Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ

    Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    Жауап

    Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

    Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

    Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

    Жауап

    Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Жұмыскерле...

    Сұрақ

    Сынақ мерзіміндегі жұмыскерді жұмыстан шығару қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 37 бабына сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Егер сынақ мерзімі аяқталса...

    Сұрақ

    Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен айырмашылығы неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке...