Ақтөбе тұрғыны заңсыз төккен қоқысты өз күшімен жинауға міндеттелді

    Ірі көлемдегі қоқысты белгіленбеген жерге төккен Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды өз күшімен жоюға міндеттелді.
    9 қараша күні полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының сыртында, Ақжар елді мекеніндегі карьер маңында ірі көлемдегі қалдықтардың заңсыз төгілгенін анықтады.
    Тексеру барысында жергілікті тұрғынның ЗИЛ маркілі жүк көлігімен қоқысты қалдықтарды төгуге арналмаған аумаққа түсіргені белгілі болды. Полиция абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ер адам төгілген қоқысты өз күшімен жинап, арнайы полигонға жеткізу міндеттелді.
    Полиция еске салады: тұрмыстық, құрылыс және ірі көлемдегі қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға тыйым салынады. Мұндай қалдықтарды тек арнайы жабдықталған полигондарға апару қажет.
    Тазалық әрқайсымыздан басталады! Бір сәттік қолайлылық үшін қала маңын заңсыз қоқыс алаңына айналдырмайық


    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары