1 / 6
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 540 млн.теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Шолақ-Қайыңды ауылына газ құбыры мен газ тарту желілерінің құрылысы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.









