Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Жаңалықтар
АшуТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
АшуЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
АшуЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
АшуЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
АшуДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ Б. ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ БЕРГЕН СҰХБАТЫ
Ашу🇰🇿 Мемлекет көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды күшейтеді
Оқиғалар
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!
Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары 2026 жылдың қыркүйек айында қолданыстағы заң нормалары бойынша кеңес береді. Сонымен қатар еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, босатылған азаматтың еңбек шартын тоқтату және басқа да сәйкессіздіктерді жою, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу, кәсіби тәуекелдерді бағалау, «FSM Social» мобильді қосымшасын жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексерудің жұмыс қолданысына енгізу мәселелері бойынша қызмет көрсетеді.
Департамент ү.ж. қыркүйек айында "Заң мен Тәртіп" тұжырымдасы негізінде "Адал кәсіпкер" байқауының жеңімпаздарын анықтауға қатысады
Жаңақорған және Шиелі аудандарында тәуекелі бар кәсіпорындармен кездесу өтеді
2026 жылдың 11-12 наурыз күндері Жаңақорған және Шиелі аудандарында Еңбек тәуекелдер картасына сәйкес болжамды тәуекелі бар кәсіпорындармен аудан әкімдіктерінде кездесу өтеді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жұмыс берушілермен кездесу өтеді
2026 жылғы 5 наурызда Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жұмыс берушілердің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу тәртібі туралы дөңгелек үстел өтеді.
Сұрақ-жауап
Жұмыс беруші жалақыны қай мерзімде төлеуі керек
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5-тармағы, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге міндетті. Жоғарыда аталған кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей айына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленеді және ақшалай нысанда төленеді. Жалақыны төлеу күні еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Яғни, жалақы төлеуді жұмыс беруші келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей жүргізуі керек.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі
ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі: Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді. Демалыс беру, ауыстыру не жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Жұмыс беруші қандай жағдайда жалақыдан ұстай алады
ҚР Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес, жалақыдан ұстап қалулар: 1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі. 2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді хабардар ете отырып: 1) іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу үшін; 2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс берушіге еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуді көздейтін жағдайларда; 3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін; 4) осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында; 5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін. 3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.
Жұмысқа қабылданған уақытта сынақ мерзімінің уақыты
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес: Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап: Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартында көрсетілген жұмыс басталған күннен басталады. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша қандай демалыс түрлері беріледі?
Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі. ( ҚР еңбек кодексінің 89-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге өндірістердің , цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.)
Құжаттар
2026 жылдың қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы қысқаша анықтама Мемлекеттік бақылау 2026 жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 294тексеру нәтижесімен 431бұзушылық анықталып, 236 нұсқама берілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 42әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы9,6 млн.теңге айыппұл салынған. Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 615 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Профилактикалық бақылау Бақылау субъектілері мен объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарға сәйкес 9 кәсіпорында толық тексеру жүргізіліп, аяқталды. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардан 2089өтініш келіп түскен. еңбек қатынастары – 1742 еңбек қауіпсіздігі – 347 Оның ішінде, 327-сі қанағаттандырылып, 693-і қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 1069 өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Әлеуметтік-еңбек ахуал Өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақы бойынша берешек жоқ. Жыл басынан бері еңбек шиеленістерінің туындау қаупі бар 5 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Қабылданған шаралар мен еңбек ұжымдарымен жүргізілген кездесулер нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды. Ұжымдық шарттарды цифрландыру және еңбек шарттарын есепке алу 2026 жылдың қыркүйек айында 12ұжымдық шарт цифрлық жүйеге енгізіліп, жоспар 120%-ға орындалды. Еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде жұмыскерлердің саны жыл басындағы 207 006 адамнан 227 904адамға дейін өсіп, 20 997адамға артты. Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі 2026 жылдың 9 айында 56жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді. Оның ішінде 34оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылып, 47адам зардап шекті, оның ішінде 4 адам қаза болды. Еңбек қауіпсіздігі бағытында: 28кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілді; 51 кәсіпорын «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды; өңірдегі 2 720 кәсіпорынның 2 590-і (95,2%) міндетті сақтандыру жүйесімен қамтылды. «Еңбек тәуекелдері картасы» 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2 995 кәсіпорын мониторингке алынды. Оның ішінде 74 кәсіпорын жоғары, 88 кәсіпорын орта болжамды тәуекел тобына жатқызылды. Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның 48 отырысы өткізіліп, 161 кәсіпорынның еңбек ахуалы қаралды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 810азаматты қабылдап, еңбек заңнамасы бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында брифингтер, сұхбаттар және мақалалар ұйымдастырылып, Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 198 ақпараттық материал орналастырылды. Қорытынды 2026 жылдың 9 айында Департаменттің негізгі жұмысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, әлеуметтік-еңбек ахуалын тұрақтандыруға және еңбек саласын цифрландыруға бағытталды. Жүргізілген бақылау және профилактикалық шаралар нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қалпына келтіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
2026 жылдың тамыз айында атқарылған жұмыстар туралы
2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы қысқаша анықтама (01.09.2026 жылғы жағдай бойынша) 1. Мемлекеттік бақылау 2026 жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 264 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 391 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды және 210 нұсқама берілді. Еңбек заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты 38 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 8,4 млн теңге айыппұл салынды. Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде 528 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді. 2. Профилактикалық бақылау 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 9 кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізіліп, толық аяқталды. 3. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 1 898 өтініш келіп түсті, оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 1 567; еңбек қауіпсіздігі бойынша – 331. Өтініштердің 276-сы қанағаттандырылып, 651 өтініш құзыретті органдарға жолданды, 971 өтінішке қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берілді. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. 4. Әлеуметтік-еңбек ахуалы Өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақы бойынша берешек жоқ. Жыл басынан бері еңбек шиеленістерінің туындау қаупі бар 5 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Қабылданған шаралар мен еңбек ұжымдарымен жүргізілген кездесулер нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды. 5. Ұжымдық шарттарды цифрландыру және еңбек шарттарын есепке алу 2026 жылдың тамыз айында 13 ұжымдық шарт цифрлық жүйеге енгізіліп, жоспар 130%-ға орындалды. Еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде жұмыскерлердің саны жыл басындағы 207 006 адамнан 224 600 адамға дейін өсіп, 17 594 адамға артты. Еңбек шарттары бойынша мәліметтерді түзету жоспары 241,7%-ға орындалды. 6. Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі 2026 жылдың 8 айында 49 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді. Оның ішінде 28 оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылып, 41 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам қаза болды. Еңбек қауіпсіздігі бағытында: 22 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілді; 51 кәсіпорын «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды; өңірдегі 2 720 кәсіпорынның 2 518-і (92,5%) міндетті сақтандыру жүйесімен қамтылды. 7. «Еңбек тәуекелдері картасы» 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2 995 кәсіпорын мониторингке алынды. Оның ішінде 74 кәсіпорын жоғары, 88 кәсіпорын орта болжамды тәуекел тобына жатқызылды. Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның 48 отырысы өткізіліп, 161 кәсіпорынның еңбек ахуалы қаралды. 8. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 796 азаматты қабылдап, еңбек заңнамасы бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында брифингтер, сұхбаттар және мақалалар ұйымдастырылып, Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 198 ақпараттық материал орналастырылды. Қорытынды 2026 жылдың 8 айында Департаменттің негізгі жұмысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, әлеуметтік-еңбек ахуалын тұрақтандыруға және еңбек саласын цифрландыруға бағытталды. Жүргізілген бақылау және профилактикалық шаралар нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қалпына келтіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.