🔹ЕҢБЕК КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 3

    2026 жылғы 5 қарашада Ақтау қаласында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек кодексі: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті.

    Іс-шара Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымымен ұйымдастырылып, оған «Қызмет» салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ермұқанов Әсет Әбілахатұлы, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнар Надирханқызы және кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

    Семинар барысында еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Әсет Әбілахатұлы еңбек заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып, қатысушыларға жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар еңбек қатынастарында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

    Өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті нығайту және кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

    Семинар өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы ақпараттық алаңға айналды.

    Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары