Ақтөбеде ІІО ардагерлері күні қарсаңында спорттық жарыстар өтті

    1 / 2

    Теннис орталығында Ішкі істер органдары ардагерлері күні қарсаңында полиция ардагерлері мен жас сақшылардың қатысуымен спорттық жарыс ұйымдастырылды.
    Қатысушылар үстел теннисінен өзара бақ сынады. Бұл сайыс қатысушылардан ептілік пен төзімділікті ғана емес, сондай-ақ зейін мен логикалық ойлауды, стратегиялық шеберлікті талап етті.
    Аға буын ардагерлер де, жас өрендер де жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара өзара жылы қарым-қатынас пен достық ахуалдағы шай дастарқанымен жалғасты.
    Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ішкі істер органдарының игі дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ қазіргі қызметкерлер мен ардагерлер арасындағы байланысты бекемдеуге ықпал етеді.
    ІІО ардагерлері күні – ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан, кәсіби тәжірибесін жас буынға аманаттаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыс білдіретін ерекше күн.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары