2026 жылғы 11 қарашада Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен және жауапты мамандарымен онлайн форматта түсіндіру кездесуін өткізді.

    1 / 2

    Кездесудің негізгі тақырыбы ақпараттық жүйелердегі білім беру қызметіне арналған лицензиялар мен оларға қосымшалар туралы мәліметтерді өзектендіру мәселелері болды. Департамент өкілдері elicense.kz порталында лицензиялар мен оларға қосымшалардың қолданыстағы мәртебесін тексеру тәртібін, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) мәліметтерін қолданыстағы рұқсат беру құжаттарына сәйкестендіру қажеттігін түсіндірді. Кездесу соңында білім беру ұйымдарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша қажетті түсіндірмелер мен практикалық консультациялар алды. Өткізілген кездесу білім беру ұйымдарының құқықтық сауаттылығын және ақпараттық жүйелердегі олардың рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыздығын арттыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары