Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасы туристер көп баратын орындардың біріне айналып келеді. Жыл басынан бері табиғи нысанға 16,6 мың адам келген.
Мамыр айында «Visit Aktobe» ұйымымен бірлесіп «Сарқырама фест» фестивалі өткізілді. Оған 7 мың адам қатысқан.
Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында сарқырамаға баратын 5 шақырымдық автомобиль жолының құрылысы басталды. Сонымен қатар 20 орындық екі қабатты қонақүй салу жоспарланған.
Аталған аумақта экотуризм мен балық шаруашылығын дамыту бағытында «Байқұла» шаруа қожалығымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Унербаев Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









