Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті.
Күн тәртібінде 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.
Кеңес барысында негізгі көрсеткіштердің орындалу деңгейі сараланып, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары айқындалды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Ернар Серікәліұлы жауапты сала басшыларына индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын және жоспарланған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікті күшейтіп, барлық тапсырмалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









