Бүгін, 26 қараша күні Қарасай ауданыныңҰзынағаш ауылында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ: ҚҰҚЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашев қатысты.
Семинар барысында қатысушылар тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендердің құқықтарын қорғау мәселелерін, сондай-ақ әрбір отбасы үшін қауіпсіз орта қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамның рөлін талқылады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көмекке уақытылы жүгінуге ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін, ал зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жас ұрпақтың құқығы мен болашағын қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









