Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ

    Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

    Жауап

    Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

    Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:

    1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

    2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту;

    3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.

    Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.

    Екінші тарапты қосымша жұмыс тоқтағанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, жұмыскердің – қосымша жұмысты орындаудан бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін жоюға құқығы бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыс уақытының қай кезеңі өткеннен кейін қызметкерге кезекті еңбек демалысы берілуі мүмкін?

    Жауап

    Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он ек...

    Сұрақ

    Сынақ мерзіміндегі жұмыскерді жұмыстан шығару қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 37 бабына сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Егер сынақ мерзімі аяқталса...

    Сұрақ

    Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен айырмашылығы неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке...