Алкоголь өнімдерін сату саласындағы заң бұзушылықтар, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының айналасындағы тазалық пен абаттандыру мәселелері Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға прокуратура, полиция басқармасы, тиісті бөлімдердің өкілдері мен қала кәсіпкерлері қатысты.
Әсіресе, алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылған кейбір кәсіпкерлердің келесі күні қайта рұқсат алып, саудасын жалғастыру жағдайларына ерекше назар аударылды. Қала әкімі мұндай тәжірибені сынға алып, уәкілетті органдар тарапынан бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарының санитарлық жағдайы, ғимараттардың сыртқы келбеті мен іргелес аумақтардың тазалығы мәселелері көтерілді. Қала басшысы кәсіпкерлердің жауапкершілігі тек сауда-саттықпен шектелмейтінін, өз нысандарының айналасында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету де маңызды екенін ескертті.
Заң талаптарын сақтау және қаланы абаттандыруға үлес қосу – әрбір кәсіпкердің жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







