ЖЕЗҚАЗҒАНДА «СӨЗДЕР СЫР ШЕРТЕДІ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

    1 / 3


    «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» жобасы аясында 8–10 сынып оқушылары арасында қалалық зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

    Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шараға 6 команда, 30 оқушы қатысты. Қатысушылар төрт кезеңде білімдерін, тапқырлығы мен шешендік қабілеттерін сынға салды.

    Сайыс қорытындысы бойынша:
    І орын – «Тіл тарландары», №13 мектеп;
    ІІ орын – «Сана серпіні», №22 мектеп;
    ІІІ орын – «ТҰМАР», №26 гимназия.

    Қалған командалар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

    Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттырып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының әкімдігі" жаңалықтары