік органдармен олардың ведомстволарының астана мен оның аудандарындағы аумақтықбөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына – оқудыаяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берубағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білімберу ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесіменоқуын аяқтаған адамдар;5) мынадай:ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығыболатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарыныңтөменгі лауазымына;ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығыболатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшыемес лауазымына;орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстықмаңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы барқаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына – оқуды аяқтағаннанкейін бір жыл ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берубағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннентөмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар;6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадррезервіне алынған адамдар.Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларының ережелері осыЗаңның 19-бабының 5-тармағында және 20-бабының 5-тармағында аталған адамдарғақолданылмайды.7. Уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай адамдарды "Б" корпусыныңәкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға жол беріледі:1) орталық мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы;2) орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының орынбасары.8. Мемлекеттік органдардың басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің,баспасөз хатшыларының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарынаадамдарды конкурс өткізілмей қабылдауға жол беріледі.Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен әкімшілік мемлекеттіклауазымдарға орналасқан адамдарды мемлекеттік органның ішінде кейінненауыстыруға жол берілмейді.9. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Құқыққорғау қызметі туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесітуралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен мемлекеттікоргандардың бірінші басшыларымен келісу бойынша адамдарды "Б" корпусыныңәкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға жол беріледі.10. Адамдарды "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурсөткізілмей қабылдауды келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.Ескертпе. Осы бапта халықаралық қызметшілер деп мемлекеттік қызметші емес,қызметін халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасыратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшілер болатынҚазақстан Республикасының азаматтары танылады.29-бап. Мемлекеттік органды құру кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарынжұмысқа қабылдау1. Мемлекеттік органды құру кезінде мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттердіуақытша атқару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын үш айдан аспайтынмерзімге жұмысқа қабылдауға жол беріледі.Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде аталған мемлекеттік лауазымдар осы Заңғасәйкес бос болмауға тиіс.Мемлекеттік қызметші емес Қазақстан Республикасының осындай азаматтарыменеңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңінде ҚазақстанРеспубликасының осы азаматтарына мемлекеттік қызметшілердің міндеттері менжауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер бөлігінде осыЗаңның ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының осы азаматтарыныңқұқықтары еңбек шартында айқындалады.Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттікқызмет өтіліне қосылады.2. "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарында көзделген міндеттердіуақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау "А" корпусының әкімшілік мемлекеттіклауазымдарына белгіленген арнаулы біліктілік талаптарына және осы Заңдабелгіленген өзге де талаптарға сай болатын адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.3. Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқақабылданатын Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мемлекеттік органныңштат санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.Осы тармақтың ережелері штат саны жиырма бес бірліктен кем мемлекеттікоргандарға қолданылмайды.30-бап. Мемлекеттік қызметке кіруді ресімдеу1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеукезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасыталаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.2. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің жеке істері, олардың дербесдеректерін, кәсіптік қызметі туралы мәліметтерді қамтитын есепке алу құжаттарыжүргізіледі. Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттардыңтізбесін уәкілетті орган айқындайды.Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері мемлекеттік цифрлық кадр жүйесіндеэлектрондық нысанда қалыптастырылады. Қажет болған кезде жеке істер қағаз түріндеқалыптастырылуы мүмкін.3. Персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілергеқызметтік тізімді ресімдейді. Қызметтік тізімнің нысанын уәкілетті орган бекітеді.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының азаматымемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осыЗаңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, олқабылдаған шектеулерді жазбаша түрде тіркейді.Мемлекеттік қызметтің кадр ісін жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарынуәкілетті орган айқындайды.4. Осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіні қоспағанда,әкімшілік мемлекеттік қызметшіге оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдықөкілеттігін растайтын құжат болатын сәйкестендіру картасы беріледі.Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану тәртібінуәкілетті орган бекітеді.Саяси мемлекеттік қызметшіге, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттікқызметшісіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының, ҚазақстанРеспубликасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратыныңәкімшілік мемлекеттік қызметшісіне оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдықөкілеттігін растайтын құжат болатын қызметтік куәлік беріледі.Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.Қажет болған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттікқызметшілерге сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.Сайланған мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігінрастайтын тиісті қызметтік куәлік беріледі. Қажет болған кезде оған сәйкестендірукартасы берілуі мүмкін.6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ31-бап. Мемлекеттік қызметшінің ант беруі1. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтынтәртіппен ант береді.Мемлекеттік қызметшілер антының мәтіні Қазақстан Республикасының заңдарындажәне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленеді.2. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерінің,Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, ҚазақстанРеспубликасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Кеңсесі бастығының, Қазақстан Республикасы Президентініңкөмекшілерінің, кеңесшілерінің, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот КеңесіТөрағасының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есепберетін мемлекеттік органдар басшыларының, астана, облыстар, республикалықмаңызы бар қалалар әкімдерінің мемлекеттік лауазымдарына алғаш реттағайындалатын адамдарды, сондай-ақ теріс себептермен мемлекеттік қызметтітоқтатқаннан кейін осы Заңның 21-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген шектеулердің мерзімдеріаяқталған соң оған қайта кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда,мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.Ант беруден бас тарту мемлекеттік қызметті тоқтатуға алып келеді.32-бап. Жұмыс орны1. Мемлекеттік қызметшіге, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адамға еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін жұмыс орны, сондай-ақлауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті ұйымдастырушылық-техникалықжағдайлар қамтамасыз етіледі.Мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытшаатқаратын адамның жұмыс орны мемлекеттік органнан тыс жерде белгіленген неқашықтан немесе қашықтан аралас жұмыс істеу режимін қолдану көзделгенжағдайларды қоспағанда, осы органның орналасқан жері бойынша айқындалады.2. Мемлекеттік қызметшіні, елді мекен шегінен тыс ауыстыру жағдайларынқоспағанда, оның келісімінсіз басқа жұмыс орнына ауыстыруға жол беріледі.Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттікқызметшіні, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамдылауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, байланыс құралдарымен,цифрлық жүйелермен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді.33-бап. Лауазымдық нұсқаулық1. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің кәсіптік қызметі ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттігіайқындалған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға тағайындауға жәнеатқаратын мемлекеттік лауазымнан босатуға уәкілеттік берілген лауазымды адам (орган) бекітетін лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.Әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымдық нұсқаулықпен танысуға міндетті.2. Лауазымдық нұсқаулыққа лауазымдық өкілеттік, жауаптылық, орындалуыәкімшілік мемлекеттік лауазымға жүктелетін функциялар тізбесі енгізіледі.Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеутәртібін уәкілетті орган айқындайды.34-бап. Тәлімгерлік1. Тәлімгерлік алғаш рет әкімшілік мемлекеттік қызметке кірген мемлекеттікқызметшілердің кәсіптік бейімделуіне, оларға лауазымдық өкілеттігін тиісіншеорындауы үшін қажетті кәсіптік тәжірибе, білім мен дағды беруге бағытталғанқызметті, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік даму сабақтастығынқамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерге кәсіптік тәжірибе, білім мендағды беру, әдістемелік қолдау көрсету қызметін білдіреді.2. Тәлімгерлер ретінде кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар, кәсіптікқасиеттері жоғары мемлекеттік қызметшілер бекітіледі.3. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.4. Осы баптың ережелері сайланатын мемлекеттік лауазымдарды атқаратынмемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.35-бап. Лауазымдық орын ауыстыру және мемлекеттік қызметте ілгерілету1. Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық орын ауыстыруы мемлекеттік қызметтітоқтатпай, жоғары тұрған, тең дәрежелі, төмен тұрған мемлекеттік лауазымдарғаконкурс бойынша, конкурссыз, ауысу, ротациялау, іссапарға жіберу тәртібіменорналасу арқылы және осы Заңда көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.Жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп жоғары тұрған санаттағы лауазымдарне неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағы лауазымдартүсініледі.Тең дәрежелі мемлекеттік лауазымдар деп бір санаттағы лауазымдар не мәнібойынша бірдей немесе ұқсас біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағылауазымдар түсініледі.Төмен тұрған мемлекеттік лауазымдар деп төмен тұрған санаттағы лауазымдар ненеғұрлым төмен біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағы лауазымдартүсініледі.ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-баптың 2-тармағынан қараңыз.2. Мемлекеттік қызметте ілгерілету мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, құзыреті,қабілеті, қызметінің нәтижесі, лауазымдық міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға орналастыруды және (немесе) лауазымдықдеңгейін жоғарылатуды көздейді."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне бір мемлекеттік лауазымшеңберіндегі лауазымдық айлықақының мөлшерін айқындайтын лауазымдық деңгейбелгіленеді."Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің лауазымдық деңгейін төмендетутәртіптік жаза қолданылған жағдайда немесе бағалау және аттестаттау нәтижесініңнегізінде жүзеге асырылады.ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-баптың 2-тармағынан қараңыз.3. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықжасағаны үшін, қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққатартылған күннен бастап алты ай ішінде оны ауысу, ротациялау тәртібімен, қызметінбағалау нәтижесі бойынша, конкурс өткізілмей қызметте ілгерілетуге, сондай-ақлауазымдық деңгейін жоғарылатуға жол берілмейді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-баптың 2-тармағынан қараңыз.4. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейінөзгерту қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісубойынша уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентібекітеді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-баптың 2-тармағынан қараңыз.5. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейінөзгерту мемлекеттік қызметшінің одан әрі кәсіптік даму мен оқу қажеттілігін анықтаумақсатында жүргізілетін құзыреттерді кешенді бағалау нәтижесі ескеріліп жүзегеасырылады."Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттерін кешендібағалауды жүргізу тәртібі, сондай-ақ кешенді бағалауға жататын мемлекеттіклауазымдардың тізбесі "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерініңлауазымдық деңгейін өзгерту қағидаларында айқындалады.36-бап. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасуМемлекеттік қызметшілердің "Б" корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілікмемлекеттік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасуына уәкілетті органның ұсынуыбойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіпке сәйкес жолберіледі.37-бап. Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау1. Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау мемлекеттік қызметті өткеру кезіндеолардың кәсіптік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану үшін жүзеге асырылады.Саяси мемлекеттік қызметшілер мен "А" корпусының әкімшілік мемлекеттікқызметшілерін ротациялау оларды бос немесе уақытша бос саяси мемлекеттіклауазымдар мен "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына не "А"корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдары арасындағы лауазымдықорын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін жәнеоның жұмысын ұйымдастыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңындакөзделген жағдайларды қоспағанда, "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттікқызметшілерін ротациялау оларды "Б" корпусының бос әкімшілік мемлекеттіклауазымдарына не "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасындағылауазымдық орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.Ротациялау мерзімі басталған кезде Қазақстан Республикасының Әлеуметтікбелгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі және кодексінде одан аз жыл қалғанмемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде осы қызметшіні ротациядан босату туралыакт қабылданады.2. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін,сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасыныңзаңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ротация жүргізудің тәртібі менмерзімдерін, ротацияны ұзарту шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ ротациялауғажататын мемлекеттік лауазымдардың тізбесін уәкілетті органның ұсынуы бойыншаҚазақстан Республикасының Президенті айқындайды.Мемлекеттік қызметшілер ротациясын жүргізу қағидаларында көзделгенжағдайларда ротациядан бас тарту, осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілгенжағдайларды қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығаружөнінде шешімдер қабылдауға негіз болуы мүмкін. Мемлекеттік лауазымын төмендетуконкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзге шешім қабылдамаса,адамды алдыңғы лауазымынан ротациялау жүзеге асырылған, сондай-ақ ротацияданбас тартуына байланысты лауазымы төмендетілген немесе жұмыстан шығарылғанлауазымға бір жыл ішінде тағайындауға жол берілмейді.Мемлекеттік қызметші өз еркімен не өзге лауазымға орналасуына байланыстыбұрын атқарған лауазымынан босатылған кезден бастап бір жыл ішінде сол лауазымғатағайындалған жағдайда бұрын жұмыс істеген кезеңі ротация жүргізу мерзіміндеескеріледі.Басқа елді мекенге ротациялау кезінде мемлекеттік қызметшілерге көтермежәрдемақы төленеді, жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындар өтеледі, сондай-ақ"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесқызметтік тұрғынжай беріледі. Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайдаротацияланған мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезеңіндеоларға ротациялық төлемдер жүргізіледі.Басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялықтөлемдердің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау,қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау,сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларынуәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді."Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің ротациясын үйлестірудіуәкілетті орган жүзеге асырады.Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін,сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасыныңзаңында өзгеше көзделмесе, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, он төрт жасқатолмаған баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырапалған балалары бар (қорғаншы болып саналатын) жалғызбасты ата-аналар, көпбалалыата-аналар (қорғаншылар) болатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары), жұбайы (зайыбы) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіндебелгіленген жасына байланысты зейнеткер ата-анасы (зейнеткер ата-аналары) бармемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротациялауға осымемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.Бұл ретте көрсетілген мән-жайлар атқаратын лауазымында болу мерзімі сегізжылдан аспайтын, мемлекеттік қызметшінің ротациясын жүргізу мерзімін ұзартуғанегіз болады.Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.3. Осы баптың ережелері лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президентілауазымға тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілерге, ҚазақстанРеспубликасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарындаолардың өкілеттік мерзімі айқындалған саяси мемлекеттік қызметшілерге жәнесайланатын мемлекеттік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілергеқолданылмайды.38-бап. Мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылғанміндеттерді орындау мақсатында, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне, халықаралықжәне өзге де ұйымдарға олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша іссапарғажіберілуі мүмкін.2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы), осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге денормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері,өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы жәнеәлеуметтік қорғалуы сақталады.3. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін әкімшілік мемлекеттіклауазымдарға іссапарға жіберу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттікоргандары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзегеасырылады.4. Ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері, сондай-ақ философиядокторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар мемлекеттік қызметшілерҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына іссапарғажіберілуі мүмкін.5. Осы баптың ережелері сайланатын мемлекеттік лауазымдарды атқаратынмемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.6. Мемлекеттік қызметшіні әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына іссапарға жіберууәкілетті органның шешімі негізінде осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзегеасырылады.39-бап. Міндеттерді уақытша жүктеу1. Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын (негізгі)лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентініңактілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа лауазымның міндеттеріуақытша жүктелуі мүмкін.Орталық мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерібасшыларының, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарыныңаумақтық бөлімшелері басшыларының, астананың, облыстардың және республикалықмаңызы бар қалалардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушыоргандары, аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардыңжергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларыныңміндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.Мемлекеттік қызметшіге негізгі лауазымы бойынша міндеттерді орындауыменқатар бір ғана мемлекеттік лауазым бойынша міндеттерді атқару уақытша жүктелуімүмкін.2. Басқа лауазымның міндеттерін уақытша атқаратын мемлекеттік қызметшініңмемлекеттік қызметті өткеруі және оны тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігін қараумәселелері оның негізгі лауазымы бойынша реттеледі.3. Саяси мемлекеттік қызметшілердің көмекшілері мен кеңесшілеріне басшылауазымның міндеттері жүктелмейді.Сайланған мемлекеттік қызметшіге саяси немесе әкімшілік мемлекеттіклауазымның міндеттері жүктелмейді. Сайланатын мемлекеттік лауазымның міндеттеріәкімшілік мемлекеттік қызметшіге уақытша жүктелуі мүмкін. Міндеттерді уақытшажүктеу жоғары тұрған әкімнің актісімен жүзеге асырылады.Сайланған мемлекеттік қызметшінің немесе "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттікқызметшісінің міндеттері "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінежүктелмейді.Мемлекеттік органдар басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшылауазымның міндеттері жүктелмейді.4. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралымәліметтер болған кезде оған басқа лауазымның міндеттері уақытша жүктелмейді.5. Басқа лауазымның міндеттерін уақытша атқару кезеңінде мемлекеттікқызметшіге уақытша атқаратын лауазымы бойынша көзделген лауазымдық айлықақынегізге алынып, өзге де төлемдер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.Бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік лауазым бойынша міндеттерді уақытшаатқару кезеңін қоспағанда, басқа лауазымның міндеттерін уақытша атқару мемлекеттікқызметшінің лауазымдық міндеттеріне кіретін жағдайда мемлекеттік қызметшілергебасқа лауазымның міндеттерін уақытша атқару кезеңінде қосымша ақы жүргізілмейді.40-бап. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту1. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту олардың лауазымдық міндеттерін тиісіншеорындауы үшін қажетті біліктілігін сақтауға және арттыруға бағытталады жәнемемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігінарттыруды қамтиды.Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жоғары оқу орнынан кейінгі білім берубағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқытупроцесін қамтиды.Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау лауазымдық міндеттерді тиімді орындауүшін қажетті жаңа және қосымша кәсіптік білім алуына бағытталған оқыту курстарынқамтиды.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшініңқұзыреттерін сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге арналған оқытусеминарларын қамтиды.Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігінарттыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Мемлекеттік қызметші қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген кездеоның жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен жалақысы сақталады.2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы негізіндемемлекеттік органның жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Жоғары СотКеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында жүзеге асырылады.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміжәне оқуға түсу тәртібі көрсетілген білім беру ұйымдары бекітетін оқуға қабылдауқағидаларында айқындалады.Саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарыныңтізілімінде көзделген, мемлекеттік органдағы тұрақты штаттық мемлекеттіклауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер олардың оқу және кейінненжұмыспен өтеу мерзімдері құжаттарды тапсыру кезінде Қазақстан РеспубликасыныңӘлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жастан аспаған жағдайда, мемлекеттікбілім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берубағдарламалары бойынша оқытуға арналған конкурсқа қатысуға жіберіледі.3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымынамагистратураға және (немесе) докторантураға қабылданған мемлекеттік қызметшігежоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу уақытында оныңоқуға түскен кездегі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде, бірақ мемлекеттік білімберу тапсырысы бойынша оқитын магистранттар мен докторанттар үшін белгіленгенмемлекеттік стипендия мөлшерінен кем емес стипендия белгіленеді.Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымына жәнеҚазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясынаоқуға түсетін мемлекеттік қызметшімен оқыту шарты жасалады, онда оқудыаяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу жөніндегі талап көзделеді. Оқыту шартының нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы білім беру ұйымы және Қазақстан Республикасының ЖоғарыСот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы бекітетін оқуға қабылдауқағидаларында айқындалады.4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның жолдамасымен мемлекеттік білімберу тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларыбойынша оқуға түскен жағдайда оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынанкейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға міндетті.Оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердідаярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында айқындалғантәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осыміндеттемелерді орындамау адамның өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын жәнеоқуға байланысты шығындарды мемлекетке өтеуіне алып келеді. Шығыстарды өтеунақты жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті тоқтата тұру және тоқтату, жұмыспен өтеужөніндегі міндеттен босату мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жәнеолардың біліктілігін арттыру қағидаларында және оқыту шартында айқындалады.Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттің орындалуын мониторингтеуді уәкілетті органжәне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымы жүзегеасырады.Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуды аяқтаған мемлекеттікқызметшілердің жұмыспен өтеуін мониторингтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.5. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттерінесәйкес біліктілігін арттыруға жіберіледі.Әкімшілік мемлекеттік қызметші үш жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруданөтеді.Саяси мемлекеттік қызметшілер, сайланған мемлекеттік қызметшілер және "А"корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшілерді даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында көзделген тәртіппеноқу сабақтарын өткізуді жүзеге асырады.6. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыружөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігінарттырудың құнын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметініңбейіні бойынша өзге білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беруұйымдарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағызаңнамасында және мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардыңбіліктілікті арттыру қағидаларында айқындалады.41-бап. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы1. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы кәсіптік білім алуы мен тәжірибежинақтауы, оларды мемлекеттік қызметте ілгерілету мақсатында мемлекеттікоргандардың жолдамасы бойынша өткізіледі.Уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік мемлекеттікқызметшілер үш жылда кемінде бір рет тағылымдамадан өтеді.2. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын өткізу қағидаларынуәкілетті орган бекітеді.42-бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау1. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау олардың жұмысының тиімділігімен сапасын айқындау мақсатында жүргізіледі. Бағалауды жүргізу кезінде қоғамдықмаңызы бар көрсетілетін қызметтердің сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижесітуралы мәліметтер ескеріледі.Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерінуәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіайқындайды.Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін уәкілеттіорган бекітеді.2. "А" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижесібонус төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау не олармен еңбек шартын ұзарту жөніндешешімдер қабылдауға негіз болады.Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергіліктібюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының, орталықмемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы,республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларыныңлауазымдарын қоспағанда, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіқызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті комиссиямен келісу бойыншаонымен еңбек шартын бұзуға негіз болады."А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын, астананың,облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары, орталық мемлекеттікоргандар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалықмаңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары қызметініңқанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті органмен келісу бойынша олармен еңбекшартын бұзуға негіз болады."А" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің нақты мемлекеттік лауазымдаболу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, оның қызметін бағалау жүргізілмейді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.3. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижесібонус төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, лауазымдық деңгейін жоғарылату немесетөмендету, мемлекеттік лауазымын жоғарылату немесе төмендету не жұмыстаншығару жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болады."Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің қызметін бағалау бойыншақанағаттанарлықсыз бағалар алуы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметінбағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес:1) келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде – лауазымдық деңгейінтөмендетуге;2) келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болмаған кезде, уақытша босмемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған босмемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші біліктілік талаптарына сайболғанда – мемлекеттік лауазымын төмендетуге (мемлекеттік лауазымын төмендетуконкурс өткізілмей жүзеге асырылады) алып келеді.Әкімшілік мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайдажұмыстан шығарылуға тиіс.4. Мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау нәтижесіне ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.43-бап. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау1. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің шешімімен өткізіледі, шешімде оның тәртібі, мерзімдері жәнеаттестатталатын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары айқындалады.2. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттаукомиссиясы құрылады, оның құрамына кемінде бес адам кіруге тиіс. Аттестаттаукомиссиясын төраға басқарады.ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.3. Аттестаттау комиссиясы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауқорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуұсынылады;2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымдық деңгейінжоғарылату ұсынылады;3) лауазымдық деңгейіне сай емес және келесі төмен тұрған лауазымдық деңгейболған кезде төмендету ұсынылады;4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымынтөмендету ұсынылады;5) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және жұмыстан шығару ұсынылады.4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себепсіз екі рет келмегенәкімшілік мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығару ұсынылады.ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.5. Аттестаттаудан өтпеген және (немесе) мемлекеттік органдарда, оның ішіндетөмен тұрған мемлекеттік лауазымда немесе төмен тұрған лауазымдық деңгейдемемлекеттік қызметті жалғастырудан бас тартқан әкімшілік мемлекеттік қызметшілержұмыстан шығарылуға тиіс.6. Аттестаттау қорытындысы бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымынжоғарылату жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазым болған жәнемемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай болғанда,конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.7. Аттестаттау комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша қабылдағаншешімі мемлекеттік қызметшіні жоғары тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымғатағайындауға немесе лауазымдық деңгейін жоғарылатуға, мемлекеттік қызметшініңәкімшілік мемлекеттік лауазымын төмендетуге немесе лауазымдық деңгейінтөмендетуге не жұмыстан шығаруға негіз болады.8. Мемлекеттік қызметші аттестаттау комиссиясының шешіміне мемлекеттікорганның басшысына, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқаҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.44-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері1. Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық уәкілеттіорганның мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған, шетелдікжәне халықаралық ұйымдар қатысатын бастамаларға, бағдарламалар мен жобаларғақатысуы арқылы жүзеге асырылады.2. Халықаралық ынтымақтастық мынадай бағыттарды қамтиды:1) мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ұйымдарды құру және олардыңқызметіне қатысу;2) мемлекеттік қызметшілерді шет елдерде оқыту;3) шетелдік мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды ҚазақстанРеспубликасында оқыту;4) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру.3. Соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік қызметке қабылдау, оны өткеру жәнетоқтату мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтықактілері қолданылады.4. Мемлекеттік қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелеріҚазақстан Республикасының заңдарында, уәкілетті органның ұсынуы бойыншаҚазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде регламенттеледі.7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ45-бап. Құқыққа сыйымсыз әрекеттерден қорғау1. Мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметіне заңсыз араласудан, негізсізайыптау мен қудалаудан, өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерден қорғауға кепілдікберіледі.Мемлекеттік қызметшілерді қорлау, күш қолданумен қорқыту немесе олардыңөміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мүлкіне қол сұғу, оларғажүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да әрекеттерҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.2. Мемлекеттік қызметші өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органныңқұқық бұзушылық профилактикасы қызметі мемлекеттік қызметшінің мүддесінде заңкөмегін көрсету туралы өтінішхат арқылы осы Заңда және Қазақстан Республикасыныңөзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүгіне алады.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттікқызметшіге заң көмегін өзге де адамдар өтеусіз көрсете алады.46-бап. Жұмыс уақытының режимі1. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасыбелгіленеді.Осы бапта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшілер үшін толық емесжұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.2. Осы бапта және осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда,күнделікті жұмыстың ұзақтығы сегіз сағатқа дейін белгіленеді.Осы бапта және осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмысуақытының қалыпты ұзақтығы аптасына қырық сағаттан аспауға тиіс.3. Мемлекеттік қызметшінің немесе мемлекеттік органның бастамасы бойыншатараптардың келісімімен мемлекеттік қызметші үшін лауазымдық айлықақы мөлшеріпропорционалды қысқартыла отырып, толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.Осы бапта белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аз уақыт толықемес жұмыс уақыты деп есептеледі, оның ішінде:1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыстың ұзақтығын қысқарту;2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің саныназайту;3) бір уақытта күнделікті жұмыстың ұзақтығын қысқарту мен жұмыс аптасындағыжұмыс күндерінің санын азайту.Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеу мемлекеттік қызметші үшінақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының, ақы төленетін қосымша демалыскүндерінің ұзақтығын шектеуге, мемлекеттік қызмет өтілін есептеуді және осы Заңдажәне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтардышектеуге алып келмейді.4. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілергеұзақтығы аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытыбелгіленеді. Бұл ретте жалақы мемлекеттік лауазымның белгіленген мөлшерлемесінегізге алынып, толық жұмыс аптасы үшін толық көлемде төленеді.5. Мемлекеттік орган жүкті әйелдің, үш жасқа толмаған баласы (балалары) барата-ананың (асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкесотбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшініңжазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілейді.6. Мемлекеттік қызметшіге күнделікті жұмыс барысында тынығу және тамақтануүшін ұзақтығы бір сағаттан кем емес бір үзіліс берілуге тиіс. Үзіліс уақыты жұмысуақытына қосылмайды.Үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы мемлекеттік органның актісінде белгіленеді.Жұмыстың аяқталуы мен оның келесі жұмыс күні басталуы арасында мемлекеттікқызметшінің күнделікті демалу ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.7. Мемлекеттік қызметшінің немесе мемлекеттік органның бастамасы бойыншатараптардың келісімімен мемлекеттік қызметші үшін икемді жұмыс уақытырежиміндегі жұмыс белгіленуі мүмкін.8. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған кезеңдене өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақмемлекеттік қызметшілердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа даайрықша жағдайларда мемлекеттік орган жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанғадейін өз актісімен қашықтан жұмыс істеуді немесе қашықтан аралас жұмыс істеудіуақытша белгілеуге құқылы.Мемлекеттік қызметші лауазымдық міндеттерін орындау үшін өз жабдығын,Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық объектілерді жәнеөзге де құралдарды пайдаланған, сондай-ақ көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақытөлеу шығыстарын көтерген жағдайда, мемлекеттік орган өтемақы төлейді, оныңмөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі мемлекеттік қызметшімен келісу бойыншабелгіленеді.Қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығыныңшектеулері сақтала отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді.9. Мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын уәкілеттіорган бекітеді.Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілікқағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді.10. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Заңда көзделгентәртіппен жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингтейді.47-бап. Жұмыс уақыты режимімен байланысты кепілдіктер1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс жәнемереке күндеріндегі жұмысқа мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісіміменмемлекеттік органның актісі негізінде жол беріледі.Мемлекеттік қызметшіге демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшінмемлекеттік қызметшінің күндік мөлшерлемесі негізге алынып, бір жарым еседентөмен емес жоғарылатылған мөлшерде ақы төленеді.Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеуге арналған шығыстардыжоспарлау кезінде олардың мөлшері тиісті қаржы жылына бекітілген, мемлекеттікорганның штат бірліктері жалпы санының бір пайызы шегінде белгіленеді.Демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшініңқалауы бойынша оған тиісті демалу күндері (сағаттары) беріледі.Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігібар адамдар демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жіберілмейді.2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттікорганның бастамасы бойынша мемлекеттік қызметшіні белгіленген жұмыс уақытыныңұзақтығынан тыс жұмысқа (үстеме жұмысқа) тартуға мемлекеттік қызметшініңжазбаша келісімімен мемлекеттік органның актісі негізінде жол беріледі.Үстеме жұмыс бір жұмыс күні ішінде екі сағаттан аспауға тиіс. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығыайына он екі сағаттан аспауға тиіс.Үстеме жұмыс кезінде мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін демалу күндері (сағаттары) беріледі неүстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленеді.Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігібар адамдар үстеме жұмысқа жіберілмейді.3. Мемлекеттік қызметшінің келісімінсіз үстеме жұмыс пен демалыс және мерекекүндеріндегі жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болғызбау неолардың салдарын дереу жою үшін;2) адамның еңбек қызметімен, қаза табуымен немесе мүліктің бүлінуіменбайланысты жазатайым оқиғаларды болғызбау және тергеп-тексеру үшін;3) жалпы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген құрылымдықбөлімшелерінің бұдан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланыстыболатын кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін;4) төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген не өзге де шектеу іс-шаралары, оныңішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақ адамның өміріне немесе денсаулығынақауіп төндіретін басқа да айрықша жағдайларда;5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жолберіледі.48-бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржыұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттікқызметшілерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу ҚазақстанРеспубликасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметібекітетін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын барлық органдарғаарналған жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзегеасырылады.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерібелгіленбесе, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық жәнежергілікті бюджеттердің қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекеткеқайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатыесебінен жүргізіледі.Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасыоргандарының жұмыскерлеріне бонус төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмеккөрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі меншарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.2. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік қызметшілерорындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижесіне байланысты белгіленеді.3. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталықуәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіайқындайтын тәртіппен үш жылда кемінде бір рет индекстелуге тиіс.4. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ҚазақстанРеспубликасының органдарын қаржыландыру және жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудіңбірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретінжұмыс өтіліне мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт және ҚазақстанРеспубликасының тиісті заңнамасы қолданылатын мемлекеттік қызметшілердіңлауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеуқағидаларында айқындалатын өзге уақыт қосылады.Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретінжұмыс өтілін есептеу қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратыменкелісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.5. Мемлекеттік қызметшінің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы бапта көзделгенжағдайларда жүргізіледі.6. Мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган алдындағыберешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалулар мемлекеттік қызметшініхабардар ете отырып:1) іссапарға байланысты берілген, жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмағанақшаны өтеу үшін;2) мемлекеттік қызметшіге жалақы есебінен берілген жұмыс істелмеген аванстыөтеу үшін;3) ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және (немесе) ақы төленетінқосымша демалыс күндері ауыстырылған немесе мемлекеттік қызметші олардан керішақыртып алынған жағдайда;4) мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайлардажұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.7. Мемлекеттік қызметшінің оқуды аяқтамауына байланысты ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымы алдындағы берешегін өтеуүшін оның жалақысынан ұстап қалулар мемлекеттік қызметшіні хабардар ете отырып,жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.8. Бірнеше атқарушылық парақ бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақҚазақстан Республикасының заңдарында және осы бапта көзделген жағдайларда, айсайынғы ұстап қалудың мөлшері мемлекеттік қызметшіге тиесілі жалақының елупайызынан аспауға тиіс.9. Арнайы тексерудің нәтижесі алынғанға дейін мемлекеттік лауазымда көзделгенміндеттерді уақытша атқару үшін еңбек шарты бойынша қабылданған ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының, сондай-ақ мемлекеттік органды құру кезінде осындайлауазымдық өкілеттікті атқаруға немесе "Б" корпусының уақытша бос әкімшілікмемлекеттік лауазымына уақытша тағайындалған Қазақстан Республикасыазаматтарының лауазымдық айлықақысының мөлшері тиісті мемлекеттік лауазым үшінкөзделген ең төмен мөлшерде белгіленеді.49-бап. Мемлекеттік қызметшілердің демалыстары1. Мемлекеттік қызметшіге осы Заңда, Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасында көзделген демалыс беріледі.2. Демалыс, ақы төленетін қосымша демалыс күндерін беру, ауыстыру не ақытөленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымшадемалыс күндерінен кері шақыртып алу мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындаужәне оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамның (органның) не олуәкілеттік берген лауазымды адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.Сайланған мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адаммен келісубойынша өз актісін шығару арқылы демалысқа кетеді немесе ақы төленетін қосымшадемалыс күндерін пайдаланады. Сайланған мемлекеттік қызметшіні ақы төленетін жылсайынғы еңбек демалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыскүндерінен кері шақыртып алу жоғары тұрған лауазымды адамның шешімімен жүзегеасырылады.3. Мемлекеттік қызметшіге бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік онекі айды құрайтын жұмыс жылы ішінде екі лауазымдық айлықақы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн ақытөленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.Сауықтыруға арналған жәрдемақы мемлекеттік қызметшіге күнтізбелік жылда біррет толық көлемде бір уақытта төленеді және бір жұмыс жылында бір реттен артықберілмейді. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөліктерге бөлініппайдаланылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы демалыстың бір бөлігіменбірге төленеді.Бір жыл iшiнде басқа мемлекеттік лауазымға лауазымдық орын ауыстыру кезіндесауықтыруға арналған жәрдемақы, егер ол бұрынғы мемлекеттік лауазымда солкүнтiзбелiк жыл ішінде берiлген болса, төленбейді.4. Мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты мемлекеттік қызметшіге ақы төленетінқосымша демалыс күндері беріледі:1) жұмыс өтілі он және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік үш күн;2) жұмыс өтілі он бес және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік бес күн;3) жұмыс өтілі жиырма және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік он күн.Мемлекеттік қызметшілерге саламатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралықспортты насихаттау мақсатында ұзақтығы күнтізбелік үш күн қосымша демалыскүндері беріледі.Ақы төленетін қосымша демалыс күндері ақы төленетін жыл сайынғы еңбекдемалысына қосылады және мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша онымен біруақытта немесе бөлек берілуі мүмкін.5. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын және ақы төленетін қосымшадемалыс күндерін беру кезектілігі мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып,уәкілетті лауазымды адам бекітетін демалыс кестесіне сәйкес жыл сайын айқындаладыне тараптардың келісімі бойынша демалыс кестесінен тыс белгіленеді.Демалыс кестесіне өзгерістер енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша жолберіледі.6. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы мемлекеттік қызметшіге нақтыжұмыс істеген уақыты үшін толық көлемде жұмыс жылы ішінде беріледі.Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және (немесе) ақы төленетін қосымшадемалыс күндері мемлекеттік қызметшіге демалыс кестесіне сәйкес міндетті түрдеберіледі.Мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша ақы төленетін жыл сайынғы еңбекдемалысы, ақы төленетін қосымша демалыс күндері бөліктерге бөлініп берілуі мүмкін.Бұл ретте ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігінің ұзақтығыкемінде күнтізбелік екі аптаны құрауға тиіс.Мемлекеттік қызметшінің пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбекдемалысын, ақы төленетін қосымша демалыс күндерін немесе көрсетілгендемалыстардың бір бөлігін келесі жұмыс жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтынкезеңге ауыстыруына жол беріледі.7. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу, сауықтыруға арналған жәрдемақынытөлеу, ақы төленетін қосымша демалыс күндеріне ақы төлеу демалыс басталғанға дейінкүнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі, ал демалыс кестесінен тыс демалысберілген жағдайда ақы төлеу демалыс берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күнненкешіктірілмей жүргізіледі.8. Мемлекеттік қызметшіге күнтізбелік жыл ішінде күнтізбелік он күннен аспайтынмерзімге толық көлемде немесе бөліктерге бөлініп ақы төленетін қысқа мерзімдідемалыс:1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырапалушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерімен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (зайыбының (жұбайының) аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен балалары)қайтыс болған;2) некеге тұрған;3) бала туған, бала асырап алған;4) тараптардың өзара келісуі бойынша өзге де жағдайларда берілуі мүмкін.Ақы төленетін қысқа мерзімді демалыс тиісті оқиға болған күннен бастапкүнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей берілген, мемлекеттік қызметшінің өтінішібойынша беріледі.9. "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға,тағылымдамадан өтуге жіберілген мемлекеттік қызметшіге жұмыс орны (мемлекеттіклауазымы) сақтала отырып, оқу демалысы беріледі.Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік қызметшіге оқу демалысы, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысышеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білімалған жағдайда оқу демалысы мемлекеттік органның келісімі бойынша беріледі.Қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген кезде мемлекеттік қызметшігежұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен жалақысы сақтала отырып, оқу демалысыберіледі.Оқу демалысындағы мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретінтәртіптік теріс қылық жасаған, қызметтік әдеп нормаларын бұзған жағдайларда, онытәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау үшін оның келісімінсіз оқудемалысынан кері шақыртылуы мүмкін.Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару жағдайларын қоспағанда, оны тәртіптікжауаптылыққа тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін оқу демалысы қайтабасталады.10. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзінің жазбаша келісімімен қызметтікқажеттілік жағдайында ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан және (немесе)ақы төленетін қосымша демалыс күндерінен кері шақыртылуы мүмкін.Мемлекеттік қызметшіні оның келісімінсіз ақы төленетін жыл сайынғы еңбекдемалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінен керішақыртып алуға мынадай жағдайларда:1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болғызбау неолардың салдарын дереу жою үшін;2) адамның еңбек қызметімен, қаза табуымен немесе мүліктің бүлінуіменбайланысты жазатайым оқиғаларды болғызбау және тергеп-тексеру үшін;3) төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген не өзге де шектеу іс-шаралары, оныңішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақ адамның өміріне немесе денсаулығынақатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда жол беріледі.Пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының және (немесе)ақы төленетін қосымша демалыс күндерінің қалған бөлігі мемлекеттік қызметшігекүнтізбелік жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не мемлекеттік қызметшініңкелісімімен оған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының және (немесе) ақытөленетін қосымша демалыс күндерінің пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшінөтемақы төлемі жүргізіледі.11. Мемлекеттік қызмет тоқтатылған не өзге мемлекеттік органда басқа мемлекеттіклауазымға тағайындалуына байланысты мемлекеттік лауазымнан босатылған кезде ақытөленетін жыл сайынғы еңбек демалысын, оның бір бөлігін және (немесе) ақытөленетін қосымша демалыс күндерін пайдаланбаған мемлекеттік қызметшігепайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі. Өтемақы төлемімемлекеттік қызметшінің орташа жалақысы есебінен есептеледі.12. Мемлекеттік қызметшіге оның өтініші бойынша Қазақстан Республикасыныңеңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс берілуімүмкін. Жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде мемлекеттік қызметшінің жұмысорны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.50-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты кепілдіктер1. Еңбек жағдайларының өзгеруіне алып келмейтін, әкімшілік мемлекеттікқызметшінің мемлекеттік лауазымы атауының не ол жұмыс істейтін мемлекеттік орган(құрылымдық бөлімше) атауының өзгертілуі оны жұмыстан шығаруға немесе басқамемлекеттік лауазымға тағайындауға негіз болмайды.Бұл жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік лауазымға қайта тағайындау туралы тиісті акт шығарады.2. Уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазым бойынша негізгі әкімшілікмемлекеттік қызметші жұмысқа шықпай мемлекеттік лауазымнан босатылған жағдайда, осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осымемлекеттік лауазымды уақытша атқаратын адам конкурс өткізілмей, осы мемлекеттіклауазымда жұмысын тұрақты негізде жалғастыруға құқылы.Бұл жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік лауазымға қайта тағайындау туралы акт шығарады.3. Мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде әкімшілікмемлекеттік қызметші бұрын атқарған мемлекеттік лауазымына тең дәрежелі, бұрынатқарған лауазымдық өкілеттігіне сәйкес келетін мемлекеттік лауазымғатағайындалады.Тең дәрежелі мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда, әкімшілік мемлекеттікқызметші белгіленген біліктілік талаптарына сай болғанда оған өзге мемлекеттіклауазым ұсынылады. Өзге мемлекеттік лауазым болмаған кезде әкімшілік мемлекеттікқызметші жұмыстан шығарылуға тиіс.Өзге бос мемлекеттік лауазым болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердіуақытша бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді, бұған уақытшаболмаған мемлекеттік қызметшіні алмастыру не әкімшілік мемлекеттік қызметшініңөзінің келісім беру жағдайлары кірмейді.Ұсынылатын мемлекеттік лауазым туралы хабарламаны алған әкімшілікмемлекеттік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауғаміндетті. Көрсетілген мерзімде шешім болмаған немесе ұсынылған мемлекеттіклауазымнан бас тартылған жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс.Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар әкімшілік мемлекеттік қызметшігежұмыстан шығарылған кезде төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығужәрдемақысы төленеді.Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан аз болған кезде әкімшілік мемлекеттікқызметшіге бір орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысытөленеді.4. Мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функцияларын,өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін беру кезінде берілген функцияларды,өкілеттіктерді орындаған және (немесе) мұндай штат бірліктерінде тұрған әкімшілікмемлекеттік қызметшілерге басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары,өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік органда тең дәрежелімемлекеттік лауазымдар ұсынылады.Тең дәрежелі мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда, әкімшілік мемлекеттікқызметші белгіленген біліктілік талаптарына сай болғанда оған сол мемлекеттікорганда өзге мемлекеттік лауазым ұсынылады. Өзге мемлекеттік лауазым болмағанкезде әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылуға тиіс.Өзге бос мемлекеттік лауазым болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердіуақытша бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді, бұған уақытшаболмаған мемлекеттік қызметшіні алмастыру не әкімшілік мемлекеттік қызметшініңөзінің келісім беру жағдайлары кірмейді.Ұсынылатын мемлекеттік лауазым туралы хабарламаны алған әкімшілікмемлекеттік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауғаміндетті. Көрсетілген мерзімде шешім болмаған немесе ұсынылған мемлекеттіклауазымнан бас тартылған жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс.Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар әкімшілік мемлекеттік қызметшігежұмыстан шығарылған кезде басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары,өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган төрт орташаайлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді. Мемлекеттікқызмет өтілі үш жылдан аз болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшіге бір орташаайлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.Жұмыстан шығу жәрдемақысын алған әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстаншығарылғаннан кейін үш ай ішінде осы тармаққа сәйкес өзіне мемлекеттік лауазымұсынылған мемлекеттік органға қабылданған жағдайда, жұмыстан шығужәрдемақысын қайтаруға міндетті.Ескертпе. Осы тармақтың мақсаттары үшін дербес заңды тұлға ретінде тіркелгенмемлекеттік орган басқа мемлекеттік орган деп түсініледі.5. Мемлекеттік органның штат кестесі немесе мемлекеттік лауазымдарқысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттікқызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлықжалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді. Мемлекеттік қызмет өтіліүш жылдан аз болған кезде мемлекеттік қызметшіге бір орташа айлық жалақымөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.6. Мемлекеттік орган таратылған (жойылған) жағдайда әкімшілік мемлекеттікқызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлықжалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді. Мемлекеттік қызмет өтіліүш жылдан аз болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшіге бір орташа айлықжалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.51-бап. Мемлекеттік органды көшіру1. Мемлекеттік органды көшіру оның орналасқан жерін белгіленген елді мекеншегінде не одан тыс жерге ауыстыруды білдіреді.Мемлекеттік органды көшіру Қазақстан Республикасы Президентінің актісінегізінде жүзеге асырылады.2. Мемлекеттік органды көшіру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:1) мемлекеттік функциялардың үздіксіз орындалуын және мемлекеттікқызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету;2) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде олардыңеңбек ету және әлеуметтік кепілдіктерге құқықтарын сақтау;3) мемлекеттік органды көшіруге бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.3. Мемлекеттік орган кемінде бір ай бұрын көшіру және мемлекеттікқызметшілердің басқа жұмыс орындарына ауыстырылуы туралы оларды хабардар етеді. Хабарламаны алған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органды көшіругебайланысты басқа жұмыс орындарына ауысу жөнінде қабылданған шешім туралы бесжұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Мемлекеттік қызметшілер орын ауыстыруданбас тартқан кезде жұмыстан шығарылуға тиіс.4. Мемлекеттік органды басқа елді мекенге көшіру кезінде мемлекеттікқызметшілерге "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңындакөзделген қызметтік тұрғынжай не тұрғын үй төлемдері ұсынылуға тиіс.Мемлекеттік органды көшіруге байланысты басқа елді мекенге ауыстырылғанмемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақытөлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру,тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ олардың жеке мүлкінтасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларын уәкілетті органның ұсынуыбойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.52-бап. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары1. Мемлекеттік қызметшілер "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚазақстанРеспубликасының және Қазақстан Республикасының өзге Заңында де заңнамасындаайқындалатын тәртіппен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.Мемлекеттік қызметшілердің оларды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшінәзірленген жеңілдікті тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құқығы бар. Мұндайбағдарламаларға қатысу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасыныңзаңнамасымен реттеледі.2. Мемлекеттік қызметшілер және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері тиістімемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетудібелгіленген тәртіппен пайдаланады.3. Басқа елді мекенге ротацияланған, көшірілген немесе ауыстырылған мемлекеттікқызметшілердің (конкурс бойынша лауазымға тағайындалған мемлекеттікқызметшілерді қоспағанда) мектепке дейінгі жастағы балаларының тұрғылықты жерібойынша мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезектен тыс қабылдануға құқығы бар.4. Мемлекеттік қызметшілерге, конкурс бойынша мемлекеттік лауазымғаорналасуды қоспағанда, бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызметбабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде тұрғын үй төлемдері, көтермежәрдемақы беріледі, сондай-ақ олардың жеке мүлкін тасымалдауға жұмсалғаншығындары өтеледі.Басқа елді мекенге тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үйтөлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру,тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ олардың жеке мүлкінтасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларын уәкілетті органның ұсынуыбойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Басқа елді мекенге тағайындалған кезде тұрғын үй төлемдеріне, көтермежәрдемақыға, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуінеқұқығы бар мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізбесі басқа елді мекенгетағайындалған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінесептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтататұру және қайта бастау, сондай-ақ олардың жеке мүлкін тасымалдауға арналғаншығындарды өтеу қағидаларында айқындалады.5. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусыныңәкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.6. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерінемемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақымөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері ҚазақстанРеспубликасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген мөлшерден төмен болмауға тиіс.7. Мемлекеттік қызметші міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге жіберілгенкезде не мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін уақытша босатылғанкезде оның жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.53-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде мемлекеттік қызметті өткеруерекшеліктері1. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздығыбойынша төлемдерді көзделген қаражат есебінен төлеуге міндетті.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер:1) мемлекеттік қызметшінің кінәлі екені соттың заңды күшіне енген айыптауүкімімен белгіленген жағдайда, ол еңбекке уақытша жарамсыздықты қылмыстық құқықбұзушылық жасау кезінде лауазымдық міндеттерін орындағанда алса;2) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер менпрекурсорларды тұтынудан туындаған аурулардың салдарынан немесе өндірістікжарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;3) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына, қосымша демалыс күндеріне,қысқа мерзімді демалысқа, жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбеккеуақытша жарамсыздық күндері үшін;4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтындемалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа дажағдайларда төленбейді.2. Мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, ауру денсаулықсақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтыңнеғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайлардықоспағанда, қатарынан екі айдан не жұмыс жылы ішінде әртүрлі ауру бойыншажиынтығы алты айдан аспауға тиіс.Еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленген мерзімінің аяқталуы мемлекеттікқызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болады.Осы тармақтың күші мемлекеттік қызметшінің жүктілікке, босануға немесе жаңатуған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста болу жағдайларынақолданылмайды.Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алғанөндірістік жарақаттарға не мертігулерге (жаралануларға, контузияларға, жарақаттарға)байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді.54-бап. Мемлекеттік қызметшілерді зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруМемлекеттік қызметшілерді зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруҚазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және Қазақстан Республикасыныңөзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.55-бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарлар кезіндегі кепілдіктері менөтемақылары1. Мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттергеiссапарларға баруға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен өтеледi.Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік іссапарда болған уақыты үшін тәулікақыалуға, межелі жерге баруға және кері қайтуға жол жүру шығыстарын, тұрғын үй-жайдыжалдау шығыстарын өтеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгенкепілдіктер мен құқық қолданылады.2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттіклауазымы) және жалақысы сақталады.56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктерімен өтемақыларыҚазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктерімен өтемақылары "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.57-бап. Мемлекеттік қызметшілерді әскери қызметке шақыру кезіндегі кепілдіктерМемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскериқызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскергешақыруды қоспағанда), әскери жиындардан өтуге шақырылған жағдайда оларға әскериқызмет (әскери жиындар) кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі жәнеолардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады, ал резервтегі әскери қызметтіөткеру туралы келісімшарт жасалған жағдайда жауынгерлік даярлық бойыншасабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болғанкезеңде жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.8-тарау. ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП58-бап. Қызметтік тәртіп1. Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттікоргандардың актілерін және өзінің лауазымдық міндеттерін міндетті түрде сақтауымемлекеттік қызметтегі қызметтік тәртіп болып саналады.2. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік органның құрылымдықбөлімшелерінің басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер арасындағықызметтік тәртіптің жай-күйіне жауапты болады.3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауды қоспағанда, мемлекеттікқызметшілердің мемлекеттік органдар орналасқан жерден тыс жерде қызметтен тысуақытта жасаған және қызмет бабымен немесе мемлекеттік қызмет мүдделеріменбайланысты емес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тиісті басшыжауапты болмайды.4. Қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту мақсатында мемлекеттікқызметшілерге қатысты көтермелеу шаралары, тәртіптік жазалар, сондай-ақ осы Заңдакөзделген, тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларықолданылуы мүмкін.59-бап. Көтермелеу1. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгіліорындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмалардыорындағаны, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметінбағалау нәтижелері бойынша қолданылады.2. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органның актісінде нақты сіңіргенеңбегі көрсетіле отырып, мынадай көтермелеу қолданылуы мүмкін:1) біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі сыйлықақы беру;2) алғыс жариялау;3) бағалы сыйлықпен марапаттау;4) грамотамен марапаттау;5) құрметті атақ беру;6) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу;7) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградаларменмарапаттау.Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алған кезде онымен бір уақытта бір ай ішіндекөтермелеудің басқа да нысандары қолданылмайды.Бір реттік ақшалай сыйақы түріндегі сыйлықақы беруді, тәртіптік жазанымерзімінен бұрын алуды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге қатысты көтермелеудіқолданудың үлгілік қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.3. Мемлекеттік қызметшілер ерекше еңбек сіңіргені үшін "ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.4. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өтуге орай ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызметінің ардагерлері Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, сондай-ақҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленгентәртіппен ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.5. Мемлекеттік наградамен немесе уәкілетті органның ведомстволық наградасыменмарапатталған, мемлекеттік қызмет өтілі жиырма бес жылдан кем емес мемлекеттікқызметші зейнеткерлікке шыққан кезде оған төрт лауазымдық айлықақы мөлшеріндебіржолғы ақшалай сыйақы төленеді.60-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы1. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны және(немесе) тиісінше орындамағаны, Қазақстан Республикасы заңнамасының жәнемемлекеттік органдар актілерінің талаптарын бұзғаны үшін ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес заңдық жауаптылықта болады.Заңдық жауаптылық қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптікжауаптылықты қамтиды.2. Саяси жауаптылық мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін тиісіншеорындамағаны және (немесе) оларға қол жеткізбегені үшін туындайды.Саяси жауаптылық саяси мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуіне, сенімненайырылуына не мемлекеттік лауазымға тағайындауға және атқаратын мемлекеттіклауазымнан босатуға уәкілеттік берілген лауазымды адамның (органның) өкілеттіктітоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты олардың өкілеттігін тоқтатуға алыпкеледі.Саяси мемлекеттік қызметшілер саяси және заңдық жауаптылықта болады.3. Сайланбалы мемлекеттік қызметшілер заңдық жауаптылықта болады.Сайланбалы мемлекеттік қызметшілер сайлауалды бағдарламасының мақсаттарымен міндеттеріне қол жеткізбегені және (немесе) өздерінің лауазымдық өкілеттігішеңберінде қабылдайтын не іске асыратын шешімдері үшін де халық алдындажауаптылықта болады, ол орнынан түсуге байланысты немесе ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайларда олардың өкілеттігінтоқтатуды қамтиды.4. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер заңдық жауаптылықта болады.5. Лауазымды адамдардың лауазымдық міндеттерді орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар,өкімдер беруіне тыйым салынады.Мемлекеттік қызметшінің көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты, өкімді орындауы оныжауаптылықтан босатпайды.Мемлекеттік қызметші орындау үшін алынған бұйрықтың, өкімнің құқыққасыйымды екеніне күмәнданған кезде бұл туралы өзінің тікелей басшысына жәнебұйрықты, өкімді берген басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттікқызметшінің тікелей басшысы және басшысы бұйрықты, өкімді жазбаша растағанжағдайда, егер оларды орындау қылмыстық құқық бұзушылықтарға немесе әкімшілікқұқық бұзушылықтарға жататын әрекеттерге алып келмесе, мемлекеттік қызметшіоларды орындауға міндетті.Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз бұйрықты, өкімді орындауыныңсалдарлары үшін бұйрықты, өкімді растаған тікелей басшы немесе басшы жауаптыболады.6. Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне қатысты қабылданатын мемлекеттікорганның шешімдеріне, оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) уәкілетті органға не сотқа шағымжасауға құқығы бар.7. Мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, әкімдер менолардың орынбасарлары, мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары,құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, осы Заңда көзделген жағдайлардықоспағанда, өздеріне тікелей бағынысты не өздері жетекшілік ететін адамдардыңсыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай жағдайлар жиынтығы болса:1) сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағынемесе тиісінше орындамаудағы кінәсінің арасында байланыс анықталған;2) аталған адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қылмыстықжауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісі болған не сыбайласжемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесесот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы біріншібөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізіндетоқтатқан жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптікжауаптылықта болады.8. Мемлекеттік органға келтірілген залал үшін мемлекеттік қызметшініңматериалдық жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгенжағдайларда және мөлшерлерде туындайды.9. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органға келтірілген тікелей нақты залалдыөтеуге міндетті.10. Егер нұқсан еңсерілмейтін күш не аса қажеттілік, қажетті қорғаныс, сондай-ақмемлекеттік органның мемлекеттік қызметшіге берілген мемлекеттік мүліктің сақталуыүшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауысалдарынан туындаса, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген залалүшін материалдық жауаптылығы болмайды.61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – тәртіптік терісқылық) – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде,кінәлі болатындай орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттігінасыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сондай-ақбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы.ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.2. Тәртіптік жазалар тәртіптік жауаптылық шарасы болып саналады.Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадайтәртіптік жаза түрлері қолданылады:1) ескерту;2) сөгіс;3) қатаң сөгіс;4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту;5) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету;6) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымынтөмендету;7) сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану;8) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, атқаратын мемлекеттіклауазымынан шығару.Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.3. Мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза, уақытша босмемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған босмемлекеттік лауазым болғанда және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымғабелгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Төмен тұрғанмемлекеттік лауазымға тағайындау конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету түріндегі тәртіптік жазакелесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде қолданылады. Ол болмаған кездеосы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегітәртіптік жаза қолданылады.Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару және сайланған мемлекеттікқызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза осыЗаңда көзделген негіздер бойынша қолданылады.4. Басқа саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасқан мемлекеттікқызметші бұрынғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшінтәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.5. Тәртіптік жаза:1) мұндай өкілеттігі бар лауазымды адам (орган) не осындай өкілеттік берілген өзгеде лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілгенадам) тарапынан қолданылады;2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болса және тәртіптік жаза терісқылықтың ауырлығына сәйкес келсе, сол бір теріс қылық үшін қайта қолданылмайды;3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтынмемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне сәйкес қолданылады.6. Мыналар тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамдар деп танылады:1) саяси мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – саясимемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығыбар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);2) сайланған мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – жоғарытұрған лауазымды адам;3) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшініқоспағанда, әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде –әкімшілік мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босатуқұқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);4) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшігетәртіптік жаза қолдану кезінде – жергілікті өкілді орган не ол уәкілеттік бергенлауазымды адам (уәкілетті орган).7. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешімдітәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам қабылдайды.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын алқалы орган ҚазақстанРеспубликасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазақолдану тәртібіне сәйкес қарайды.8. Сайланған мемлекеттік қызметшіге оны атқаратын лауазымына сай емес деп танутүрінде тәртіптік жаза қолданылған кезде тиісті актінің көшірмесі жергілікті өкілдіорганға жіберіледі, ол сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтату туралыне оның өз міндеттерін жүзеге асыруын жалғастыруы туралы мәселені бір ай мерзімдеқарайды.Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданғанжағдайда жергілікті өкілді орган шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлаукомиссиясына жіберіледі.Жергілікті өкілді органның шешімі негізінде аумақтық сайлау комиссиясысайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін жоғалту фактісін назарға алады.62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттікқызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар деп танылады:1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсызараласуы;2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін өзінің не жақын туыстары менжекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелердішешу кезінде пайдалануы;3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметте ілгерілету кезіндеҚазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңдытұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімгеболмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдемкөрсетуі;6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндайақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшінпайдалануы;7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңды тұлғаларғаберілуі көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анықемес немесе толық емес ақпарат беруі;8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңдытұлғалардың беруі көзделмеген ақпаратты мұндай тұлғалардан талап етуі;9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелегенкандидаттардың сайлау қорларына беруі;10) адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда,игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі жәнеқызметтік емес қызметтер көрсетуі;11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;12) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерліккодексінің 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік бақылаудыұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға осындайқызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалау өкілеттіктерінберуі;14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік органмәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;15) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерініңмемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиістіфункциялар орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша,көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақынықабылдауы.Мемлекеттік қызметшінің шотына аталған адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын орындауына байланысты осы тармақшаның бiрiншiбөлігін бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтынмерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың келіп түсумән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджеткеаударылуға тиіс;16) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруғабайланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзгеадамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшінсыйлықтарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстiфункцияларын атқаруына байланысты осы тармақшаның бiрiншi бөлігін бұза отырыпалған сыйлықтар сыйлық алынған күннен бастап не мемлекеттік қызметшігесыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішіндемемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, алмемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін қызметкөрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралымәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақшааудару арқылы ақы төленуге тиіс.Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші оларды "Мемлекеттік мүліктуралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуғақұқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;17) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғаларыесебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге десапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамныңжәне (немесе) органның келiсiмiмен), егер олармен арадағы қарым-қатынастаршақырылатындардың қызмет бабындағы мәселелерді қозғамаса;Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiкоргандары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардыңжәне (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен ғылыми,спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiнұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындайұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;18) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге демүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмегенартықшылықтарды пайдалануы.2. Лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттікқызметтің қадірі мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер де, атап айтқанда:1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналықемес мақсатта тұтыну;2) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлықмасаң күйде басқару мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарболады.3. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері мемлекеттік қызметші қызметбабында байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке жәнезаңды тұлғаларының есебінен сыйлықтарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді,туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылыемес.Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды сыйлықалынғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішіндемемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және өзініңотбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған көрсетілген қызметтердің құнынқызмет көрсетілгені туралы мемлекеттік қызметшіге мәлім болған күннен бастап жетіжұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.4. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қандай да біртәртіптік теріс қылықтар жасауы, егер оларда қылмыстық құқық бұзушылық неәкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге,ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сайеместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдануға алып келеді.Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жылішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардықайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттікқызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.5. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5)тармақшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қандай да біртәртіптік теріс қылықтар жасауы, егер оларда қылмыстық құқық бұзушылық неәкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, қызметке толық сай еместігі туралыескерту, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану,атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жазаны қолдануғаалып келеді.Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жылішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардықайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттікқызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.6. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 9), 13), 14), 15), 16), 17)және 18) тармақшалары мен 2-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кіркелтіретін тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы атқаратын мемлекеттіклауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сайемес деп тануға алып келеді.63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттікқызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетінкепілдіктер1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдануғанегіз болады.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын болғызбайтын мән-жайлардыңболмауы тәртіптік жаза қолданудың шарты болады.2. Мыналар тәртіптік жауаптылықты болғызбайтын мән-жайлар деп танылады:1) тәртіптік жаза қолдану мерзімінің аяқталуы;2) тікелей басшы және басшы растаған құқыққа сыйымсыз бұйрықты, өкімдіорындау;3) егер жеке және заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңдымүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретінқауіпті өзге де тәсілдермен жою мүмкін болмаса, бұл қауіпті жою үшін мәжбүрлішаралар;4) бұзылуы тәртіптік жауаптылыққа алып келетін, бұрын шығарылған актініңнемесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылды деп тану, олардың күшін жою;5) мемлекеттік қызметшіні лауазымды адам ретінде әкімшілік жауаптылыққа тарту;6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.3. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадайөлшемшарттар ескеріледі:1) жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;3) мемлекеттік қызметшінің жеке басын және оның қызметке көзқарасынсипаттайтын деректер;4) мемлекеттік қызметші кінәсінің дәрежесі;5) тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар;6) тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар.4. Мыналар тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:1) мемлекеттік қызметшінің өзінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы тікелейбасшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына ерікті түрде хабарлауы;2) тәртіптік жаза болмаған кезде тәртіптік теріс қылық жасау және теріс қылықжасау фактісімен келісудің болуы;3) тәртіптік теріс қылықты жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар қалыптасқанкезде жасау;4) тәртіптік теріс қылықты тәндік, психикалық не өзге де мәжбүрлеу салдарынанжасау;5) теріс салдардың болмауы.5. Мыналар тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:1) егер мемлекеттік қызметшіге бірінші теріс қылығы үшін тәртіптік жазақолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаған болса, сондай тәртіптік терісқылықты қайталап жасау;2) қарамағындағы мемлекеттік қызметшіні тәртіптік теріс қылық жасауға тарту;3) тәртіптік теріс қылықты төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шараларыенгізілген кезеңде жасау;4) лауазымдық міндеттерді өрескел сақтамау;5) тәртіптік теріс қылықты профилактикалық есепте болған кезеңде жасау;6) тәртіптік теріс қылықты алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйде немесе психикаға белсенді әсер ететін затты тұтынусалдарынан жасау.6. Мемлекеттік қызметшінің міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауылауазымдық міндеттерді өрескел сақтамауға жатады, олар:1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді;2) қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуімен міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттер жасауды, қызметтік әдептісақтамауды;3) жұмыста алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаңкүйде болуды, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдықты тудыратынзаттарды тұтынуды;4) мемлекеттік органның мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жарияетуді;5) адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтынмәліметтерді жария етуді;6) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етпеуді, сеніп тапсырылғанмемлекеттік меншікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалануды;7) теріс салдарға алып келген, мемлекеттік қызметтің имиджіне анық нұқсанкелтіретін өзге де әрекеттер жасауды;8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де әрекеттер жасаудықамтиды.7. Тәртіптік жазаны қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшініміндетін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жазақолданылған міндетін орындаудан босатпайды.8. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартумен байланыстыбарлық материалмен таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жекеөзінің қатысуына құқық беріледі.9. Жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органныңнемесе лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне ҚазақстанРеспубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері1. Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айданкешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айданкешіктіріп қолдануға болмайды.Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осыЗаңда көзделген тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айданкешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылданкешіктіріп қолдануға болмайды.Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған және мемлекеттік қызметшініңіс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері болған жағдайларда тәртіптік жазақылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғанкүннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастапбір жылдан кешіктірілмей қолданылады.Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiсқылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiсқылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарайтын алқалы органтәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымды тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілгенадамға енгізген күн не аталған адамға мемлекеттік қызметшінің осы теріс қылықтыөзінің жасау фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктеме берілген күн мерзімніңөтуі басталатын, тәртіптік теріс қылық анықталған күн деп есептеледі.Белгiлi бiр теріс қылықтың бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуыменсипатталатын және ол анықталған кезде аяқталмаған тәртіптік теріс қылық ұзаққасозылған тәртіптік теріс қылық деп танылады.2. Мынадай:1) мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;2) мемлекеттік қызметші демалыста немесе іссапарда болған;3) мемлекеттік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттырукурстарында және тағылымдамада болған;4) мемлекеттік қызметші мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаууақытына өз міндеттерін атқарудан босатылған;5) мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартумен байланыстымемлекеттік органдардың актілері мен материалдарға Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;6) қылмыстық іс бойынша іс жүргізілген, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің өзлауазымдық өкілеттіктерін атқаруымен байланысты тиісті сот актісі заңды күшінеенгенге дейінгі;7) сыбайлас жемқорлық қылмыс бойынша қылмыстық іс жүргізілген, сондай-аққарамағындағы мемлекеттік қызметшіге қатысты тиісті сот актісі заңды күшіне енгенгедейінгі;8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізілген, сондай-ақ мемлекеттікқызметшінің өз лауазымдық өкілеттіктерін атқаруымен байланысты тиісті сот актісінемесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілгенлауазымды адамның актісі заңды күшіне енгенге дейінгі;9) мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшінің әрекетімен (әрекетсіздігімен)байланысты шешімі сотта қаралған жағдайларда тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуітоқтатыла тұрады.Тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуі прокурорлық қадағалау және ден қоюактілерін қарау кезеңінде де тоқтатыла тұрады және осы акт бойынша шешімқабылданған күннен бастап қайта басталады.3. Мемлекеттік қызметшіні іссапарға жіберу және (немесе) демалыстан керішақыртып алу оны тәртіптік жауаптылыққа тартумен байланысты жағдайлардықоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тәртіптік жауаптылықтуралы мәселені қарау тоқтатыла тұрады, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданылмайды.Егер мемлекеттік қызметшіге оның тәртіптік жауаптылығына байланыстыматериалдардың қаралатыны туралы оның еңбекке уақытша жарамсыздығыбасталғанға дейін тиісті түрде хабарланса, тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қараутоқтатыла тұрмайды.4. Тәртіптік жазаны қолдану мерзімі:1) ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап екі айдан;2) сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап үш айдан;3) қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап төрт айдан;ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаның қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгешекөзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыстаболатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, мемлекеттік қызметшініңлауазымдық деңгейін төмендету, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратынлауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастапалты айдан аспауға тиіс.Мемлекеттік лауазымды төмендету түріндегі тәртіптік жаза бойынша қолданылумерзімі белгіленбейді.5. Алдыңғы тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін алтыай ішінде тәртіптік теріс қылықты қайталап жасау Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруғадейінгі неғұрлым қатаң тәртіптік жазаға алып келеді.6. Тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам, егер бұрын қолданылғантәртіптік жазаның қолданылу мерзімі аяқталмаса, тәртіптік жауаптылықтыжеңілдететін мән-жайлар болса, тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайларболмаса, тәртіптік жаза қолданбастан, тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтықықпал ету шараларымен, бұрын қолданылған тәртіптік жазамен шектелуге құқылы.Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері мемлекеттік қызметке кір келтіретінтәртіптік теріс қылықтарға қолданылмайды.7. Тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам тәртіптік жазаның қолданылумерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгентәртіппен мерзімінен бұрын алуы мүмкін.65-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуМемлекеттік қызметші:1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкеслауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін;2) оның тәртіптік жауаптылығы қаралған жағдайда – тәртіптік жаза қолдануғауәкілеттік берілген адам тәртіптік жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейінжалақысын сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерінатқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.Тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам мемлекеттік қызметшінілауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету туралы акт шығарады.66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары1. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары мемлекеттікқызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасауының алдын алу, оларды жасауға ықпалететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік қызметшілергеқатысты қолданылады.2. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қабылдаутуралы мәселені қарау үшін мынадай мән-жайлардың:1) тәртіптік теріс қылық жасаудың;2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың;3) жеке және (немесе) заңды тұлғалар жолданымдарының, бұқаралық ақпаратқұралдарынан алынған ақпараттың;4) құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жолданымдарыныңболуы негіз болады.3. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары:1) профилактикалық әңгімелесу;2) жазбаша ескерту;3) мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы үшінқажетті мемлекеттік қызметшінің құзыреттерін тексеру;4) мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына қатысты жеке ұсынымдар;5) профилактикалық есепке алу және мониторингтеу.4. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары тәртіптікжазалармен бірге не тәртіптік жауаптылықты болғызбайтын немесе жеңілдететінмән-жайлар болған жағдайларда бөлек қолданылуы мүмкін.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары тәртіптік жазақолдануға уәкілеттік берілген адамның шешімі бойынша қолданылады.