Жұмыс беруші жалақыны қай мерзімде төлеуі керек

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны қай мерзімде төлеуі керек

    Жауап

    ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5-тармағы, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге міндетті.

    Жоғарыда аталған кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей айына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленеді және ақшалай нысанда төленеді. Жалақыны төлеу күні еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Яғни, жалақы төлеуді жұмыс беруші келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей жүргізуі керек.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі: Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші қандай жағдайда жалақыдан ұстай алады

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес, жалақыдан ұстап қалулар: 1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі. 2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы береше...

    Сұрақ

    Жұмысқа қабылданған уақытта сынақ мерзімінің уақыты

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес: Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап: Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ...

    Сұрақ

    Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша қандай демалыс түрлері беріледі?

    Жауап

    Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі. (ҚР еңбек кодексінің 89-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәй...