1 / 4
Жас спортшылардың басын қосқан дзюдодан қалалық ашық біріншілік өтті.
Спорттық додаға Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Жезді, Талап елді мекендері мен Ұлытау ауданынан келген жас дзюдошылар қатысты.
Татамиде 2013–2014 және 2016–2017 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен 2014–2016 жылдары туған қыздар өзара сынға түсіп, шеберліктері мен дайындығын көрсетті.
Қалалық спорт бөлімінің жылдық жоспары аясында ұйымдастырылған жарыс жас таланттарды қолдауға, олардың тәжірибесін арттыруға және дзюдо спортын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Тартысты белдесулер қорытындысында үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