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қолданутуралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппеншағым жасалуы мүмкін.5. Мемлекеттік органдардың тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпалету шаралары жөніндегі қызметін үйлестіруді және оларды есепке алуды әдепжөніндегі уәкілдер жүзеге асырады.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттікқызметшіге қатысты қолдану туралы мәліметтер мемлекеттік қызметшінің қызметінбағалауды жүргізу, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану кезінде ескерілуі мүмкін.6. Тәртіптік теріс қылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларанықталған кезде уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі, әдеп жөніндегі уәкілтәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамның қарауына міндетті осы себептермен жағдайларды жою туралы ұсынымдар енгізеді. Ұсынымдарды қарау нәтижелеріжәне қабылданған шаралар туралы ақпарат бір ай мерзімде беріледі.7. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттікқызметшілерге қатысты қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ67-бап. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері1. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері:1) мемлекеттік қызметшіні осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату);2) мемлекеттік қызметшінің қайтыс болуы немесе заңды күшіне енген сот шешімінесәйкес оның қайтыс болды деп жариялануы;3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттікқызметшінің хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі дептанылуы;4) Қазақстан Республикасы азаматының бұрын өзі атқарған лауазымға қайтаорналасуы;5) мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттік қызметшінің жұмысқашығуы (уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарған жағдайда);6) мемлекеттік қызметті тоқтатуға алып келетін сайланбалы және өзге де жұмысқа (лауазымға) ауысуы;7) мемлекеттік органның жойылуы (таратылуы);8) мемлекеттік органның штат санының немесе мемлекеттік лауазымдардыңқысқартылуы.2. Ауыстырылған, ротацияланған, конкурс қорытындысы бойынша, конкурсөткізілмей, саяси мемлекеттік лауазымға, сайланбалы мемлекеттік лауазымғаорналасқан жағдайларда және осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарындажәне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделгенөзге де жағдайларда басқа мемлекеттік лауазымға орналасу мемлекеттік қызметшініңмемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болмайды. Бұл жағдайда мемлекеттіклауазымнан босату туралы акт шығарылады.3. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) негіздері:1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретінтәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, өзеркімен жұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы өтініш беруі;2) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің актілерінде көзделген лауазымдық өкілеттігі мерзімінің аяқталуы;3) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және ҚазақстанРеспубликасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан РеспубликасыныңӘлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы.Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттікқызметшілер зейнеткерлік жасқа толған кезде не олардың лауазымдық өкілеттіктерініңмерзімі аяқталған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті олардыбосату туралы шешім қабылдамаса, әдетте, бес жылға дейінгі мерзімге өзөкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастыра алады.Сайланған мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының Әлеуметтіккодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы өз өкілеттігін тоқтатуға негізболмайды.Әкімшілік мемлекеттік қызметші тараптардың өзара келісуімен мемлекеттікқызметте болу мерзімін бір рет бір жылға ұзартуға құқылы.Бұл ретте тәлімгерлікті жүзеге асыру үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшітараптардың өзара келісуімен мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір рет екі жылғаұзартуға құқылы.Егер "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі бір жұмыс жылы ішіндеқызметін бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тиімді бағаны екі рет алмаса не жұмыс жылы ішінде оған қызметтік әдептібұзғаны үшін тәртіптік жаза не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терісқылық үшін тәртіптік жаза қолданылса, оның мемлекеттік қызметте болу мерзімінұзартуға жол берілмейді;4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, одан айыру не шығусалдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы.Мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда ол осыЗаңның 68-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жұмыстаншығарылуға тиіс;5) өзі атқаратын мемлекеттік лауазымның басқа мемлекеттік лауазымға (саясилауазымның әкімшілік не сайланбалы лауазымға, әкімшілік лауазымның саяси несайланбалы лауазымға, сайланбалы лауазымның саяси не әкімшілік лауазымға)өзгертілуі;6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстан шығаруға алып келетін,Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға берілгенрұқсаттың тоқтатылуы;7) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өзінемәлім болған мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарыменқорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуі;8) осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нәтижелерініңқанағаттанарлықсыз болуы;9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасындакөзделген талаптардың сақталуы ескеріле отырып, ротациялаудан бас тартуы;10) мемлекеттік қызметшінің осы Заңға сәйкес жұмыстан шығаруға алып келетін,еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан жұмысқа келмеуі;11) мемлекеттік лауазымды атқару кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сайкелмеуі;12) бір жұмыс күнінде дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан көп сағат бойыжұмыста болмауы;13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзіне әкімшілікқамаққа алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту шараларын қолдануға байланыстыжұмыста болмауы;14) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы біріншібөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істіңтоқтатылуы;16) мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияныұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққатартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықжасауы;17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстан шығаруға алыпкелетін, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы;18) осы Заңның 21-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 7, 8), 9), 10), 11), 12), 13),14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында, 3-тармағында көрсетілген ҚазақстанРеспубликасының азаматтарын мемлекеттік лауазымға қабылдау;19) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстан шығаруға алыпкелетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы;20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді сақтамағаныүшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жазаның қолданылуы;21) мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкінмәліметтерді мемлекеттік қызметке кірген кезде ұсынбауы немесе қасақана бұрмалауы;22) кірістері мен меншік құқығында өзіне тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалғанмәліметтер ұсынуы;23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеуі;24) кәсіпкерлік қызметті тоқтату және (немесе) мүлікті иеліктен шығару бойыншаосы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген шаралардықабылдамауы;25) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде болуы, оның ішіндежұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйді тудыратынзаттарды (сол тектестерді) тұтынған жағдайларда;26) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйді тудыратын заттарды тұтынуфактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы;ЗҚАИ-ның ескертпесі!27) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.27) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес жұмыстан шығаруға алып келетін, мемлекеттік қызметшішығыстарының кірістеріне сәйкес келмеуі;28) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзгеде негіздер.4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар да саясимемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтатуға негіз болады:1) саяси мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін доғару туралы жеке жазбаша өтінішінегізінде орнынан түсуінің қабылдануы;2) саяси мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнанбосату құқығы берілген лауазымды адамның (органның) тиісті шешім қабылдауы;3) басқа жұмысқа ауысуы;4) сенімді жоғалтуы.Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттікқызметшілер өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісіншеорындамағаны үшін сенімді жоғалтуына байланысты Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің шешімімен жұмыстан шығарылуы мүмкін.5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар дасайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтатуға негіз болады:1) сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін доғару туралы жеке жазбашаөтініші негізінде орнынан түсуінің қабылдануы;2) аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған мемлекеттік қызметшінітіркеуі;3) әлеуметтік демалыста, оқуда болуы және сайланған мемлекеттік қызметшініңқатарынан үш айдан астам жұмыста болмайтынын куәландыратын өзге де мән-жайлар;4) ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органыныңсайланған мемлекеттік қызметшіге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегітәртіптік жаза қолданылуға байланысты оның өкілеттігін тоқтату туралы шешімқабылдауы;5) ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органыныңсайланған мемлекеттік қызметшіге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын жоғарытұрған лауазымды адамның қабылдауы.Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі тоқтатылған кезде тиісті аумақтықсайлау комиссиясы тиісті адамның сайланған мемлекеттік қызметші өкілеттігінжоғалту фактісін растайтын шешім қабылдайды.6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, мыналар да әкімшілікмемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болады:1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасындакөзделген еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;2) конкурс қорытындыларының немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымғатағайындау туралы акт күшінің жойылуы;3) аттестаттаудың теріс нәтижелері."А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісін лауазымға тағайындауға жәнеоны лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) уәкілеттікомиссияның ұсынымдары негізінде қабылданатын шешімі де "А" корпусыныңәкімшілік мемлекеттік қызметшісін жұмыстан шығаруға негіз болады.Арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, мемлекеттікфельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ әскери лауазымдарды атқаратынәскери қызметшілер іссапарға жіберу мерзімі аяқталған жағдайда, оларды жібергенмемлекеттік орган кері шақыртып алуға не Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.7. Саяси мемлекеттік қызметшілердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер болыпсаналатын мемлекеттік органдар басшыларының ауысуы аталған адамдардыңбастамасы бойынша "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттікқызметті тоқтатуына негіз болмайды.8. Осы баптың 3-тармағының 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларына, 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына, 5-тармағыбірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларына сәйкес жұмыстан шығарылғанмемлекеттік қызметшілер теріс себептермен жұмыстан шығарылған (өкілеттігітоқтатылған) деп танылады.68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртібі меншарттары1. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметін тоқтату, оны жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімді мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындаужәне оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттікберген лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.2. Мемлекеттік қызметті тоқтату осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4)тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тараптардың еркінен тыс мән-жайларбойынша жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметші қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз,әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, бұрынмемлекеттік лауазымды атқарған Қазақстан Республикасының азаматын мемлекеттікқызметке қайта орналастыру туралы шешім шығарылған күн көрсетілген негіздербойынша мемлекеттік қызметті тоқтату күні болады.3. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттікқызметшінің жұмысқа шығуы туралы хабарлама (өтініш) негізінде жүзеге асырылады.Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.Негізгі мемлекеттік қызметші болмаған кезеңде уақытша бос мемлекеттіклауазымды атқарған мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті тоқтату туралыхабарлама жіберу талап етілмейді.4. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) немесебасқа лауазымға сайлау (тағайындау) актісі негізінде жүзеге асырылады.Хабарлама осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.Хабарламаны және басқа лауазымға сайлау немесе тағайындау актісін ұсынбаужұмыстан шығарудан (өкілеттігін тоқтатудан) бас тартуға негіз болмайды.5. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілгенжағдайларда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік органды тарату (жою),мемлекеттік органның штат санын қысқарту туралы шешім негізінде жүзегеасырылады.Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның таратылатыны (жойылатыны),мемлекеттік органның штат санының қысқартылатыны туралы мемлекеттік қызметтітоқтату күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.Мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен мемлекеттік қызметті тоқтатухабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттіклауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзіміаяқталғанға дейін жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшініңжазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кездемемлекеттік қызметті тоқтатуға жол беріледі.6. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттікқызметшінің хабарламасы (өтініші) негізінде өз еркімен жұмыстан шығару (өкілеттігінтоқтату) күнінен кемінде бір ай бұрын жүргізіледі. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.Тараптардың өзара келісуімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату)хабарламаның (өтініштің) мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.Хабарламаны (өтінішті) мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі ішіндекері қайтарып алуына болады.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы қаралған, материалдық жауаптыадам болатын мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы)қабылдау-тапсыруды аяқтамаған жағдайлардан басқа, мемлекеттік қызметші хабарлама(өтініш) мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысын тоқтатуға құқылы.Мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсырудыаяқтаған, оның тәртіптік жауаптылығы туралы шешім шыққан күн жұмыстан шығарукүні болып саналады. Жұмыстан шығару күні мемлекеттік қызметші өз еркіменжұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама (өтініш) берген күннен бастапекі айдан кеш болмауға тиіс.7. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) лауазымдық өкілеттікмерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.8. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) ҚазақстанРеспубликасының белгіленген зейнеткерлік Әлеуметтік кодексінде жасқа толғанкүннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрынхабарлама жіберіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.Осы тармақтың ережелері саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.9. Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының бірінші бөлігіндекөрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігінтоқтату) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанын, одан айырылғанын нешыққанын растайтын мәліметтер және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойыншаосы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымдыадамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілгенжағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) оның шетмемлекеттің азаматтығын тоқтату туралы өтінішхат бергенін растайтын мәліметтерболған жағдайды қоспағанда, оның шетел азаматтығы бар екенін растайтын мәліметтержәне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталғанадамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазбанегізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.10. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттіклауазымды басқа мемлекеттік лауазымға өзгерту туралы шешім негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметші жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабардаретіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.Жұмыстан шығару мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен хабардар етумерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнанбас тартқан кезде жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабардар ету мерзіміаяқталғанға дейін жүргізіледі.Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартуды ұсынған не мемлекеттікқызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын актболған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.11. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) "Мемлекеттікқұпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес мемлекеттікқұпияларға берілген рұқсатты тоқтату туралы шешім негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.12. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мәліметтерді жарияеткені туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізгенқызметтік жазба негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.13. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттікқызметшінің қызметін бағалау нәтижелерінің қанағаттанарлықсыз болғаны туралышешім негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.14. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттікқызметшінің ротациялаудан бас тартуы негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшініңжазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кездежұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.15. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбекке уақытшажарамсыздығы туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осыбаптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамыенгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.Мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты немемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралыхабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастапкүнтізбелік он күн ішінде жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кездене осы Заңның 53-бабында көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларысалдарынан мемлекеттік лауазымнан босатылған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігінтоқтатуға) жол беріледі.16. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымғаорналасу кезіндегі талаптарға сай еместігі туралы ақпарат және осы ақпаратты қарауқорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттікорганның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.17. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілгенжағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптікжаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралыхабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастапкүнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметші жұмыста болмау себептері туралыақпаратты бермеген кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.18. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларындакөрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігінтоқтату) сот қаулысы немесе үкімі шыққаны, қылмыстық істің тоқтатылғаны, әкімшіліксыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы ақпараттың және осыақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымдыадамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізіндежүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.19. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолданутәртібі сақтала отырып жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.20. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) адамның мемлекеттіклауазымға қабылданғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысыбойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағындааталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.21. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) шектеулердіңсақталмағаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойыншамемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталғанадамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.22. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолданутәртібі сақтала отырып жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.23. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) ақпараттыңберілмегені немесе қасақана бұрмаланғаны туралы мәліметтердің және осындаймәліметтерді қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымдыадамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізіндежүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.24. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) кірістер мен мүліктуралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынылғаны туралы ақпараттың және осыақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымдыадамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізіндежүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.25. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мүліктің сенімгерлікбасқаруға берілмегені туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысыбойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағындааталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.26. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) осы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген кәсіпкерлік қызметті тоқтату және (немесе)мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралардың қабылданбағаны туралы ақпараттыңжәне осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиістілауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтікжазбаның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.27. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолданутәртібі сақтала отырып жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.28. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жазанықолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.ЗҚАИ-ның ескертпесі!29-тармақ 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.29. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 27) тармақшасында көрсетілген жағдайдамемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшішығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмейтіні туралы ақпараттың және осыақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымдыадамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізіндежүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.30. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындакөрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату)еңбек шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастапжүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.31. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындакөрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату)конкурс қорытындыларының, әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау туралыактінің күші жойылғаны туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.32. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындакөрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату)аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарламажіберу талап етілмейді.33. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 15) және 16)тармақшаларында, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыз болған (оның ішінде жүктіліккежәне босануға байланысты), демалыста болған кезеңде оны жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол берілмейді.69-бап. Саяси мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуі1. Саяси мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында,осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасыныңөзге де заңнамасында белгіленген негіздерде және тәртіппен орнынан түсуге өтінішбереді және орнынан түседі.