Жұмыс беруші еңбек шартымды ЕШЕБЖ (HR.Enbek.kz) жүйесіне тіркемеген болса не істеуім керек?
ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ЕШЕБЖ жүйесіне енгізуге міндетті. Егер шартыңыз жүйеде көрінбесе, алдымен кадр бөліміне жүгінуіңіз керек. Жұмыс беруші бұл міндетті орындамаса, Департаментке eOtinish порталы арқылы шағым түсіре аласыз (бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады).