Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы іске асыру мен бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса?

    Жауап

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аумақтық бөлімшеге хабарлауға міндетті.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны уақытында төлемесе, қандай жауапкершілікке тартылады?

    Жауап

    Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады, сондай-ақ берешек пен төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді.

    Сұрақ

    Еңбек шарты тоқтатылғанда жұмыс беруші есептесуге қанша уақыт ішінде міндетті?

    Жауап

    Еңбек шарты бұзылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның негізіне қарамастан жұмыс беруші қызметкерге тиесілі барлық төлемдерді төлеуге міндетті. Бұл норма ҚР Еңбек кодексінің 113-бабы "Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері" деп аталады.

    Сұрақ

    Қанша айдан кейін еңбек демалысын алуға болады?

    Жауап

    Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы) Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі бойынша оны ертерек алуға болады.

    Сұрақ

    Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (HR.Enbek.kz) еңбек шартым бұзылмаған, әлі де бұрынғы жұмыс орнымда жұмыскер ретінде тіркеліп тұрмын. Не істеуім керек?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, бұрынғы жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бірыңғай жүйеге (HR.Enbek.kz) бұзу (расторжение) туралы мәліметтерді енгізуге міндетті. Егер бұрынғы жұмыс беруші бұл міндетін орындамаған болса, мына қадамдарды орындаңыз: Бұрынғы жұмыс берушіге (кадр бөліміне) жүгіну: Тікелей бұрынғы жұмыс орныңыздың кадр қызметіне хабарласып, HR.Enbek.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы еңбек шартын бұзу бұйрығының датасы мен нөмірін көрсете отырып, шартты жабуды талап етіңіз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына арыздану: Егер бұрынғы жұмыс беруші (мекеме) жабылып қалса, байланысқа шықпаса немесе шартты жабудан бас тартса, орналасқан аймағыңыз бойынша Еңбек инспекциясы департаментіне жүгінуіңіз қажет. Өтініш беру жолы: Арызды eOtinish сервисі немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн жібере аласыз. Өтінішке жұмыстан босату туралы бұйрықтың (приказ) көшірмесін немесе еңбек кітапшасындағы жазбаны тіркеу қажет. Ескерту: Мемлекеттік еңбек инспекциясы берілген бұйрық негізінде жұмыс берушіге орындалуы міндетті нұсқама береді немесе жүйедегі деректі реттеуге ықпал етеді.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші менімен еңбек шартын жасаспай жатыр. Не істеу керек?

    Жауап

    Жұмыскерді еңбек шартын тиісті түрде рәсімдемей жұмысқа жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу болып табылады. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шартының негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді. Егер жұмыскер жұмыс берушінің білуімен іс жүзінде жұмысқа кіріссе, бірақ еңбек шарты тиісті түрде рәсімделмеген болса, азаматқа жұмыстың іс жүзінде орындалғанын растайтын кез келген дәлелдемелерді жинау және сақтау ұсынылады. Мән-жайларға байланысты мұндай дәлелдерге мыналар жатуы мүмкін: жұмыс берушімен немесе тікелей басшымен жазысқан хаттар; жұмыс топтары мен чаттардағы жазысқан хаттар; басшылардың тапсырмалары мен берген тапсырмалары; кәсіпорын аумағына кіру рұқсатнамасы (пропуск); жұмыс уақытын есепке алу табельдері; ауысымдық немесе вахталық графиктер; банк аударымдары және жалақының төленгені туралы басқа да мәліметтер; жұмыскер қол қойған немесе дайындаған қызметтік құжаттар; фото және видеоматериалдар; еңбек функциясының іс жүзінде орындалғанын растайтын басқа да құжаттар мен мәліметтер. Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда жұмыскер мемлекеттік еңбек инспекциясының тиісті аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы. Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23, 33-баптары.

    Ереже

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығы. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 628 қаулысының 5-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Мыналар бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 13) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 14) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 15) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 16) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 17) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 18) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 19) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 20) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі; 21) осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды; 2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі С. Жақыпова

    Жарияланды: