Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастық перспективалары Сианьда талқыланды

    1 / 4

    Сиань, 2026 жылдың 12 қараша - Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығында Шэньси өңірінің билік, сауда-өнеркәсіптік, іскерлік және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына қатысты бірнеше дөңгелек үстел өткізілді.

    Бас консул Жошыхан Қыраубаев өз сөзінде, бұл Жолдаудың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекет құрылымында бұрын-соңды болмаған ауқымды саяси трансформация жағдайында жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекет Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екеніне баса назар аударды.

    Президенттің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында алға қойған міндеттердің өткен жылдардан өзгеше тұстарына тоқталып өтті. Мемлекеттің жақын болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты, Тәуелсіздікті нығайту мен Егемендікті қорғауға бағытталған міндеттерін тізіп айқындайтын, ел бірлігі мен ұлттық бірегей тұтастықты сақтау, экономикалық және әлеуметтік мәселелер, болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білімдарлық, қоршаған ортаны қорғау саясатындағы ауқымды бетбұрыстардың шынайы қолдауға ие болатындығы бірауыздан атап өтілді.

    Жолдаудың негізгі тезистерін талқылау барысында, іскерлік топ «Халықтық құрылыс» бағдарламасына сәйкес Алатау қаласының құрылысына қатысу, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту, жасанды интеллектіні жетілдіру бағдарламасы, Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, сондай-ақ экономиканы жедел цифрландыру, құрылыс материалдарын шығару мәселелеріне қызығушылық танытты.

    Өз кезегінде іскерлік топ өкілдері сөз алып, Қазақстан аумағында іске асырылып жатқан және жоспардағы өз жобаларымен таныстырды. Ұйымдастыру барысында шешімін күткен жағдайлар мен кедергілер, қосымша қолдау қажеттіліктері жайында пікір білдірді.

    Sinopec компаниясының өкілдері Атырау облысында салынып жатқан мұнай өңдеу мен полиэтилен зауыттарының құрылысының межеленген уақытта іске қосылуына күш салатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар, компанияның басқа өңірлерде де қажетті ұсынылған жобаларға қатысып, мемлекет дамуына өз үлесін қосуды мәртебе санайтындығын жасырмады.

    Shaanxi Construction Engineering компаниясының өкілі Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы электр қуатын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасының құрылысы жайында баяндап, Президент Жолдауында атап өтілген негізгі бағыттарға сай келетіндігін және стратегиялық тұрғыдан тікелей үндесетіне мән берді .

    Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция салымдарын еселеу бойынша «Айцзюй» компаниясының өкілі өз жоспарымен бөлісті. Компания Қазақстанда жұмыс істеген 11 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты қолдау көріп келгенін ризашылықпен атап өтті. Жолдауда айтылған инвестициялық саясатты практикалық жақтан жетілдіру қазақстан-қытай ынтымақтастығын агроөнеркәсіптік салада тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін ашатынына сенім білдірді. «Айцзюй» компаниясы Қазақстанға инвестиция салуды жалғастыруға, өңдеу мен логистиканы кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңіраралық нарықта азық-түлік қауіпсіздігін нығайту ниеттерін баяндады.

    «West China Cement» компаниясының басшылығы Ақтөбедегі инвестициялық жобаны Қазақстандағы ұзақ мерзімді дамуының негізі деп бағалады. Жолдауда «Халықтық құрылыс» аясында белгіленген инфрақұрылымдық бағдарлама - құрылыс саласына сұраныстың нақты белгісі. Өндірісті Еуропаға бағытталған транзиттік-логистикалық артериясында орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру және импортты алмастыру сияқты нақты нәтижелер арқылы еліміз үшін маңызды кезеңде белсенділік танытуға дайындығын білдірді. Олардың мүмкіндіктері құрылыс қажеттіліктерімен неғұрлым тиімді ұштастыру жөнінде тиісті мекемелермен диалогты жалғастыруды мүдделі екенін айтты.

    Жастар тәрбиесін жетілдіру мен білім деңгейін көтеруге қатысты Tus-Education Group өкілі Астана және Алматы қалаларында қазақ-қытай бірлескен орта мектеп салу жобасымен таныстырып, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың келешек ұрпақты тәрбиелеу бастамасын қолдау және іске асыру ынтасын білдірді.

    Дөңгелек үстел соңында қытайлық серіктестер Жолдаудың негізгі бағдарлары тараптардың ұзақ мерзімді өзара іс-қимылына негіз болатынын атап өтті. Іс-шарада Президент бастамаларының практикалық іске асуы Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтудің берік негізі болатынына сенім білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасында нақты бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған жұмысты жалғастыруға дайындығын бірауыздан мәлімдеді. Жиын соңында қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауындың мәтіні табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы" жаңалықтары