Железин ауданындағы төрт мектепте жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    1 / 3

    Білім беру саласындағы профилактикалық бақылау (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы) нәтижелері бойынша берілген нұсқамалардың орындалмауына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Железин ауданындағы төрт білім беру ұйымында жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Атап айтқанда, тексеру келесі мектептерде өткізілді:

    • Кузьмин негізгі жалпы білім беретін мектебі;
    • Крупская негізгі жалпы білім беретін мектебі;
    • Пятерыж негізгі жалпы білім беретін мектебі;
    • Веселорощин орта жалпы білім беретін мектебі.

    Тексеру барысында білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарын орындауы, сондай-ақ бұрын анықталған сәйкессіздіктерді жоюы бойынша құжаттары мен қызметі зерделенді.

    Тексеру нәтижесінде нұсқамалардың жекелеген талаптары толық көлемде орындалмағаны анықталды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері белгіленген тиісті нұсқамалар берілді.

    Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары