2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы қысқаша анықтама
- Мемлекеттік бақылау
2026 жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 294 тексеру нәтижесімен 431 бұзушылық анықталып, 236 нұсқама берілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 42 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 9,6 млн.теңге айыппұл салынған.
Жалпы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 615 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
- Профилактикалық бақылау
Бақылау субъектілері мен объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарға сәйкес 9 кәсіпорында толық тексеру жүргізіліп, аяқталды.
- Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
Есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардан 2089 өтініш келіп түскен.
еңбек қатынастары – 1742
еңбек қауіпсіздігі – 347
Оның ішінде , 327-сі қанағаттандырылып, 693-і қарау реттілігімен басқа органға жолданса, 1069 өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
- Әлеуметтік-еңбек ахуал
Өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақы бойынша берешек жоқ.
Жыл басынан бері еңбек шиеленістерінің туындау қаупі бар 5 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Қабылданған шаралар мен еңбек ұжымдарымен жүргізілген кездесулер нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды.
- Ұжымдық шарттарды цифрландыру және еңбек шарттарын есепке алу
2026 жылдың қыркүйек айында 12ұжымдық шарт цифрлық жүйеге енгізіліп, жоспар 120%-ға орындалды.
Еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде жұмыскерлердің саны жыл басындағы 207 006 адамнан 227 904адамға дейін өсіп, 20 997адамға артты.
- Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі
2026 жылдың 9 айында 56жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді.
Оның ішінде 34оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылып, 47адам зардап шекті, оның ішінде 4 адам қаза болды.
Еңбек қауіпсіздігі бағытында:
- 28кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілді;
- 51 кәсіпорын «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды;
- өңірдегі 2 720 кәсіпорынның 2 590-і (95,2%) міндетті сақтандыру жүйесімен қамтылды.
- «Еңбек тәуекелдері картасы»
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2 995 кәсіпорын мониторингке алынды. Оның ішінде 74 кәсіпорын жоғары, 88 кәсіпорын орта болжамды тәуекел тобына жатқызылды.
Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның 48 отырысы өткізіліп, 161 кәсіпорынның еңбек ахуалы қаралды.
- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 810азаматты қабылдап, еңбек заңнамасы бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында брифингтер, сұхбаттар және мақалалар ұйымдастырылып, Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 198 ақпараттық материал орналастырылды.
Қорытынды
2026 жылдың 9 айында Департаменттің негізгі жұмысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, әлеуметтік-еңбек ахуалын тұрақтандыруға және еңбек саласын цифрландыруға бағытталды.
Жүргізілген бақылау және профилактикалық шаралар нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қалпына келтіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.