«Солтүстік-Жаңажол» этнолагері жобасын іске асыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу».
14 шілдеден 23 шілде күндері өзіміздің аудан оқушылары, Мамлют ауданы оқушылары және қала оқушылары осы этноауылда демалды. Жалпы 290 бала осы лагерьде тамаша демалды. Оның ішінде біздің ауданнан 125 оушы, ал 150 бала Мамлют және қала балаларынан құралды. Этноауылдың тәрбиелік жұмыс мазмұны төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асырылды:
- «Бабалар ізімен» бағыты қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы (бұл бағытта жылқыны арбаға жегіп көрсету, онымен серуендеу, салт мініп серуендету, шабандоздық өнерді меңгерттік, жалпы ат-әбзелдерімен таныстырдық);
- «Бір шаңырақ аясында» бағыты киіз үйдің құрылысымен, ішкі жабдықтарымен таныстырдық;
- «Өнер сыры – өрнекте» бағытында ұлттық киім үлгілері мен ою-өрнек мәні жайлы айтып қана қоймай оны салу, қию, жапсыру жұмыстарымен айналыстық. Сонымен қатар қазақ халқының құнды заттары: кілем, алаша,киіз басуға үйреттік;
-«Бабаларымыздан қалған салт-дәстүр» бағытында қазақ халқының мерекелері мен салт-дәстүрлері (наурыз тойы, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той) жайлы толық ақпарат беріледі,сонымен қатар сахналанды;
-«Ұлттық тағамдар» бағыты бойынша демалушыларды қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыра отырып,қыз балалармен бірге нан илеп,бүйрек, бауырсақ пісірдік, ал ұл балалар шоғырмақ дайындап, самауыр жағып, шай қайнатуды үйренді;
- «Халық даналығы» бағытында мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, сәлемдесу, қоштасу, бата беру мәдениеті т.б. күнделікті әдепке баулиды;
- «Шебердің қолы ортақ» бағытында қолөнер бұйымдарын: астау, оқтау және шаруашылықта қажетті балға, балта, күрек саптарын жасап көрсету, қамшы, арқан өруді үйрету;
- «Қазақтың ұлттық зергерлігі» бағытында қыз балаларға зергерлік бұйымдар: шолпы, сырға, сақина, білезік туралы терең түсінік беріп, бұйымдарды тағуды, пайдалана білуді үйретеді;
- «Ұлттық ойындар» бағытында да демалушылармен ұлттық ойынның қыр-сырын меңгерте отырып, ойынға жұмылдырды.




