
Досымов Болат Бекайдарұлы
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Б.Досымов 1966 жылы 2 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Семей финанс-экономикалық техникумын финансист, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие (экономист) мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Дархан гастрономында жұмысшы болып бастаған.1988-1990 жылдары Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде және облыстық қаржы басқармасында салық инспекторы. 1990-2005 жылдары аралығында облыстық салық инспекциясында жауапты қызметтер атқарған. 2005-2007 жылдары Сырдария ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудандық жұмыспен қамту бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007-2013 жылдары аралығында ҚР ЕХӘҚМ Қызылорда облысы бойынша департаментінде бас маман, бөлім басшысы. 2013-2022 жылдар аралығында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы. 2022-2024 жылдары Қызылорда облысының Бақылау жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы. 2024-2025 жылдары Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы. 2025 жылдың 4 тамызынан бастап Департамент басшысының орынбасары.
Отбасылы, 2 қыз, 1 ұлы бар.
