Жамбыл ауданында 7–9 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ) пәндер бойынша «Ғылым бастауында» облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Зияткерлік сайысқа ауданның 13 мектебінен 78 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың пәндік білімдерін саралау, логикалық ойлау және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 7–9 сынып оқушылары арасында алты пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
- Математика
7-сынып
- III орын — Аскаров Арлан, Благовещенка жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайы.
- III орын — Пшенбай Ажар, Баян жалпы білім беретін мектебі.
9-сынып
- II орын — Фролова Светлана, Буденновка жалпы білім беретін мектебі.
- Физика
7-сынып
- II орын — Тайжан Нұрай, Пресноредут жалпы білім беретін мектебі.
8-сынып
- I орын — Божко Светлана, Буденновка жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Минакова Алина, Архангелка жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Петрова Ксения, Железное жалпы білім беретін мектебі.
- Химия
7-сынып
- I орын — Бель Регина, Троицк жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Реклинг Вячеслав, Новорыбинка жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Юшкевич Евгения, Казанка жалпы білім беретін мектебі.
9-сынып
- II орын — Грязнова Анастасия, Пресноредут жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Еримов Тамерлан, Мирное жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Бородина Анастасия, Благовещенка жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайы.
- Биология
7-сынып
- II орын — Турнова Елизавета, Пресноредут жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Никитин Ярослав, Буденновка жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Плужников Матвей, Мирное жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Малиновская Анфиса, Архангелка жалпы білім беретін мектебі.
8-сынып
- II орын — Ғалымжан Нұрислам, Благовещенка жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайы.
9-сынып
- II орын — Кабиден Диана, Баян жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Латышонок Валерия, Қайранкөл жалпы білім беретін мектебі.
- География
7-сынып
- I орын — Турнова Ариана, Буденновка жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Талғат Айлана, Қайранкөл жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Раисова Аделя, Новорыбинка жалпы білім беретін мектебі.
8-сынып
- II орын — Якоби Алина, Казанка жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Дюсенбек Сүлеймен, Мирное жалпы білім беретін мектебі.
9-сынып
- III орын — Соловьев Александр, Архангелка жалпы білім беретін мектебі.
- Информатика
8-сынып
- I орын — Гаврилов Денис, Буденновка жалпы білім беретін мектебі.
- II орын — Вагнер Светлана, Благовещенка жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайы.
- III орын — Бірлік Дәулет, Железное жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Исенов Диас, Украинка жалпы білім беретін мектебі.
9-сынып
- III орын — Алюнин Андрей, Казанка жалпы білім беретін мектебі.
- III орын — Бель Дарина, Троицк жалпы білім беретін мектебі.
Командалық есептің қорытындысы
Командалық есеп нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- I орын — Буденновка жалпы білім беретін мектебі, 104,5 балл.
- II орын — Благовещенка жалпы білім беретін мектеп-бөбекжайы, 94 балл.
- III орын — Казанка жалпы білім беретін мектебі, 88 балл.
- III орын — Троицк жалпы білім беретін мектебі, 87,8 балл.
- III орын — Қайранкөл жалпы білім беретін мектебі, 82 балл.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ұстаздары мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға білімге деген құштарлығы, табандылығы және ғылымға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз.
Осындай зияткерлік сайыстар оқушылардың қабілеттерін ашуға, ғылыми ойлауын қалыптастыруға және дарынды балаларды қолдауға зор ықпал етеді.
Жас ізденушілерге алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа ғылыми жаңалықтар мен жарқын жеңістер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