Саяси мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асырумүмкін емес деп санаса, мемлекеттік органға немесе өзін саяси мемлекеттік лауазымғатағайындаған лауазымды адамға өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге құқылы.Орнынан түсуді қабылдау саяси мемлекеттік қызметшілер өкілеттіктерініңтоқтатылғанын білдіреді.Егер орнынан түсу негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, саяси мемлекеттік қызметшілер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасында көзделген жалпы негіздерде жұмыстан шығарылады.2. Орнынан түсуді мемлекеттік орган немесе саяси мемлекеттік қызметшіні осымемлекеттік лауазымға тағайындаған лауазымды адам қабылдайды не орнынан түсудіқабылдаудан уәжді түрде бас тартады.Орнынан түсуді қабылдау туралы немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тартутуралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішіндеқабылданады.Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметшілауазымдық өкілеттігін орындауды жалғастыруға тиіс және оның жұмыстан шығуғақұқығы бар.Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметшіорнынан түсуден бас тарту туралы шешімді қабылдаған лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптікжауаптылыққа тартылуы мүмкін.3. Осы тармақта көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер тағайындалған күніненбастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда:1) орталық мемлекеттік органның басшысы – оның орынбасары, тікелейқарамағындағы саяси мемлекеттік қызметші, орталық мемлекеттік орган (астанадағы,облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) аппаратының басшысы,аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;2) орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары – егер ол қызметтерінежетекшілік ететін болса, государственный орган басшысы, дербес құрылымдық бөлімшеніңбасшысы, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысжасағаны үшін;3) астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала әкімі – оның орынбасары,тікелей қарамағындағы саяси мемлекеттік қызметші, аппарат басшысы, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмысжасағаны үшін;4) астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала әкімінің орынбасары –егер ол қызметтеріне жетекшілік ететін болса, жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ведомстволық бағыныстыұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін;5) аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі – оның орынбасары,әкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушыорганның басшысы, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайласжемқорлық қылмыс жасағаны үшін орнынан түсуге өтініш береді.4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер бұрынсоңғы үш жылда басқа мемлекеттік органда немесе ұйымда өздерінің қарамағындаболған, өздері тағайындалғаннан кейін жұмысқа қабылданған қарамағындағы адамдарсыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін де орнынан түсуге өтініш береді.5. Саяси мемлекеттік қызметшілер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен неқылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестіккодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осыбаптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен орнынантүсуге өтініш береді.6. Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда саяси мемлекеттікқызметші өзі қызмет атқарған кезеңде мынадай негіздердің кез келгені болғанда:1) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволықбағынысты ұйымның басшысы ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлыққылмыс жасағаны;2) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволықбағынысты ұйымның басшысы бірнеше рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;3) қарамағындағы екі немесе одан көп мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететінведомстволық бағынысты ұйымның басшылары сыбайлас жемқорлық қылмысжасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппентәртіптік жауаптылыққа тартылады.7. Саяси мемлекеттік қызметшіні басқа саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауосы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда саяси мемлекеттікқызметшінің бұрынғы жұмыс орнындағы тікелей қарамағындағы қызметшілердің олқызмет атқарған кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны орнынантүсуге өтініш беру міндетінен босатпайды.70-бап. Сайланған мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуі1. Сайланған мемлекеттік қызметшінің тиісті мемлекеттік лауазымдағы міндеттерінатқаруды тоқтатуы орнынан түсу деп танылады, ол оның жазбаша өтініші негізіндежүзеге асырылады.2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы сайланғанмемлекеттік қызметшінің орнынан түсуін қабылдау немесе орнынан түсуінқабылдаудан уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.Орнынан түсуді қабылдау немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тарту туралышешім сайланған мемлекеттік қызметші жазбаша өтініш берген күннен бастап бір аймерзімде қабылданады.Орнынан түсу қабылданған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланыңжергілікті өкілді органының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлаукомиссиясына жіберіледі.Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда сайланған мемлекеттікқызметші өз міндеттерін атқаруды жалғастырады және оның осы Заңда белгіленгентәртіппен өз еркімен лауазымдық өкілеттігін тоқтатуға құқығы бар.3. Сайланған мемлекеттік қызметші сайланған күнінен бастап үш ай өткен соңөзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттенқаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, өзі жетекшілік ететінведомстволық бағынысты ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанжағдайда орнынан түсуге өтініш береді.4. Сайланған мемлекеттік қызметші бұрын соңғы үш жылда басқа мемлекеттікорганда немесе ұйымда өзінің қарамағында болған, өзі тағайындалғаннан кейінжұмысқа қабылданған қарамағындағы адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаныүшін де орнынан түсуге өтініш береді.5. Сайланған мемлекеттік қызметші соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенненне қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12)тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелікон күн ішінде осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жәнетәртіппен орнынан түсуге өтініш береді.6. Орнынан түсуді қабылдаудан бас тартылған жағдайда сайланған мемлекеттікқызметші өзі қызмет атқарған кезеңде мынадай негіздердің кез келгені болғанда:1) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволықбағынысты ұйымның басшысы ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлыққылмыс жасағаны;2) қарамағындағы мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететін ведомстволықбағынысты ұйымның басшысы бірнеше рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны;3) қарамағындағы екі немесе одан көп мемлекеттік қызметші, өзі жетекшілік ететінведомстволық бағынысты ұйымның басшылары сыбайлас жемқорлық қылмысжасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппентәртіптік жауаптылыққа тартылады.7. Сайланған мемлекеттік қызметшіні саяси мемлекеттік лауазымға тағайындау осыбаптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда қарамағындағы адамдардыңсыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны орнынан түсуге өтініш беруміндетінен босатпайды.71-бап. Мемлекеттік қызметке және (немесе) лауазымға қайта орналасу1. Мемлекеттік қызметке және (немесе) лауазымға қайта орналасу мемлекеттікқызметшіні лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімібойынша, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттікқызметшіні атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан шығару немесе мемлекеттіклауазымын төмендету туралы тиісті актінің күшін жою туралы ұсынуы негізінде неҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот шешімі бойыншажүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметке қайта орналасқан мемлекеттік қызметшіге бос жүругемәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе мемлекеттік лауазымы заңсызтөмендетілген кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшінжалақысындағы айырма, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа төленеді.Заңсыз жұмыстан шығарылған немесе мемлекеттік лауазымы заңсыз төмендетілгенмемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай болғанда мемлекеттік қызметкебұрынғы лауазымына, ал олардың келісімімен – заңсыз жұмыстан шығару немесетөмендету салдарынан айырылған барлық құқықтары қамтамасыз етіліп, соған теңлауазымға қайта орналастырылады. Осы кезең мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.2. Адамның мемлекеттік қызметке қайта орналасуы, егер оның өтініші соттың ақтауүкімі күшіне енген не ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы туралықаулы шығарылған кезден бастап үш ай ішінде берілген болса, ол жүгінген күнненбастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.Мемлекеттік органнан, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар үшінсотталуына байланысты жұмыстан шығарылған, сосын ақталған және мемлекеттіклауазымға қайта орналасқан мемлекеттік қызметшілерге жұмыста мәжбүрлі түрдеболмаған уақыты үшін қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсызәрекеттерінен келтірілген зиян Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестікзаңнамасында белгіленген тәртіппен өтеледі.10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ72-бап. Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды ұйымдастыру1. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес мемлекеттің функциялары мен міндеттерін тиімді орындаудықамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың кадрмен қамтамасыз етілуініңтұрақтылығын сақтауға, кадрлық жоспарлау, мемлекеттік қызметке кандидаттардыіріктеу, мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік дамыту тетіктерін ендіруге жәнежетілдіруге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және оның профилактикасынабағытталған қызметті қамтиды.2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды ұйымдастыру мынадай бағыттардықамтиды:1) мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілігін болжау және жоспарлау,Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу және тарту;2) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардыңбіліктілігін арттыруды ұйымдастыру;3) мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау;4) мемлекеттік қызметшілерді осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге дезаңдарында көзделген кепілдіктермен қамтамасыз ету;5) мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оныңпрофилактикасы;6) осы Заңда көзделген өзге де бағыттар.3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару субъектілеріне мыналар жатады:1) уәкілетті комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жәнеҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген,қызметі кадр саясатын іске асыруға байланысты өзге де комиссиялар;2) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері;3) мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігінарттыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білімберу ұйымдары;4) мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер, мемлекеттік органдараппараттарының басшылары;5) персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері);6) құқық бұзушылық профилактикасы қызметтері, әдеп жөніндегі уәкілдер.Мемлекеттік қызмет персоналын басқару субъектілері мемлекеттік кадрсаясатының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызмет персоналын үйлестіруге,қалыптастыруға және оның тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жүйені құрайды.73-бап. Кадрлық жоспарлауКадрлық жоспарлау мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілігін жүйелі түрдеталдауды, болжауды, оларды лауазымдық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға қабілеттімемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақтылы және толық жасақтаудықамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығын қамтиды.Кадрлық жоспарлауды персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.Уәкілетті орган кадрлық жоспарлау мәселелері бойынша әдістемелік қолдаудыжүзеге асырады.74-бап. Уәкілетті комиссия және өзге де комиссиялар1. Уәкілетті комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының әкімшілікмемлекеттік қызметке кіруі, оны өткеруі және тоқтатуы, сондай-ақ мемлекеттікоргандарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау үшін құрылады.Уәкілетті комиссияның ережесі мен құрамын Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті айқындайды.2. Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадррезервін қалыптастыру мақсатында құрылады, оның ережесі мен құрамын ҚазақстанРеспубликасының Президенті айқындайды.3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кадркомиссиялары уәкілетті комиссияның шешімдерін іске асыру, кадр саясатынқалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, өңірлік жастар кадр резервін қалыптастыружөніндегі жұмысты үйлестіру үшін құрылады.Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кадркомиссиясының үлгілік ережесі мен үлгілік құрамын Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті бекітеді.4. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша кадр саясатын іскеасыруға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өзге де комиссиялар құрылуы мүмкін.75-бап. Уәкілетті орган1. Уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволықбағынысты ұйымдар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғайжүйесін құрайды.Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өз қызметін Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.2. Уәкілетті орган:1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағынормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасынжетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, өз құзыреті шегінде ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерқабылдайды;3) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысын үйлестіредіжәне әдіснамалық басшылық жасауды жүзеге асырады;4) әдеп жөніндегі уәкілдің және құқық бұзушылық профилактикасы қызметтерініңжұмысын үйлестіреді және әдіснамалық басшылық жасауды жүзеге асырады;5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді, оның ішінде шетелдедаярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегіқызметін үйлестіреді;6) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігінарттыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды жәнеорналастыруды үйлестіреді;7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізумәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;8) әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге,мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық органдарының және оларғаведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиттерінебайланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;9) мемлекеттік цифрлық кадр жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қосаалғанда, саяси, сайланған және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, саяси,сайланатын және әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың, сондай-ақ ведомстволықбағынысты ұйымдар жұмыскерлерінің кадр құрамының жай-күйін мониторингтеудіжүргізеді;10) мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадрісін жүргізуді мониторингтеуді жүзеге асырады;11) мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілердің кадр құрамыныңжай-күйін мониторингтеуді жүргізеді;12) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларындайындауға қатысады;13) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-аққызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) меншешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;14) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;15) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауын мониторингтеудіжүзеге асырады;16) лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға олардың осы Заңды жәнеҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзыпқабылданған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;17) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өз құзыреті шегінде ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегітексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуғаміндетті ұсынулар енгізеді;18) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың жәнеквазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бюрократиядан арылту мәселелерібойынша мониторингтеуді және талдауды жүргізеді;19) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен және мерзімдеҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы ұлттықбаяндаманы қалыптастырады;20) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойыншабілім беру гранты шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандардаярлаудың басым бағыттарының тізбесін қалыптастырады;21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.3. Уәкілетті орган жанында уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясы,астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда әдеп жөніндегікеңестер жұмыс істейді, олар туралы ережелерді уәкілетті органның ұсынуы бойыншаҚазақстан Республикасының Президенті бекітеді.4. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдері бұйрықтарнысанында ресімделеді.76-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер, аппарат басшылары1. Мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкеслауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшылар басқарады.Мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттіктері Қазақстан Республикасыныңзаңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде,мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындалады.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орталықмемлекеттік органдардың басшылары:1) орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, аппараттарыныңбасшыларын;2) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшыларын;3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы,облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын;4) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарыныңбасшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады.3. Орталық мемлекеттік органдардың аппараттарын аппарат басшылары басқарады.Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары еңбек қатынастарымәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымдыадамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілердіқоспағанда, орталық мемлекеттік орган аппаратының мемлекеттік қызметшілерінҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдарғатағайындайды және лауазымдарынан босатады.Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының өзге де өкілеттіктерінорталық мемлекеттік органдардың басшылары айқындайды, орталық мемлекеттікоргандар туралы ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасындаайқындалады.Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жекеқолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.4. Орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшылары ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының орынбасарларын;2) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының мемлекеттік қызметшілерін;3) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын;4) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарына ведомстволық бағыныстыұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынанбосатады.5. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтықбөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы)басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтықбөлімшелері басшыларының орынбасарларын;2) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтықбөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы)мемлекеттік қызметшілерін;3) аумақтық бөлімшелердің (аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы)басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады.6. Әкімдіктерді "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаружәне өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімдербасқарады.Әкімдердің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚазақстанРеспубликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.Әкімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) сайланған мемлекеттік қызметшіні қоспағанда, әкімдердің орынбасарларын,төмен тұрған әкімдерді, аппарат басшыларын;2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын;3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайдыжәне лауазымдарынан босатады.7. Әкімдер аппараттары басшыларының өкілеттіктері "ҚазақстанРеспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.8. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларыҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларыныңорынбасарларын;2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттікқызметшілерін;3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайдыжәне лауазымдарынан босатады.9. Мемлекеттік органдар болып саналатын аппараттардың басшылары, еңбекқатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрғанлауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттікқызметшілерді қоспағанда, аппараттардың мемлекеттік қызметшілерін ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдарға тағайындайдыжәне лауазымдарынан босатады.Мемлекеттік органдар болып саналатын аппараттар басшыларының өзге деөкілеттіктері мемлекеттік органдар туралы ережелерде және ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында айқындалады.Өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдарболып табылатын аппараттардың басшылары жеке қолданылатын құқықтық актілерқабылдауға құқылы.10. Саяси мемлекеттік лауазымдарға жатпайтын аппарат басшыларына саясимемлекеттік қызметшілердің міндеттерін, сондай-ақ саяси мемлекеттік қызметшілергеаппарат басшыларының міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.11. Мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер, аппарат басшыларымемлекеттік қызмет персоналын басқаруды ұйымдастыруға дербес жауаптылықтаболады.77-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметінүйлестіреді;2) кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;3) мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізу, мемлекеттікқызметшілерді конкурстық іріктеу, қызметте ілгерілету, мемлекеттік қызметшілердіжұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;4) кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердіңмемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттікқызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жәнеоқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік цифрлық кадржүйесінде есепке алуды жүзеге асырады;5) келісімшарттық қызметшілерді іріктеуді және олармен келісімшарт жасасу, бұзу,оған өзгерістер енгізу процесін ұйымдастырады;6) мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасызетеді;7) мемлекеттік қызметшінің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, ротациясын, қызметінбағалауды, мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардыңбіліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттікқызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді;8) кадрлық жоспарлауды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтынтәртіппен персоналды ерте кәсіптік бағдарлау және даярлау мәселелері бойынша оқуорындарымен өзара іс-қимыл жасайды;9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктердіжүзеге асырады.2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқақұрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, аппарат басшысына,ал сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын немесе аппаратбасшысының лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органда мемлекеттік органныңбасшысына тікелей бағынады.3. Персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) осы Заңға, ҚазақстанРеспубликасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне,сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметжұмысын ұйымдастыруда және персоналмен жұмыс істеуге қойылатын талаптардыңсақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты болатын персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы басқарады.Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналдыбасқару жөніндегі сертификаттың не персоналды басқару саласындағы білімі туралықұжаттың болуы талап етіледі.4. Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, аудандарда,облыстық маңызы бар қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергіліктібюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғайперсоналды басқару қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандық,облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатынатқарушы органдарының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осыатқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша құрылады.5. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша орталық мемлекеттікорган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай персоналдыбасқару қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.Орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімі бойынша орталықмемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғайперсоналды басқару қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.Орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының, аудандардың, облыстықмаңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік орган меноның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғайперсоналды басқару қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай персоналдыбасқару қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосыныңөңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі немесе жоғары тұрған органбасшысының шешімі бойынша құрылады.6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені жәнеперсоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмысын ұйымдастыру қағидаларынуәкілетті орган бекітеді.78-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы қызметі.Әдеп жөніндегі уәкіл1. Құқық бұзушылық профилактикасы қызметі мемлекеттік органның құрылымдықбөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау жөніндегі қызметінүйлестіру мақсатында кемінде бір жүз жиырма штат бірлігі саны бар мемлекеттікоргандарда құрылады.2. Құқық бұзушылық профилактикасы қызметі:1) тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастырады;2) қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптікжауаптылыққа тарту рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;3) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті, оның ішінде әлеуметтік желілердесақтауын бақылау мен мониторингтеуді жүзеге асырады;4) мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауына жәрдемдеседі;5) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне заңсыз араласу, лауазымдықміндеттерін атқаруымен байланысты оларға тағылған негізсіз айыптаулар, қудалау менөзге де құқыққа қайшы әрекеттер мәселелері бойынша соттарда олардың мүдделерінбілдіруді және қорғауды жүзеге асырады;6) мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын қарау практикасына талдаужүргізеді;7) мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;8) тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қабылдаудықамтамасыз етеді;9) мемлекеттік органда жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингтеудіжүзеге асырады;10) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы заңнамасын бұзу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойыншалауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;11) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды қамтамасызетеді;12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүзеге асырады;13) мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінбақылауды, комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;14) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттікорганда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, қолайлы моральдық-психологиялықахуалды дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктердіжүзеге асырады.3. Құқық бұзушылық профилактикасы қызметінің өз функцияларын орындау үшінқажетті ақпарат пен материалдарға Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген шектерде қол жеткізуге құқығы бар.4. Құқық бұзушылық профилактикасы қызметі мемлекеттік органның басқақұрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады және мемлекеттікорганның басшысына тікелей бағынады.5. Ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, шет елдерде мекемелері бар орталықмемлекеттік органдардың, сондай-ақ астана, облыстар, республикалық маңызы барқалалар әкімдері аппараттарының құқық бұзушылық профилактикасы қызметін әдепжөніндегі уәкіл басқарады.Ведомстволары, ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттікоргандарда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, орталықмемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдердегiмекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар,қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында, мәслихаттардың аппараттарындақұқық бұзушылық профилактикасы қызметін құқық бұзушылық профилактикасықызметінің басшысы басқарады.Құқық бұзушылық профилактикасы қызметі туралы үлгілік ережені және құқықбұзушылық профилактикасы қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін уәкілеттіорган бекітеді.6. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша орталық мемлекеттікорганда, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінде құқық бұзушылықпрофилактикасының бірыңғай қызметін құруға жол беріледі.Орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімі бойынша орталықмемлекеттік орган ведомствосында және оның аумақтық бөлімшелерінде құқықбұзушылық профилактикасының бірыңғай қызметін құруға жол беріледі.Орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандық, облыстықмаңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік орган меноның ведомствосының өңіраралық не облыстық аумақтық бөлімшесінде құқықбұзушылық профилактикасының бірыңғай қызметін құруға жол беріледі. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелерінің құқық бұзушылықпрофилактикасының бірыңғай қызметі орталық мемлекеттік орган мен оныңведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі немесе жоғарытұрған орган басшысының шешімімен құрылады.Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, аудандарда жәнеоблыстық маңызы бар қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергіліктібюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін осы атқарушыоргандардың басшыларын тағайындауға уәкілеттік берілген лауазымды адамның (органның) шешімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағызаңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық профилактикасының бірыңғайқызметі құрылады.7. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз етуді, ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылық профилактикасын Әдеп жөніндегіуәкіл туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынымдары мен ұсыныстары жіберіліп отырғанмемлекеттік қызметшілердің қарауы үшін міндетті.8. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіруді, әдіснамалық қамтамасыз етудіжәне бағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Қажет болған кезде уәкілетті органмемлекеттік органға әдеп жөніндегі уәкілді атқаратын лауазымынан босату туралыұсыну енгізе алады.9. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені уәкілетті органның ұсынуы бойыншаҚазақстан Республикасының Президенті бекітеді.10. Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына мемлекеттік органның бірінші басшысыменкелісу бойынша уәкілетті органның іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшісітағайындалады.Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалған, іссапарға жіберілген мемлекеттікқызметшінің уәкілетті орган өкілі мәртебесі сақталады.Мемлекеттік қызметшіні іссапарға жіберу мүмкін болмаған кезде уәкілеттіорганмен келісу бойынша әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына тиісті мемлекеттікорганның өзге де мемлекеттік қызметшілері тағайындалуы мүмкін.Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына орналасу конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.11. Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымын атқаратын, іссапарға жіберілген мемлекеттікқызметші үшін жалақы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы заңнамасында көзделген өзге төлемдер ол іссапарға жіберілген тиістімемлекеттік органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.12. Әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауаптылығын тиісті шешім қабылдау үшінтиісті мемлекеттік орган жіберген оның тәртіптік теріс қылық жасағаны туралымәліметтер негізінде уәкілетті орган қарайды.13. Уәкілетті орган әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына іссапарға жіберілгенмемлекеттік қызметшіні кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген негіздерде және тәртіппен ол атқарған лауазымынан төмен емес лауазымғатағайындай отырып, кері шақыртып алуы мүмкін.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, тиісті біліктілікке және кәсібидаярлыққа сәйкес келетін лауазым болмаған жағдайда, кері шақыртылған мемлекеттікқызметші уәкілетті органдағы өзге бос лауазымға тағайындалады.Мемлекеттік қызметші лауазымға тағайындалудан бас тартқан жағдайда, олжұмыстан шығарылуға жатады.14. Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органға іссапарғажіберілген мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару осы Заңда белгіленген тәртіппенуәкілетті орган оны лауазымынан босатқаннан (жұмыстан шығарғаннан) және керішақыртып алғаннан кейін жүзеге асырылады.Әдеп жөніндегі уәкілді жұмыстан шығару уәкілетті органмен келісу бойыншанемесе оның ұсынуы негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган іссапарға жіберілгенмемлекеттік қызметшіні осы Заңда белгіленген тәртіппен кері шақыртып алғанжағдайларда жүзеге асырылады.15. Осы баптың ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне,Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің Аппаратына, Қазақстан Республикасы Конституциялық СотыныңАппаратына, уәкілетті органға қолданылмайды.11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ СЕБЕПТЕРІН МОНИТОРИНГТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ79-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңсақталуын мемлекеттік бақылау1. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік органдардыңҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауынқамтамасыз етуге бағытталған қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау болып саналады.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңсақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.80-бап. Тексерудің жалпы мәселелері1. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері тексеруді:1) тексерілетін мемлекеттік органға бару арқылы;2) тексерілетін мемлекеттік органға бармай, лауазымды адамдарды шақырту жәнематериалдарды сұрату, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылыжүргізеді.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңсақталуы тексеру нысанасы болып саналады.3. Мемлекеттік органдар тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылау субъектісі дептанылады.4. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қызметінтексеруді уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізеді.Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мәслихаттараппараттарының, тексеру комиссияларының, орталық мемлекеттік органдар менолардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексеруді өз құзыретішегінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, ал қажетболған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізеді.5. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.6. Уәкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылыныңалдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20маусымына дейін бекіткен мемлекеттік бақылау субъектілерін тексерудіңжартыжылдық жоспары жоспарлы тексеру тағайындауға негіз болады.Жиынтығында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстың,республикалық маңызы бар қала әкімінің аппараты мен атқарушы органдары,сондай-ақ орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары және олардың аумақтықбөлімшелері жоспарлы тексеруге жатады.Мемлекеттік бақылау субъектілерін тексерудің жартыжылдық жоспары уәкілеттіорганның интернет-ресурсында орналастырылады.Мемлекеттік бақылау субъектілерін тексерудің жартыжылдық жоспарына уәкілеттіорганның бірінші басшысының шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін.Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттенартық жүргізілмейді.7. Мемлекеттік бақылау субъектілерін тексерудің жартыжылдық жоспарына енгізуүшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:1) уәкілетті органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің, ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігінің алдыңғы тексерулерінің нәтижелері;2) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін, мемлекеттік бақылаусубъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтерді, оның ішінде цифрлық жүйелерарқылы мониторингтеу нәтижелері;3) қоғамдық резонанс тудырған оқиғалардың болуы;4) мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуына жеке жәнезаңды тұлғалар жолданымдарының болуы;5) мемлекеттік бақылау субъектілерінің интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпаратқұралдарын халық тарапынан сын тудырған материалдардың болуы тұрғысынан талдау;6) мемлекеттік бақылау субъектілері ұсынатын, сондай-ақ өзге де ақпараткөздерінен алынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзусебептерін мониторингтеуді және талдауды жүргізу нәтижелері.Мемлекеттік бақылау субъектілерін тексерудің жартыжылдық жоспарына енгізукезінде нақты мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты бұрын пайдаланылғанақпарат көздері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қоюдыңжалпы ескіру мерзімі өткен деректер пайдаланылмайды.8. Мыналар жоспардан тыс тексеруге негіз болады:1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзумәселелері бойынша мемлекеттік бақылау субъектілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңталаптарын бұзу фактілері жөніндегі мемлекеттік органдардың жолданымдары;3) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралыұсынулардың орындалуын бақылау;4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзусебептерін мониторингтеуді және талдауды жүргізу нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтар;5) ақпарат сұрату арқылы зерделенген, бұқаралық ақпарат құралдарындағыҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу туралыжарияланымдар мен хабарлар.Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген ақпаратты сұратуарқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағызаңнамасын бұзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар депҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын ықтималбұзу туралы мәліметтерді қамтитын, қосымша деректер алу үшін оларға қатыстымынадай әрекеттер жүргізілген:1) жарияланымда баяндалған фактілер бойынша құжаттар мен түсініктемелер ұсынуүшін мемлекеттік бақылау субъектісіне ресми сұрау салу жіберілген;2) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі сұрау салуға жауап ретіндеалынған ақпаратты зерделеу мен бағалау жүргізген жарияланымдар түсініледі.Ақпарат сұрату арқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызмет саласындағы заңнамасын бұзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағыжарияланымдар, егер ақпарат расталса немесе Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының бұзылуына негізді күдік тудырса,жоспардан тыс тексерулер жүргізуге негіз болады.9. Анонимдік жолданымдар келіп түскен жағдайларда жоспардан тыс тексерулержүргізілмейді.81-бап. Тексеру жүргізу тәртібі1. Мемлекеттік бақылау субъектісіне цифрлық жүйелер арқылы тексерубасталатыны туралы хабарламаның жіберілуі тексеру жүргізудің басталуы депесептеледі.2. Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарымемлекеттік бақылау субъектісіне келген кезде қызметтік куәлігін не сәйкестендірукартасын көрсетуге міндетті.3. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылғанміндеттер ескеріле отырып белгіленеді және:1) жоспарлы тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен;2) жоспардан тыс тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауғатиіс.Қажет болған кезде уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің шешіміментексеру жүргізу мерзімдері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерденаспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.Тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тоқтатылған (қайта басталған)кезде бұл туралы уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі мемлекеттік бақылаусубъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күніненкешіктірмей хабардар етеді. Бұл ретте тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралыхабарламаны уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі тексеру мерзімдері аяқталғанғадейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей цифрлық жүйелер арқылы жібереді.4. Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдарының құрамы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің шешіміменөзгертілуі мүмкін.Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдарының құрамы өзгерген кезде бұл туралы уәкілетті орган, оның аумақтықбөлімшесі мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күнненбастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей цифрлық жүйелер арқылы хабардар етеді.5. Тексеру:1) жүргізілетін тексеру шеңберінде елеулі маңызы бар қажетті мәліметтерді ұсынутуралы мемлекеттік органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарғажәне өзге де тұлғаларға сұрау салу жіберілген;2) төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілерошақтарының және аса қауіпті зиянды организмдердің, инфекциялық, паразиттікаурулардың, уланудың, радиациялық авариялардың таралуы орын алған немесе таралуқаупі туындаған және солармен байланысты шектеулер болған жағдайларда тоқтатылатұрады.Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күнненбастап жалғастырылады.Тексеру тоқтатыла тұрған және қайта басталмаған мемлекеттік бақылау субъектісінтексеруді жүргізуге жол берілмейді.6. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесініңтексеруші лауазымды адамы:1) тексеру нәтижелері туралы анықтама;2) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынужасайды.7. Тексеру нәтижелері туралы анықтама мемлекеттік бақылау субъектісінежіберілген күн тексеру аяқталған күн деп есептеледі.Тексеру нәтижелері туралы анықтама тексеру мерзімінің соңғы күніненкешіктірілмей жасалады.Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бірінші данасы мемлекеттік бақылаусубъектісіне (басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу үшін қол қойғызып қағазжеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі.Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың екінші данасы мемлекеттік құқықтықстатистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзегеасыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады.Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың үшінші данасы уәкілетті органда, оныңаумақтық бөлімшесінде қалады.8. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болғанжағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы анықтаманыалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ескертулерін және (немесе) қарсылықтарынжазбаша түрде баяндайды.Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қосаберіледі, бұл туралы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексерушілауазымды адамы тиісті белгі жасайды.9. Мемлекеттік бақылау субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылғанжағдайда уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі тағайындалған тексерудіжүргізілмеген деп таниды, тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалмайды.10. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болған жолданымды (хабарды) керіқайтарып алу қабылданған жағдайда осы Заңның 80-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тағайындалған жоспардан тыстексеру жүргізілмеген деп танылады.Бұл жағдайда тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалмайды, бұл туралымемлекеттік бақылау субъектісі осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыскүнінен кешіктірілмей цифрлық жүйелер арқылы хабардар етіледі.11. Қажет болған жағдайларда арнаулы білім мен дағдылар талап етілетінмәселелерді зерттеу, консультациялар алу үшін уәкілетті орган, оның аумақтықбөлімшесі тексеру қорытындыларына мүдделі емес мемлекеттік органдар менведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын және (немесе)консультанттарын тексеру жүргізуге тартуы мүмкін.Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің талап етуі бойынша мемлекеттікбақылау субъектілері тексеруге және қорытынды беруге қатысу үшін мамандарды,сарапшыларды және (немесе) консультанттарды бөлуге міндетті.Тексеруге тартылған маман, сарапшы және (немесе) консультант уәкілеттіорганның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамы қойған сұрақтарбойынша қорытындыны жасайды, ол тексеру барысында пайдаланылады және тексерунәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі.12. Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарыныңтексеру жүргізу кезінде:1) мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруге;2) тексеру нәтижелері туралы анықтамаға немесе тексеру нәтижелері бойыншаанықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алуға, сондай-ақтексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге)қол жеткізуге;3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;4) техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының,фото- және бейнеаппаратураның тексеру нысанасына жататын жазбаларынпайдалануға;5) мамандарды, сарапшыларды және (немесе) консультанттарды тартуға құқығыбар.13. Мемлекеттік бақылау субъектілері және олардың лауазымды адамдары тексеружүргізілген кезде:1) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің тексеру жүргізу үшінкелген тексеруші лауазымды адамдарын:тексеру мерзімдері асып кеткен не өткен;жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі сақталмаған;хабарлама және осы бапта көзделген құжаттар болмаған;тексеру жүргізуге тиісті лауазымдық өкілеттігі жоқ адамдарға тексеру жүргізутапсырылған;тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;осы Заңда белгіленген тексеру жүргізу талаптары өрескел бұзылған жағдайлардатексеруге жібермеуге;2) егер құжаттар (мәліметтер) жүргізіліп жатқан тексеру нысанасына жатпаса,оларды ұсынбауға;3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленгентәртіппен тексеру нәтижелеріне (тексеру нәтижелері туралы анықтамаға, тексерунәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға) жәнеуәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарыныңәрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;4) тексеру жүргізу процесін, сондай-ақ уәкілетті органның, оның аумақтықбөлімшесінің тексеруші лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізетінжекелеген әрекеттерін тексеруші лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей,аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.14. Мемлекеттік бақылау субъектілері және олардың лауазымды адамдары тексеружүргізілген кезде:1) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағы мен үй-жайларына кедергісізкіруін қамтамасыз етуге;2) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдарының шақыруы бойынша келуге;3) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдарына тексеру нәтижелері туралы анықтамаға немесе тексеру нәтижелерібойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға қоса тіркеу үшінтексерудің нысанасына сәйкес құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерінқағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылғандерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;4) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларенгізуге жол бермеуге міндетті.15. Тексеруді бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайтабастау), уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымдыадамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралыанықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоютуралы ұсынудың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.82-бап. Уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеружүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралар1. