Мәжбүрлі еңбектің алдын алу, адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар барысында мәжбүрлі еңбек ұғымы, оның негізгі белгілері, құқықтық салдары және алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Аталған іс-шараға Департаменттің маманы Ә. Рахатов қатысып, қаралған мәселелер бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және мәжбүрлі еңбекке жол бермеу мәселелерінің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









