Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Ашу2026 жылғы 11 қарашада Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен және жауапты мамандарымен онлайн форматта түсіндіру кездесуін өткізді.
Ашу2026 жылғы 11 қарашада Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.
АшуЖелезин ауданындағы төрт мектепте жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Ашу2026 жылғы 9 қарашада Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары «Атамекен» Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған диалог алаңының жұмысына қатысты.
Ашу2026 жылғы 6 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша интернет-конференция өтті.
Ашу2026 жылғы 5 қарашада Департамент облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінің қызметкерлеріне қатысты құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдарды қарады.
Оқиғалар
Азаматтарды қабылдау
Азаматтарды қабылдау
Азаматтарды қабылдау
Азаматтарды қабылдау
Азаматтарды қабылдау
Құжаттар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелделеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
2027 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2026 жылғы III тоқсанда азаматтарды жеке қабылдауын өткізу туралы есебі
2026 жылғы III тоқсанда Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы азаматтарды екі рет жеке қабылдау өткізді, оның шеңберінде білім беру мекемелерінің өкілдері мен азаматтардың білім беру саласының жұмыс істеуіне қатысты мәселелері қаралды.Жекеменшік мектептің өкілдерімен кездесу өткізіліп, оның барысында жекеменшік білім беру ұйымдарының ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері мен ерекшеліктері, соның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын сақтау және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Өтініш берушінің педагогты білім беру ұйымына жұмысқа орналастыру тәртібі мен шарттары туралы мәселесі қаралды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және педагог қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес толық түсіндірмелер берілді.Барлық түскен өтініштер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдеріне егжей-тегжейлі консультациялар мен құқықтық түсіндірмелер берілді.Қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер Департамент басшысының жеке бақылауына алынды, тиісті құрылымдық бөлімшелерге қаралған мәселелерді сүйемелдеу бойынша тапсырмалар берілді.
Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылғы 3 тоқсан бойынша білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі
Павлодароблысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің2026 жылғы 3 тоқсан бойыншабілімсапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі Мемлекеттік бақылау Қайта аттестаттау Жоспардан тыс тексерулер Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесі Білім беру ұйымдарына мониторинг Мемлекеттік бақылау2026 жылға 13 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау, 7 орта білім беру мектебі, 1 кәсіптік техникалық колледж және 5 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау жоспарланған. Қайта аттестаттаубармай мемлекеттік аттестаттау қайта аттестаттау жүргізілген 2 білім беру ұйымының 2 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау қортындысы бойынша теріс қорытынды берілді. Жоспардан тыс тексерулер Есептік кезеңде департамент тарапынан өтініштер негізінде 10 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру – берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты 7 жоспардан тыс тексеру, сонымен қатар, азаматтардың өтініштері негізінде құзірітеттілік шегінде 3 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс қортындысы бойынша бойынша барлық білім беру ұйымдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесіағымдағы жылы Департаментте 19 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы құрастырылды. Оның ішінде 409 бабы 2 тармағы бойынша 1 іс, 409 бабы 4 тармағы 1 тармақшасы бойынша 8 іс, 409 бабы 7 тармағы бойынша -1 іс, 409 бабы 6 тармағы бойынша 7 іс, 409 бабы 4 тармағы 7 тармақшасы бойынша 2 іс. Білім беру ұйымдарына мониторинг Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы бойынша облыстағы мектептердің материалдық-техникалық қоры, оқулықтармен қамтылуы, жөндеу жұмыстары бойынша онлайн талдау жүргізілінді.
2026 жылдың 3-тоқсанында Департамент лицензияға қосымша алуға 21 өтінішті және лицензияны қайта ресімдеуге 2 өтінішті қарады.
2026 жылдың 3-тоқсанында Департамент лицензияға қосымша алуға 21 өтінішті және лицензияны қайта ресімдеуге 2 өтінішті қарады. ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымының өтініші бойынша лицензияға қосымша берілді, 3 өтініш бойынша дәлелді бас тартулар жіберілді. Бас тарту себебі – біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі. Қайта ресімдеу рәсімі заңда белгіленген мерзімде жүргізілді. Балалардың сауықтыру орталықтарына кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге 7 лицензия және лицензияға 9 қосымша берілді. 9 білім беру ұйымында рұқсат беру бақылауы, сондай-ақ лицензиялау жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді. 2026 жылдың 3 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 133 құжатқа апостиль қойылды, 3 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды. Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия – 2,Чехия – 22, Қытай – 1, Португалия – 1, Корея – 13, Италия – 22, Словакия – 8, Турция – 36, Польша – 6, Венгрия – 3, Литва -1, Россия – 2, Кипр – 1, Румыния -1, Германия – 10, Грузия -1, Испания – 3. Бас тарту себебі аттестатты растаудың және біліктілікті беру туралы куәліктің білім беру ұйымы тарапынан құжатты беру туралы болмауы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 3-тоқсанындағы қызметі туралы есебі
2026 жылдың 3 тоқсанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі 2 семинар өткізді, олардың бірі Департамент қызметкерлерімен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қызметтік әдеп стандарттары бойынша ұйымдастырылды. Семинарда Әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жұмыс орнындағы және әлеуметтік желілердегі киім үлгісі (дресс-код) мен қарым-қатынас мәдениетін сақтау мәселелері қарастырылды.Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, аттестаттау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, рәсімдердің ашықтығы және ақша қаражатын жинау фактілерінің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Департаментте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оның жолын кесу, заңнама бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жасалуда. Бұдан басқа, департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен артық жұмыс уақытына, оның ішінде мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар туралы барлық ақпарат департаменттің сайтында, Фейсбук және Инстаграм парақшаларында орналастырылды.Есептік кезеңде Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы және мүдделер қақтығысын бұзу фактілері анықталған жоқ.