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы заңнамасын бұзу анықталған кезде уәкілетті орган, оның аумақтықбөлімшесі мемлекеттік бақылау субъектісіне немесе оның жоғары тұрған органына (жоғары тұрған лауазымды адамға) тексеру нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынуды енгізеді, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзумемлекеттік органның (лауазымды адамның) актісін заңсыз деп тануға негіз болуымүмкін.Бұл ретте мемлекеттік органның (лауазымды адамның) мәні бойынша заңға сәйкескелетін актісі, егер жол берілген рәсімдік бұзушылықтар оның заңдылығы меннегізділігіне әсер етпесе, тек қана формальды негіздер бойынша заңсыз дептанылмайды.Уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі тексеру нәтижелері бойыншаанықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды мемлекеттік бақылау субъектісіненемесе оның жоғары тұрған органына (жоғары тұрған лауазымды адамға) тексерунәтижелері туралы анықтама жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейенгізеді.2. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынутабыс етілген (алынған) күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,онда көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдана отырып қаралуғажатады.3. Мемлекеттік бақылау субъектісі немесе оның жоғары тұрған органы (жоғарытұрған лауазымды адам) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардыжою туралы ұсынуда көрсетілген бұзушылықтарды жою қорытындылары туралыақпаратты осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үшжұмыс күні өткеннен кейін уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.Мемлекеттік бақылау субъектісі немесе оның жоғары тұрған органы (жоғарытұрған лауазымды адам) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардыжою туралы ұсынуда көрсетілген бұзушылықтарды жою қорытындылары туралыақпаратты белгіленген мерзімде бермеген немесе толық бермеген жағдайда уәкілеттіорган, оның аумақтық бөлімшесі осы Заңның 80-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындайды.4. Мемлекеттік бақылау субъектісінің немесе оның жоғары тұрған органының (жоғары тұрған лауазымды адамның) тексеру нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтарды жою туралы ұсынуда көрсетілген бұзушылықтарды жою бойыншашаралар қабылдамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгенжауаптылыққа алып келеді.5. Мемлекеттік бақылау субъектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталғанкезде уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері тексеру материалдарын уәкілеттімемлекеттік органдарға жіберу бойынша шаралар қабылдайды.83-бап. Тексерудің жарамсыздығы1. Егер тексеру осы бапта белгіленген, тексеру жүргізуге қойылатын талаптардыөрескел бұза отырып жүргізілсе, оны уәкілетті орган жарамсыз деп таниды немесеҚазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз дептанылады.Тексеруді жарамсыз деп тану тексеру нәтижелері туралы анықтаманың, тексерунәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудыңжарамсыздығына алып келеді.2. Мыналар тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзушылықтарғажатады:1) тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;2) тексерудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы;3) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтінмәселелер бойынша тексерулер тағайындауы.3. Мемлекеттік бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы анықтаманы алғанкүннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесіжүргізген тексеруді жарамсыз деп тану туралы жолданыммен уәкілетті органға (лауазымды адамға) жүгінуге құқылы.Мемлекеттік бақылау субъектісінің жолданымын қарау жолданым келіп түскенкүннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаусубъектісінің жолданым беруі тексеру нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды жоққа шығармайды.Уәкілетті органның (лауазымды адамның) мемлекеттік бақылау субъектісініңжолданымын қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасалуы мүмкін.4. Мемлекеттік бақылау субъектісі уәкілетті органға тексеруді жарамсыз деп танутуралы жүгінуге арналған белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алғанжағдайда, уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру мақсатында дәлелді себептер ретіндемемлекеттік бақылау субъектісін жолданым беру мүмкіндігінен айыратын себептертанылады.Уәкілетті органға тексеруді жарамсыз деп тану туралы жүгінуге арналған мерзімдіөткізіп алу уәкілетті органның жолданымды қабылдаудан бас тартуына негіз болмайды.Тексеруді жарамсыз деп тану туралы жүгіну мерзімін өткізіп алу себебі жолданымдықарау кезінде анықталады және жолданымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерініңбірі болуы мүмкін.84-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзусебептерін мониторингтеу және талдау1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзусебептерін мониторингтеу және талдау (бұдан әрі –мониторингтеу және талдау)Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының, оныңішінде мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің бұзылуын анықтауға,олардың алдын алуға және болғызбауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың,Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңталаптары қолданылатын өзге де ұйымдардың қызметін бюрократиядан арылтуғабағытталған шараларды қамтиды.2. Мониторингтеу және талдау міндеттері:1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, оныңішінде мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау, сондай-ақбұзушылықтар жасауға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестер менөзгерістерді талдау;2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасыныңбұзылуын, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауүшін мемлекеттік қызметтің жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинау, есепке алу,жүйелеу, қорыту және талдау;3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасынбұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған басқарушылықшешімдер қабылдауға жәрдемдесу.3. Мониторингтеуді және талдауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшесіцифрлық жүйелерде көрініс тапқан мәліметтерді және мемлекеттік органдар мен өзгеде ұйымдар ұсынатын деректерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызмет саласындағы заңнамасын бұзу туралы өзге де ақпарат көздерінен алынатынақпаратты зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырады.4. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарықолданылатын өзге де ұйымдардың қызметін мониторингтеуді және талдауды уәкілеттіорганның лауазымды адамдары жүргізеді.Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтықбөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, астана, облыстар,республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдеріаппараттарының және атқарушы органдарының, мәслихат аппараттарының, тексерукомиссияларының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағызаңнамасының талаптары қолданылатын өзге де ұйымдардың қызметінмониторингтеуді және талдауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерініңлауазымды адамдары, ал қажет болған жағдайда уәкілетті органның лауазымдыадамдары жүргізеді.5. Мониторингтеу және талдау қашықтан бақылау нысанында және қажет болғанкезде мониторингтеу және талдау субъектісіне бару арқылы жүргізіледі.Қашықтан бақылау тұрақты негізде цифрлық жүйелер және мемлекеттік органдармен өзге де ұйымдар ұсынатын деректер арқылы жүргізіледі.Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметсаласындағы заңнамасының талаптары қолданылатын өзге де ұйымдар не олардыңуәкілетті өкілдері мониторингтеуді және талдауды жүргізу кезінде уәкілетті органныңжәне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының мониторингтеу жәнеталдау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін, сондай-ақавтоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қол жеткізуін қамтамасызетеді.Келу барысында уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерініңлауазымды адамдары түсініктеме талап ете алады, сондай-ақ тіркеп-белгілеудіңтехникалық құралдарын пайдалана алады.Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс орнында болуфактілерін уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымдыадамдары акт жасайды.Қажет болған кезде мониторингтеу және талдау субъектісіне бару арқылымониторингтеуді және талдауды жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер немесе құқықбұзушылықтың алдын алу қызметінің басшысы тартылуы мүмкін.Қажет болған жағдайда арнаулы білім мен дағдылар талап етілетін мәселелердізерттеу, консультациялар алу үшін уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесімониторингтеу және талдау жүргізуге мамандарды, сарапшыларды және (немесе)консультанттарды тартуы мүмкін.6. Мониторингтеу және талдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе оныңаумақтық бөлімшесі мониторингтеу және талдау нәтижелері туралы анықтама жәнебұзушылықтарды (олар бар болған кезде) жою туралы қорытынды жасайды.Мониторингтеу және талдау субъектілері бұзушылықтарды жою туралықорытындының орындалғанын растайтын материалдарды уәкілетті органға немесеоның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою мерзімі өткен күннен бастап үшжұмыс күні ішінде міндетті түрде ұсына отырып, оны алған күннен кейінгі күнненбастап күнтізбелік отыз күн ішінде орындауға тиіс.12-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУҒАЖӘРДЕМДЕСУ85-бап. Мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесудіжүзеге асыратын адамдар1. Осы тармақта аталған адамдар мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іскеасыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады.Мыналар мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесудіжүзеге асыратын адамдарға жатады:1) келісімшарттық қызметшілер;2) шетелдік жұмыскерлер;3) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмысістеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдар;4) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасыныңсәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды Заңына атқаратынадамдар.2. Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуді жүзегеасыратын адамдар мемлекеттік лауазымдарды атқара алмайды.Аталған адамдарға жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) және (немесе)жекжаттарымен бірге қызмет (жұмыс) істеуге жол бермеу бөлігінде осы Заңның 14-бабы 2-тармағының ережелері қолданылады.3. Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуді жүзегеасыратын адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚазақстанРеспубликасының көзделген мүдделер қақтығысына Заңында жол бермеу, оныболғызбау және реттеу жөніндегі шектеулер мен міндеттерді қабылдайды.Аталған адамдар материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасызету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтікемес мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ қызметтік жағдайын лауазымдық өкілеттігінжүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарда пайдалануға құқылы емес.Шектеулердің қабылдануын персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жұмысқақабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша түрдетіркеп-белгілейді. Шектеулерді қабылдамау жұмысқа қабылдаудан бас тартуға нежұмыстан шығаруға алып келеді.4. Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуді жүзегеасыратын адамдарға осы Заңда реттелмеген бөлікте Қазақстан Республикасы Еңбеккодексінің ережелері қолданылады.Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқаратын адамдарғақызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу,сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшінжауаптылық бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады.Мемлекеттік органдар келісімшарттық қызметшілердің, шетелдік жұмыскерлердің,мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуінқамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлық қағидаларын белгілейді.5. Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуді жүзегеасыратын адамдармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделгеншектеулер сақталмаған, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтаржасалған, қызметтік әдеп бұзылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.86-бап. Келісімшарттық қызметшілер1. Ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдарғакелісімшарттық қызметшілер тартылуы мүмкін.Келісімшарттық қызметшілерді тарту тәртібін, келісімшарттық қызметшілертартылатын жобалардың түрлерін, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелерін жәнеолардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерін Қазақстан Республикасының Үкіметіайқындайды.2. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген, мемлекеттік қызметкеқабылдау кезінде қойылатын талаптарға сай келмейтін Қазақстан Республикасыныңазаматтарын келісімшарттық қызметшілер ретінде тартуға болмайды.3. Келісімшарттық қызметші ретінде тартылатын Қазақстан Республикасыныңазаматтары белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс. Келісімшарттыққызметшінің біліктілік талаптарын және оның мемлекеттік органмен өзара іс-қимылжасау алгоритмін уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық және өзге де жобалардыіске асыру үшін жауапты мемлекеттік органның лауазымды адамы бекітеді.4. Келісімшарттық қызметшіні тарту ұлттық және өзге де жобаларды іске асыруүшін жауапты мемлекеттік органның лауазымды адамының ұсынуы бойыншакелісімшарт жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісі келісімшартының мерзіміқойылған міндеттерді орындау кезеңіне, бірақ ұлттық және өзге де жобаларды іскеасыру кезеңі ішінде ұзарту мүмкіндігімен күнтізбелік бір жылдан аспайтын кезеңгебелгіленеді.5. Келісімшарттық қызметшінің жұмыс графигі және өзге де жеке еңбекжағдайлары мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісінің келісімшартындабелгіленеді.Келісімшарттық қызметшінің еңбегіне ақы төлеу шарттары орындалған жұмыскөлемінің (қойылған міндеттердің) уақыт (міндеттерді, жобаларды іске асыру кезеңдері), сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштері көрсетіле отырып, келісімшарттыққызметшінің келісімшартында белгіленеді.Келісімшарттық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік органды ұстауғане ұлттық және өзге де жобаларды іске асыруға көзделген қаражатты үнемдеу есебіненжүзеге асырылады.6. Мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісінің келісімшарты тараптардыңкелісімі бойынша бұзылуы мүмкін, келісімшартты бұзудың өзге де талаптары,сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу келісімшартта жазылады.Келісімшарттық қызметші мен мемлекеттік орган арасындағы даулар ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.87-бап. Шетелдік жұмыскерлер1. Мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның шешімі бойынша шетелдікжұмыскерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқақабылдай алады.Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын мемлекеттік органдар уәкілеттікомиссиямен келісу бойынша белгілейді.Шетелдік жұмыскерлерді мемлекеттік органдарға тарту тәртібін ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі айқындайды.2. Мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлерҚазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті органмен бірлесіпайқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарыныңміндетті арнайы тексеруінен өтуге тиіс.88-бап. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуінқамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдар1. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуінқамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының азаматтарытартылуы мүмкін.Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуінқамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдау, олардың қызметінұйымдастыру және жұмыстан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.2. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмысістеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдардың шекті санын уәкілетті органменкелісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.89-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқаратын адамдар1. Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқаруменбайланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау конкурс бойынша жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын жәнелауазымнан босататын, жекелеген мемлекеттік білім беру және мәдениет заңдытұлғаларының бірінші басшыларын, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спортұйымының бірінші басшысын қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардабасқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдардықабылдау, олардың еңбек қызметін өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы ҮкіметініңАппаратымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.2. Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқаруменбайланысты лауазымдарға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарыүлгілік біліктілік талаптары негізінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтықбөлімшесімен келісу бойынша мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына)басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган немесе астананың, облыстардың,республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы барқалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бекітетін біліктілікталаптарына сай болуға тиіс.Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардабасқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын үлгілікбіліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.Мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқаруменбайланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары еңбек жөніндегі уәкілеттімемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін нысан бойыншаәзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР90-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі1. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тарауды, 21-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасын, 67-баптың 3-тармағының 27)тармақшасын және 68-баптың 29-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастапқолданысқа енгізіледі.2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін:1) осы Заңның 35-бабы 2, 3, 4 және 5-тармақтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын,тоқтата тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады депбелгіленсін:"2. Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметте ілгерілету олардың біліктілігі, құзыреті, қабілеттері, сіңірген еңбегі және өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруыескеріле отырып жүзеге асырылады.3. Ауыстыру, ротациялау тәртібімен, қызметті бағалау нәтижелері бойынша,конкурс өткізілмей қызметте ілгерілетуге мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметкекір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, қызметтік әдеп нормаларынбұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған күннен бастап алты ай ішінде жолберілмейді.4. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейлерінөзгертудің уақытша қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратыменкелісу бойынша уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті бекітеді.5. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейлерінөзгерту одан әрі кәсіптік дамыту және оқыту қажеттілігін анықтау мақсатындажүргізілетін, құзыреттерді кешенді бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзегеасырылады."Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттеріне кешенді бағалаужүргізу тәртібі, сондай-ақ кешенді бағалауға жататын мемлекеттік лауазымдардыңтізбесі "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейлерінөзгертудің уақытша қағидаларында айқындалады.";2) осы Заңның 42-бабы 3-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрукезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:"3. "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаунәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымынжоғарылату немесе төмендету не жұмыстан шығару жөнінде шешім қабылдауға негізболады.Мемлекеттік лауазымды төмендету уақытша бос мемлекеттік лауазымдықоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болғанжәне мемлекеттік қызметші біліктілік талаптарына сай болған кезде жүзеге асырылады.Мемлекеттік лауазымды төмендету конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.Әкімшілік мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда олжұмыстан шығарылуға тиіс.";3) осы Заңның 43-бабы , және қолданысы 3 5 7-тармақтарының тоқтатыла тұрсын,тоқтата тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады депбелгіленсін:"3. Аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадайшешімдердің бірін қабылдайды:1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуғаұсынылады;2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымынтөмендетуге ұсынылады;4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және жұмыстан шығаруғаұсынылады.";"5. Аттестаттаудан өтпеген және (немесе) мемлекеттік органдарда, оның ішіндетөмен тұрған мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызметті жалғастырудан бастартқан әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылуға тиіс.";"7. Аттестаттау комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша қабылданғаншешімі мемлекеттік қызметшіні жоғары тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымғатағайындауға немесе мемлекеттік қызметшінің әкімшілік мемлекеттік лауазымынтөмендетуге не жұмыстан шығаруға негіз болады.";4) осы Заңның 61-бабы 2 және 3-тармақтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын,тоқтата тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады депбелгіленсін:"2. Тәртіптік жазалар тәртіптік жауаптылық шарасы болып саналады.Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадайтәртіптік жаза түрлері қолданылады:1) ескерту;2) сөгіс;3) қатаң сөгіс;4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту;5) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымынтөмендету;6) сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану;7) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, атқаратын мемлекеттіклауазымнан шығару.Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.3. Мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза уақытша босмемлекеттік лауазымды қоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған босмемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымғабелгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Мемлекеттіклауазымын төмендету конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.Атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару және сайланған мемлекеттікқызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза осыЗаңда көзделген негіздер бойынша қолданылады.";5) осы Заңның 64-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасының қолданысытоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакциядақолданылады деп белгіленсін:"4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымына сай емесдеп тану түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.".3. Осы Заңның 35-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтары, 42-бабының 3-тармағы, 43-бабының 3, 5 және 7-тармақтары, 61-бабының 2 және 3-тармақтары және 64-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы тізбесін Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті айқындайтын мемлекеттік органдарға қатысты 2027 жылғы 1 қаңтарданбастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін пилоттық режимде қолданылады деп белгіленсін.4. Осы Заңның 27-бабы 3-тармағының талабы осы Заң қолданысқа енгізілген кездеастананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергіліктібюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары, сондай-ақорталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы,облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерініңбасшылары лауазымдарын атқаратын адамдарға қолданылмайды.Аталған адамдар осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап "А" корпусыныңмемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын адамдар болып есептеледі және тиістімемлекеттік лауазымдарда өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырудыжалғастырады.5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Жарияланды:
Құжат
Алматы облысының Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) тізімі
Жарияланды:
Меморандум
Алматы облысы Әділет департаменті мен Сүлейман Демирел атындағы университет арасында заң клиникасының қызметі аясындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Жарияланды:
Ақпарат
Алматы облысының қолданыстағы заң кеңесшілерінің тізімі!
Жарияланды:
Ақпарат
Алматы облысының қолданыстағы адвокаттарының тізімі!