«Диапазон» газетінде кәмелетке толмаған жаста еңбек еткен азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы мақала жарияланды.

    1 / 2

    2026 жылғы 3 қарашада «Диапазон» өңірлік газетінің интернет-порталында «13 жастан бастап жұмыс істедім. Балалар еңбегі үшін зейнетақы қайда?» тақырыбында мақала жарияланды. Мақала Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің бас маманы Сауле Сапарованың қатысуымен әзірленді.

    Мақалада еңбек жолын кәмелетке толмаған жастан бастаған азаматтардың зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін есепке алу мәселесі қарастырылған.

    Жарияланымға 83 жастағы азаматтың өтініші негіз болды. Ол 1956–1961 жылдары, 13 жасынан бастап, Хобда ауданының «Победа» колхозында еңбек еткенін хабарлаған. Колхозшының еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болғанына қарамастан, азамат кәмелетке толмаған жастағы еңбегі үшін зейнетақы төлемдерін қосымша арттыру мүмкіндігіне қызығушылық танытқан.

    Өз түсіндірмесінде Департамент маманы 1956–1961 жылдар аралығындағы еңбек кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде жалпы еңбек өтіліне есепке алынғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында кәмелетке толмаған жаста жұмыс істегені үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жеке тәртіппен арттыру көзделмегенін түсіндірді.

    Мақала халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және зейнетақы заңнамасының талаптарын түсіндіруге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары