Жуманов Баглан Абдилдаулы

    Руководитель отдела безопасности и охраны труда

    Басқарма басшысы

    Жуманов Баглан Абдилдаулы

    Руководитель отдела безопасности и охраны труда

    Өмірбаян

    Б.Жұманов 1984 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы, 2011 жылы аталған жоғары оқу орнын «Құқықтаны» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласындағы №12 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    2007-2008 жылдары «ТАБ» ЖШС-де автокөлік жүргізушісі;

    2008-2010 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында 1-дәрежелі газдан құтқарушы;

    2010-2011 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары бойынша жетекші маман;

    2011-2013 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында бөлімше командирінің орынбасары;

    2013-2014 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында бөлімше командирі;

    2014-2015 жылдары ҚР ТЖМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Құтқарушы әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары бойынша жетекші маман;

    2015-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан филиалында тұмылдырықшы (респираторщик);

    2016-2019 жылдары «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан филиалында шұғыл алдын-алу жұмыстары жөніндегі маман;

    2019-2021 жылдары «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-де жедел қорғау тобының инспекторы;

    2021-2022 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты «Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесі директорының орынбасары;

    2022-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы;

    2024 жылдан бастап осы кезге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарды.

    Отбасылы, 2 қыз, 3 ұлы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері