Ұзақбаев Абзал Жарқынұлы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    А.Ұзақбаев 20 сәуір 1982 жылы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

    2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Еңбек жолын 2004 жылы Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

    2005-2010 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, құжаттама бөлімінің басшысы, 2010-2012 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің басшысы, 2012-2014 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, Қызылорда облыстық білім басқармасында бөлім басшысы, 2014-2016 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратында инспектор, бас инспектор-аудан әкімінің баспасөз хатшысы, 2016-2020 жылдары Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

    2020-2023 жылдары бастап Сырдария ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімдерінің басшысы.

    2023-2024 жылдары Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының статистігі, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарып келді.

    Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.