Қызметкерлер — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы
    Басшы

    Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы

    Басшы

    Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы 1983 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінде дүниеге келген. 2005 жылы «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Досымов Болат Бекайдарұлы
    Орынбасары

    Досымов Болат Бекайдарұлы

    Департамент басшысының орынбасары

    Б.Досымов 1966 жылы 2 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Семей финанс-экономикалық техникумын финансист, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие (экономист) мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Дархан гастрономында жұмысшы болып бастаған.1988-1990 жылдары Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде және облыстық қаржы басқармасында салық инспекторы. 1990-2005 жылдары аралығында облыстық салық инспекциясында жауапты қызметтер атқарған. 2005-2007 жылдары Сырдария ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудандық жұмыспен қамту бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007-2013 жылдары аралығында ҚР ЕХӘҚМ Қызылорда облысы бойынша департаментінде бас маман, бөлім басшысы. 2013-2022 жылдар аралығында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы. 2022-2024 жылдары Қызылорда облысының Бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы. 2024-2025 жылдары Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы. 2025 жылдың 4 тамызынан бастап Департамент басшысының орынбасары. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұлы бар.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Ұзақбаев Абзал Жарқынұлы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    А.Ұзақбаев 20 сәуір 1982 жылы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2004 жылы Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2005-2010 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, құжаттама бөлімінің басшысы, 2010-2012 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің басшысы, 2012-2014 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, Қызылорда облыстық білім басқармасында бөлім басшысы, 2014-2016 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратында инспектор, бас инспектор-аудан әкімінің баспасөз хатшысы, 2016-2020 жылдары Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы. 2020-2023 жылдары бастап Сырдария ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімдерінің басшысы. 2023-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының статистігі, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарып келді. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

    Басқа қызметкерлер

    3
    Суйеубаев Мурат Колдасулы
    Бөлім басшысы

    Суйеубаев Мурат Колдасулы

    Руководитель отдела трудового законодательства

    М.Сүйеубаев 1985 жылы 24 наурызда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында бас маман болып бастаған. 2007-2016 жылдары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының Жалағаш ауданы бойынша статистик - бас маманы, басқарманың статистик - бас маманы, Қызылорда қаласы бойынша статистик - бас маманы, басқарманың статистик-жетекші маманы, басқарманың Жалағаш ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры, басқарманың Шиелі ауданы бойынша заңдылықты қадағалау жөніндегі статистик-бас маманы; 2016-2017 жылдары Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры; 2018-2022 жылдары Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің статистигі, әдіскері, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы; 2022-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы; 2024-2025 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы; 2025 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы; 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы. Отбасылы, 3 ұл, 2 қызы бар.

    Ұзақбаев Абзал Жарқынұлы
    Басқарма басшысы

    Ұзақбаев Абзал Жарқынұлы

    Руководитель отдела аналитической работы

    А.Ұзақбаев 20 сәуір 1982 жылы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2004 жылы Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2005-2010 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, құжаттама бөлімінің басшысы, 2010-2012 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің басшысы, 2012-2014 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, Қызылорда облыстық білім басқармасында бөлім басшысы, 2014-2016 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратында инспектор, бас инспектор-аудан әкімінің баспасөз хатшысы, 2016-2020 жылдары Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы. 2020-2023 жылдары бастап Сырдария ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімдерінің басшысы. 2023-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының статистігі, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарып келді. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

    Басқарма басшысы

    Жуманов Баглан Абдилдаулы

    Руководитель отдела безопасности и охраны труда

    Б.Жұманов 1984 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы, 2011 жылы аталған жоғары оқу орнын «Құқықтаны» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласындағы №12 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007-2008 жылдары «ТАБ» ЖШС-де автокөлік жүргізушісі; 2008-2010 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында 1-дәрежелі газдан құтқарушы; 2010-2011 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары бойынша жетекші маман; 2011-2013 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында бөлімше командирінің орынбасары; 2013-2014 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында бөлімше командирі; 2014-2015 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары бойынша жетекші маман; 2015-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан филиалында тұмылдырықшы (респираторщик); 2016-2019 жылдары «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары жөніндегі маман; 2019-2021 жылдары «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-де жедел қорғау тобының инспекторы; 2021-2022 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты «Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесі директорының орынбасары; 2022-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы; 2024 жылдан бастап осы кезге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарды. Отбасылы, 2 қыз, 3 ұлы бар.

    Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау