ПИК жұмысы бойынша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
ПИК сұрақтары бойынша Сіз "Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ-не жүгіне аласыз. Мекек жайы Ғарышкерлер 39А. Тел: 87012-778060 вн. 222
Жезқазған қаласы әкімдігі қызметкерлерінің анықтамалығы
«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме», қала әкімінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдауды қамтамасыз ететін атқарушы-басқаратын орган болып табылады.
Өз қызметін Конституцияға және Қазқстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мемлекеттік мекеме» туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
АшуПИК жұмысы бойынша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
ПИК сұрақтары бойынша Сіз "Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ-не жүгіне аласыз. Мекек жайы Ғарышкерлер 39А. Тел: 87012-778060 вн. 222
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес, есепте тұрған азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарды, көп балалы отбасыларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілгендер Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй беру бүгінгі күні жергілікті атқарушы орган «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сияқты операторлармен бірге мемлекеттік бағдарламалар негізінде халыққа, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үйді өткізуді қамтамасыз етеді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу ұсынылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мәселесі бойынша толық ақпаратты Сіз «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы А. С. Сағымбаевадан жеке қабылдауда ала аласыз, №416, 418 каб.
ӘАК кім алады?
" Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 2 - бабының 1 - тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға ҚР азаматтары , оралмандар , босқындар , шетелдіктер және ҚР -да тұрақты тұратын , жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтығы жоқ адамдар құқылы . Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2009ж. № 237-б бұйрығымен бекітілген Ереженің (01.01.2020 ж. өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) (бұдан әрі - Ереже) 2-тарауының 4-тармағы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде есепті кезеңде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері, оның ішінде еңбекақы түрінде алынатын табыстар ескеріледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын анықтау кезінде өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық отбасылық табыс есепке алынады. Толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, ал ол болмаған жағдайда белгіленген үлгідегі өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.
Жұмысқа орналасу сұрағы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда, оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде:1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы құжаттардың негізінде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабарлай отырып, өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқытуға жіберу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберу. Сонымен қатар, сіз өзіңіз жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылады (www.enbek.kz), оларды пайдалана отырып, сіз жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие боласыз.
Мен Жезқазғандағы пәтерге кезекте тұрмын.Баланың денсаулығына байланысты Қарағанды облысы Ақтасқа көшті. Мен өз кезегімді сол жерге ауыстыра аламын ба?
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сіз Жезқазған қаласындағы тұрғын үй кезегінен шығып, Қазақстан Республикасының басқа қаласындағы ХҚКО-ға құжаттарды тек тіркелген жері бойынша қайта тапсыруға тура келеді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап беріледі.
Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Аталмыш анықтаманы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» «Жезқазған қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде электрондық түрде көрсетіледі. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: 1.Порталға кіру egov.kz; «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз; 3.Онлайн қызметке тапсырыс беріңіз және өз ЖСН көрсетіңіз; 4.Анықтамаға қол қою және алу, ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойыңыз. Сіздің өтініміңізді өңдеу мәртебесін Сіз Жеке кабинетте қадағалай аласыз.
№ 2 ХАТТАМА Кеңгір ауылы 2025 жылғы 30 маусым Уақыты: сағат 15:00 Жиынды Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова ашып, жүргізді. Қатысқандар: Қорғанбай ауылы жергілікті қоғамдастығының 18 мүшесі, ауыл тұрғындары, «Кеңгір ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары. Кеңгір ауылының әкімі жиын төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиналыс төрағасы болып Д.М. Дыбысованы, хатшы болып С.А. Ермағанбетовты сайлау туралы ұсыныс түсті. – Басқа ұсыныстар бар ма? Басқа ұсыныстар түскен жоқ. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 48 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. Бірауыздан қабылданды. Жиналыс төрағасы – Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Дәмелі Мейіржанқызы Дыбысова жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды. КҮН ТӘРТІБІ: Кеңгір ауылы көшелерінің атауларын қайта атау. Жұмыс регламенті ұсынылды: Күн тәртібіндегі мәселені қарауға – 15 минут. Сөз сөйлеушілерге – 5 минут. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 48 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова жиналғандарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-05 тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктерін (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар және т.б.) қайта атау жөніндегі құжаттар тізбесімен таныстырды. Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауларын қайта атап, оларға тарихи және дәстүрлі атаулар беру. Аталған іс-шараларды өткізу барысында жеке тұлғалардың есімдерін беруге шектеу енгізу. Осыған байланысты Республикалық ономастика комиссиясының тізімі талқыланып, көшеге «Бірлік» атауын беру туралы шешім қабылдау ұсынылды. Басқа ұсыныстар түскен жоқ. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 48 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. ШЕШІМ: Қорғанбай ауылындағы көшеге «Бірлік» атауы берілсін. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Күн тәртібіндегі мәселе қаралды. Жиынды өткізу тәртібіне қатысты ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ. Жиын төрағасы: Д.М. Дыбысова Хатшы: С.А. Ермағанбетов
№ 1 ХАТТАМА Талап ауылы 2026 жылғы 12 қаңтар Өтетін орны: Талап ауылының клубыУақыты: сағат 11:00 Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 5 адам, «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары. КҮН ТӘРТІБІ: Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту; Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған Талап ауылы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінім жобасын талқылау. ТЫҢДАЛДЫ: Жиналысты Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлы ашып, жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиын барысында төрағалыққа Еркен Копеевті, хатшылыққа Гүлжан Жұмағалиевна Сағатованы сайлау туралы ұсыныстар енгізілді. Жиналыс төрағасы Еркен Копеев қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды: Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту; Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған Талап ауылы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінім жобасын талқылау. Күн тәртібін бекіту үшін дауыс берулеріңізді сұраймын: «Қолдағандар» – 5 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. Сөз Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлына берілді: Құрметті жиынға қатысушылар! Назарларыңызға Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту: егер сіздерде қандай да бір мәліметтер болса, хабарлауларыңызды сұраймыз. (Жеке қосымшада ұсынылады). Жиналыс төрағасы Еркен Копеев: Қандай ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз бар? Ұсыныстар мен сұрақтар жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшейік. «Қолдағандар» – 5 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының мүшесі Бейсембаев Мұрат Сиязбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті қоғамдастықтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды (қосымшада). Жиналғандар бірауыздан мақұлдады. «Қолдағандар» – 5 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Талап ауылының 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімімен таныстырды: 2026 жылға арналған Талап ауылының бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты қажетті қаражаттар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамын: 124.001.015 «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» – 38 797,0 мың теңге. Оның ішінде 159-бағдарлама бойынша: 124.008.015 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» – 13 915,0 мың теңге; 124.009.015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – 5 421,0 мың теңге; 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – 44 640,0 мың теңге; 124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – 5 925,00 мың теңге. Жергілікті қоғамдастық мүшесі Асан Мұханов: Сұратылып отырған қаражат тиісті мақсаттарға бағытталған. Сондықтан ұсынысты қолдаймын. «Қолдағандар» – 5 адам.«Қарсы» – 0 адам.«Қалыс қалғандар» – 0 адам. ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ: Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстардың орындалуы бақылауға алынсын. Жергілікті қоғамдастықтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін. Төраға: Е. Копеев Хатшы: Г.Ж. Сағатова
№ 1 ХАТТАМА Кеңгір ауылы жергілікті қоғамдастығы мүшелерінің жиыны Кеңгір ауылы2025 жылғы 30 маусымсағат 11:00 Жиынды Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова ашып, жүргізді. Қатысқандар: Кеңгір ауылы жергілікті қоғамдастығының 24 мүшесі, ауыл тұрғындары, «Кеңгір ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары. Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиын төрағасы болып Д.М. Дыбысованы, хатшысы болып С.А. Ермаганбетовті сайлау туралы ұсыныс түсті. Басқа ұсыныстар бар ма? Басқа ұсыныстар жоқ. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0. Бірауыздан қабылданды. Жиын төрағасы, Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Дамелі Мейіржанқызы Дыбысова қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. КҮН ТӘРТІБІ: Кеңгір ауылы көшелерінің атауларын қайта атау. Жиын жұмысының төмендегідей регламенті ұсынылды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша – 15 минут. Сөз сөйлеушілерге – 5 минут. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0. ТЫҢДАЛДЫ: Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-05 тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктерін (көшелерді, даңғылдарды, шағын аудандарды және т.б.) қайта атауға қажетті құжаттар тізбесімен таныстырды. Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауларын тарихи және дәстүрлі атауларға өзгерту туралы түсіндірме берді. Осы іс-шараларды өткізу барысында тұлғалардың есімдерін беруге шектеу енгізу ұсынылды. Осыған байланысты Республикалық ономастика комиссиясының тізімі талқыланып, үш көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдау ұсынылды: Молодежная көшесі – «Жібек жолы» көшесі. Мира көшесі – «Ұлы Дала» көшесі. Школьная көшесі – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі. Басқа ұсыныстар түскен жоқ. Дауыс берулеріңізді сұраймын. «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0. ШЕШІМ: Кеңгір ауылының төмендегі көшелерінің атаулары қайта аталсын: Молодежная көшесі – Жібек жолы көшесі. Мира көшесі – Ұлы Дала көшесі. Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі. Аталған ұсыныстар көпшілік дауыспен мақұлданды. Күн тәртібіндегі мәселе қаралды. Жиынды өткізу тәртібі бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ. Жиын төрағасы: __________________ Д.М. Дыбысова Хатшы: __________________________ С.А. Ермаганбетов
Малшыбай ауылы 17 қаңтар 2026 ж Малшыбай ауылы клубы сағ: 11-00 Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері 5 адам, «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары. КҮН ТӘРТІБІ: Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту; Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау. ТЫҢДАЛДЫ: Жиналысты Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев ашып, жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиналыс төрағалығына Уәли Таевты, хатшылығына Ардақ Ерғалиұлы Досановты сайлауға ұсыныстар түсті. Жиналыс төрағасы Уәли Таев жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды: Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту; Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау. Күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын: «Қолдағандар» - 5 адам. «Қарсы» - 0 адам. «Қалыс қалғандар» - 0 адам. Сөз Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаевқа берілді: Құрметті, жиынға қатысушылар, Сіздердің назарларыңызға, Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту, алып-қосарларыңыз болса, айтыңыздар. /Қосымшада жеке ұсынылып отыр/ Уәли Таев жиналыс төрағасы, кімде қандай ұсыныс, сұрақтар бар? Ұсыныс, сұрақ жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші сұраққа көшейік. «Қолдағандар» - 5 адам. «Қарсы» - 0 адам. «Қалыс қалғандар» - 0 адам. Екінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі Ержас Әшмұханұлы Мейрамов сөз алып, 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырды. (қосымшада). Жиналғандар бірауыздан мақұлдады. «Қолдағандар» - 15 адам. «Қарсы» - 0 адам. «Қалыс қалғандар» - 0 адам. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев сөз алып, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімімен таныстырды: Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сіздерді осы қажетті қаражаттар туралы ақпаратпен таныстыруға рұқсат етіңіздер: 124.001.015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 38 925,0 мың теңге. Оның ішінде 159 бағдарлама бойынша: 124.008.015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 5522,0 мың тенге. 124.009.015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 3000,0 мың теңге. 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 3000,0 мың теңге. 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - «Малшыбай ауылында 1 га қатты тұрмыстық қалдықтар қоршауын орнату және төрт трансформаторды жерге қосу» - 13244,0 мың теңге. 124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін ұамтамасыз ету» - 4975,0 мың теңге. Мұханбетқали Сейтқазин, жергілікті қоғамдастық мүшесі: Сұратылып отырған қаржылар, керекті жеріне, орынды сұралып отыр. Сондықтан қолдаймын. «Қолдағандар» - 5 адам. «Қарсы» - 0 адам. «Қалыс қалғандар» - 0 адам. ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ: Малшыбай ауылының 2026-2028 жылға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттардағы жұмыстардың орындалысы бақылауға алынсын. 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспары бекітілсін. Төраға: У. Таев Хатшы: А.Е. Досанов