Бүгін Жезқазған қаласында тұрғындар үшін қуанышты сәттердің бірі – жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Онға жуық тұрғын баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді.
Жаңа пәтерлердің кілттерін қала әкімі Мұрат Бөрібаев салтанатты түрде табыстап, қоныс иелерін өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтады.
Қала басшысы өз сөзінде баспаналы болу – әр отбасы үшін үлкен қуаныш әрі тұрақты, берекелі өмірдің бастауы екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарға жаңа шаңырақтарында бақ-береке, амандық пен мол қуаныш тіледі.
Баспана – жай ғана төрт қабырға емес. Ол – отбасының жылуы, балалардың күлкісі, ертеңге деген сенім мен жаңа үміттің мекені.
Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңырақ шаттыққа толып, жаңа үйлерінің іргесі берік, берекесі мол болсын! Қоныс құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





