Суйеубаев Мурат Колдасулы

    Руководитель отдела трудового законодательства

    Суйеубаев Мурат Колдасулы
    Бөлім басшысы

    Суйеубаев Мурат Колдасулы

    Руководитель отдела трудового законодательства

    Өмірбаян

    М.Сүйеубаев 1985 жылы 24 наурызда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.

    2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында бас маман болып бастаған.

    2007-2016 жылдары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының Жалағаш ауданы бойынша статистик - бас маманы, басқарманың статистик - бас маманы, Қызылорда қаласы бойынша статистик - бас маманы, басқарманың статистик-жетекші маманы, басқарманың Жалағаш ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры, басқарманың Шиелі ауданы бойынша заңдылықты қадағалау жөніндегі статистик-бас маманы;

    2016-2017 жылдары Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры;

    2018-2022 жылдары Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің статистигі, әдіскері, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы;

    2022-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы;

    2024-2025 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы;

    2025 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы;

    2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы.

    Отбасылы, 3 ұл, 2 қызы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері