
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ұстаздар күніне орай ауданымыздағы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ұстаз – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағының қалыптасуына тікелей үлес қосатын ардақты мамандық иесі. Ұстаздың білімі, кәсіби біліктілігі мен шәкіртке деген жанашырлығы – білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің негізі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!









