Мектеп қызметінде жойылмаған бұзушылықтар анықталды: қорытынды қайталама тексеру туралы

    Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау шеңберінде Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Павлодар облысының білім басқармасы, Успен ауданының білім бөлімінің «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқаманың нақты орындалуын бағалау мақсатында жүргізілді.

    Бақылау іс-шаралары барысында Департамент мамандары ұсынылған құжаттаманы зерделеп, мектеп әкімшілігі қабылдаған шараларды қарастырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарына бұрын анықталған сәйкессіздіктердің жойылу деңгейін тексерді.

    Тексеру нәтижелері бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан бұрын тиісті шаралар қабылданғанына қарамастан, жекелеген бұзушылықтардың толық көлемде жойылмағаны анықталды.

    Осыған байланысты, бұрын берілген нұсқаманың талаптары орындалмауына орай, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы жаңа орындау мерзімі белгіленген қайталама нұсқама берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары