Департамент қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындысы

    Департамент қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындысы

    2026 жылдың 9 айында департамент барлығы 27361 мемлекеттік қызмет көрсетті (2025 жылдың 9 айында – 28674), оның ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі – 22901 (2025 жылдың 9 айында – 24 317), МӘС бөлімдері – 4460 (2025 жылдың 9 айында – 4357).

    Барлық мемлекеттік қызметтер мерзімдері бұзылмай көрсетілді.

    Ағымдағы жылдың 9 айындазейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 55 591 электрондық істер макетін қарастырды, оның ішінде жаңа тағайындау – 24 075 (2025 жылдың 9 айында – 24727), қайта есептеу, ұзарту, қайта тағайындау – 21019 (2025 жылдың 9 айында – 22608), бас тарту – 710 (2025 жылдың 9 айында – 1769), төлемдерді тоқтату, тоқтата тұру – 9787 (2025 жылдың 9 айында – 9466).

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді алушылардың жалпы саны 143 мыңнан астам, оның ішінде жасы бойынша зейнетақы алушылар 106 мыңнан астам.

    2026 жылдың 9 айында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектікті белгілеу бойынша 4460 қызмет көрсетті, оның ішінде 2552 немесе 57,2%-ы сырттай проактивті форматта көрсетілді. Абилитациялау және оңалту жеке бағдарламасының 5786 іс-шарасы әзірленді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде 2026 жылдың 9 айында департамент мамандары 22 профилактикалық және 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға 25 нұсқама берілді. Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін 1 заңды тұлға және 2 лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша жалпы сомасы 540,625 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап департамент жаңадан енгізіліп жатқан нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестік декларациясын келісуге қатысады.

    Декларацияны келісуге 17 өтініш түсті: оның ішінде 3-і бас тартылды; 6-ы келісілді; 5-і өтініш берушілер тарапынан қайтарылды, 3 өтініш қаралуда.

    Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап департамент арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға лицензия беру бойынша қызмет көрсетеді.

    Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және облысымыздың 5 мың азаматына көмек көрсететін 24 ұйымға лицензия берілді.

    Сондай-ақ, департамент мамандары зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. 2026 жылдың 9 айында 4054 азамат қабылданды. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша жеке және заңды тұлғалардың 1077 өтініші қаралды.

    «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жұмысшыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім шеңберінде 2026 жылдың 9 айында 4294 сұрау қаралды, оның ішінде 1858 еңбек өтілі туралы формуляр толтырылды (2025 жылдың 9 айында - 3470, оның ішінде 2537 еңбек өтілі туралы формуляр толтырылған).

    https://www.instagram.com/reel/DeMISIGI-Vw/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары