Атырау қаласында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне арналған республикалық форум өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 160-тан астам адам – жас полицейлер, тәжірибелі тәлімгерлер, «Жас сақшы» сыныптарының білім алушылары мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Басты мақсат – жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту.
Форумға Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің атынан Аққайың ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Алмат Галеев пен осы бөлімнің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Темерлан Ибраев қатысты.
Бағдарлама аясында зияткерлік сайыстар ұйымдастырылып, полиция қызметіндегі әлеуметтік желілердің рөлі талқыланды. Сондай-ақ , қатысушылар кәсіби шеберліктерін сынайтын практикалық тапсырмаларды орындады.
Сынақтардың бірі Макаров тапаншасын бөлшектеу және қайта жинау болды. Бұл тапсырмада полиция капитаны Алмат Галеев үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Ал жас қызметкер Темерлан Ибраевқа кітап сыйға тартылды.
Форум әр буын өкілдерінің өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибесімен бөлісуіне мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер жас полицейлердің тәжірибелі әріптестерінен тәлім алып, қызметтік дәстүрлерді жалғастыруына және таңдаған мамандығын меңгеруіне жол ашады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









