Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы

    Басшы

    Өмірбаян

    Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы 1983 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінде дүниеге келген.

    2005 жылы «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2003 жылы «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Арнайы құқықтық пәндер» кафедрасының лаборанты қызметінен бастаған.

    2006-2007 жылдары «Кызылорда жылу электр орталығының» заңгері;

    2007-2008 жылдары Арал қаласы әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы;

    2008-2013 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;

    2013-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы;

    2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы;

    2016 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;

    2016-2017 жылдары «Арал аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы;

    2017-2018 жылдары «Арал аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ-нің басшысы;

    2018-2022 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып,

    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты атандым;

    2023 жылдың 30 маусымы - 2024 жылдың 4 қарашасы аралығындағы Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан кейін,

    2024 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері