Сұрақтар мен жауаптар — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса?

    Жауап

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны уақытында төлемесе, қандай жауапкершілікке тартылады?

    Жауап

    Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады, сондай-ақ берешек пен төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді.

    Сұрақ

    Еңбек шарты тоқтатылғанда жұмыс беруші есептесуге қанша уақыт ішінде міндетті?

    Жауап

    Еңбек шарты бұзылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның негізіне қарамастан жұмыс беруші қызметкерге тиесілі барлық төлемдерді төлеуге міндетті. Бұл норма ҚР Еңбек кодексінің 113-бабы "Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері" деп аталады.

    Сұрақ

    Қанша айдан кейін еңбек демалысын алуға болады?

    Жауап

    Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы) Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі...

    Сұрақ

    Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (HR.Enbek.kz) еңбек шартым бұзылмаған, әлі де бұрынғы жұмыс орнымда жұмыскер ретінде тіркеліп тұрмын. Не істеуім керек?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, бұрынғы жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бірыңғай жүйеге (HR.Enbek.kz) бұзу (расторжение) туралы мәліметтерді енгізуге міндетті. Егер бұрынғы жұмыс беруші бұл міндетін орындама...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші менімен еңбек шартын жасаспай жатыр. Не істеу керек?

    Жауап

    Жұмыскерді еңбек шартын тиісті түрде рәсімдемей жұмысқа жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу болып табылады. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шартының негізінде шығарылатын жұмы...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші еңбек шартымды ЕШЕБЖ (HR.Enbek.kz) жүйесіне тіркемеген болса не істеуім керек?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ЕШЕБЖ жүйесіне енгізуге міндетті. Егер шартыңыз жүйеде көрінбесе, алдымен кадр бөліміне жүгінуіңіз керек. Жұмыс беруші бұл міндетті орындамаса,...

    Сұрақ

    Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

    Жауап

    Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Жұмыскерле...

    Сұрақ

    Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    Жауап

    Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он ек...

    Сұрақ

    Сынақ мерзіміндегі жұмыскерді жұмыстан шығару қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 37 бабына сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Егер сынақ мерзімі аяқталса...

    Сұрақ

    Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен айырмашылығы неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке...