«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылды.

    1 / 6

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылды.

    Құлан ауылындағы Дендро саябағында өткен сенбілікке құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, әкімдік қызметкерлері және жастар қатысты.

    Шара барысында саябақ аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тал-дарақтар отырғызылды.

    Атқарылған жұмыстар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, туған жерге деген жанашырлықты нығайтудың айқын көрінісі.

    Алдағы уақытта да аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі" жаңалықтары