ШҚО Алтай ауданында прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджетке 4,6 млн теңге қайтарылды

    Алтай ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған «Күміс жас» мемлекеттік жобасын іске асыру кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

    Жоба аясында бағдарламаға қатысу мерзіміне байланысты жұмыс берушілерге жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысының 60-тан 70%-ға дейінгі бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

    Жұмыс берушінің қызметкерлердің нақты жұмыспен қамтылуы туралы бұрмаланған мәліметтер ұсынған фактілері анықталды. Оның ішінде кейбір қызметкерлердің жұмыс орындарында нақты болмағанына, соның ішінде аудан аумағынан тыс жерлерге шығып кеткеніне қарамастан, жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде толық жұмыс күндері мен сағаттары көрсетілген.

    Нәтижесінде мемлекеттік субсидиялар қызметкерлердің еңбек міндеттерін мәлімделген көлемде нақты орындағаны жеткілікті түрде расталмастан аударылған. Аударылған қаражаттың жалпы суммасы шамамен 4,6 млн теңгені құрады.

    Прокурорлық қадағалау актісі бойынша төленген субсидияларға қайта есептеу жүргізіліп, бюджет қаражаты мемлекет кірісіне толық көлемде қайтарылды.

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары