1 / 2
Тараз қаласында 30 қазан – 6 қараша аралығында бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақтөбе облысының боксшысы Дәулет Төлемісов финалдық кездесуде Түркістан облысының өкілі Сағындық Тоғамбайды жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Осылайша, Дәулет Төлемісов ел біріншілігінде екінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді!
Спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









