ШҚО прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарының құқықтарын қорғау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

    Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша кезекті шаралар Ұлан ауданында қабылданды.

    Аудан аумағында мүгедектігі бар 1 049 адам тұратыны анықталды. Бұл ретте инватакси қызметін тек 1 арнайы автокөлік көрсеткен, оны тұрақты түрде бар болғаны 7 адам пайдаланған.

    Сонымен бірге, прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде анықталғандай, іс жүзінде бұл әлеуметтік қолдау шарасымен қамтылмаған ауданның 62 тұрғыны инватакси қызметіне мұқтаж болған.

    Бұдан бөлек, прокуратура тасымалдауды ұйымдастыру тәртібінің бұзылуын, сондай-ақ халықтың аталған қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттандырылуы жеткіліксіз екенін анықтады.

    Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде қосымша 2 арнайы автокөлік бөлінді, инватаксидің жұмыс режимі қайта қаралды, мұқтаж азаматтардың тізімдері өзектендірілді және аудан тұрғындарымен мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді.

    Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары